Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №6 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №6 мақала қабылдануда·2 орын қалды 2 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

3 мин оқу 700 оқылым

Избагамбетова  Баян

Мақсаты: аквариумдағы  балықтар, ұлулар, өсімдіктер  болатыны  туралы  түсіндіру; балалардың  елестете  білу  қабілетін  дамыту. Тілдерін  дамыту. Саусақтың  ұсақ  бұлшық  еттерінің  қозғалысын  жетілдіру. Табиғатты  аялауға  тәрбиелеу.

         Қолданылатын  көрнекіліктер, қажетті  құрал - жабдықтар:                                              Табиғат  бұрышындағы  аквариум, ойыншық  балықтар  мен  ұлулар, дайындамалар - қызыл  тіктөртбұрыш  және  сары  түсті  шаршылар, қайшы, желім - қарындаш, сулық, үлестірмелі  материалдар.

         Алдын  ала  орындалатын  жұмыс: балықтар  туралы  әңгімелеу.

         Сөздік  жұмыс: ұлу, қабыршақтар.

         Билингвальді  компонент: балық - рыба, су - вода.

         Ғажайып  сәт.

Топқа  алтын  сандықты  көтеріп  әкеледі. ( Сандықтың  ішінде  аквариум, ойыншық  балықтар  мен  ұлулар    бар.)

         Педагог  жұмбақ  жасырады.

Төртбұрышты  шыны  үй,

Терезесі  жоқ, іші  толы  су.

Осы  үйдің  тұрғындары

Шетінен  шебер  жүзгіштер.

         Балалар:  - Аквариум.

Басса  ізі  жоқ,

Жүрсе, жолы  жоқ.

         Балалар: - Ұлу.

         Тәрбиеші: - Бүгін  аквариум  және  оның  тұрғындары  туралы  әңгімелейміз. Қараңдаршы, балалар, бұл - су  асты  әлемі.

- Балалар, аквариумның  түбінде  не  бар?

         Балалар: - Аквариумның  түбінде  құм  мен  тас  бар. Таста  балдыр  өседі.

         Тәрбиеші: - Олар  не  үшін  қажет?

         Балалар: - Сән, көрік  беру  үшін. Олар  балықтарды  оттегімен  қамтамасыз  етеді.

         Сөздік  жұмыс: ұлу, қабыршықтар.

                                        Сергіту  сәті.

Суда  балық  жүзеді,

Суда  өмір  сүреді.

Айнадағы  бейнедей

Қимылдарды  қайтала.

Оңға, солға  бұрылдық,

Алға, артқа  иілдік.

Тіземізді  бүктіріп,

Қолды  создық  тік  тұрып.

         Тәрбиеші: - Ал  енді  балықтарды  талдайық. Қандай  балықтарды  білесіңдер?

- Балалар, аквариумда  бірдей  балықтар  бар  ма? Олардың бір - бірінен  айырмашылықтары  неде?

         Балалар: - Қанаты, құйрығы  әртүрлі  болып  келеді.

         Тәрбиеші: - Барлық  балықтарға  ортақ  не  бар?

         Балалар: - Басы, денесі, құйрығы, қанаты.

         Тәрбиеші: - Балықтарға  суда  жүзуде  не  көмектеседі?

         Балалар: - Балықтардың  қанаты  мен  құйрығы  суда  жүзуге  көмектеседі.

         Тәрбиеші: - Білесіңдер ме,балалар, балықтар  көзін  ашып  ұйықтайды. Өйткені  олардың  қабағы  жоқ.

- Балалар, балыққа  қабыршақ  не  үшін  қажет?

         Балалар: - Қабыршақ  балықтың  денесін  қорғайды.

         Тәрбиеші: - Дұрыс, судың  түбінде  жүзгенде  балық  жаралануы  мүмкін, ол  балықтың  денесін  қорғайды.

         Билингвальді  компонент: балық- рыба, су- вода.

         Ойын: "Балықты  көркемде". Балаларға  балықтар  мен  қабыршықтар  таратылады. Үлестірмелі  материалға  назарларын  аударады, суреттерді  қарауға  ұсынылады.

Педагог  жұмысты  жасау  ретін  түсіндіреді, көрсетеді.

Денелерінің  пішінін  анықтап, педагог  балаларға  сопақ  пішінді  балықтың  денесін, құйрығын, қанатын  қалай  қиятынын  түсіндіреді, қию  үлгісін, оны  құрау  әдісін, жабыстыру  тәсілін  көрсетеді. Тіктөртбұрыштың  шетін  қайырып - дөңгелету, сопақшалар  қию - балықтың  денесі, оларға  кішкентай  үшбұрыштар  қосу - құйрықтарын  жасау.

Қайшымен  жұмыс  істеудегі  техникалық  қауіпсіздікті  еске  түсіреді.

Жұмысқа  кірісуді ұсынады.

Балалармен  жеке  жұмыс  жүргізеді.

- Балалар, сендерге  достарыңның  жұмысы  ұнады  ма? Сендерге  қандай  жұмыстар  ұнады? Несімен  ұнады?

- Арманымызды  орындайтын  алтын  балық  болса, не  болар  еді? Балалар, алтын  балықтан  не  сұрар  едіңдер? Ойланыңдар!

Ойын: "Балық , қайда  тұрасың?"

Балалар  бір - біріне  балықты  шеңбер  бойынша  беріп, кімге " тұрасың" сөзі  түскенде, сол  бала  балықтың  қайда  тұратынын  айтады.(теңізде, өзенде, көлде, мұхитта, аквариумда, т.б).

Балықтарды  күту  ережелерін  еске  түсіреді.

Тәрбиеші:  Балықтардың  үйін  қорғайық, оларды  күтіп - баптайық. Олар  тірі  жан  екенін  ұмытпайық, тамақтандырып, суын  тазалап  отырайық. Сонда  балықтар  бізді  көркімен  қуантады.

         Күтілетін  нәтиже:

         Жасайды: қию  және  жабыстыру  тәсілімен  ұсақ  бөлшектерді  (қабыршақтарды) өзі  қалауы  бойынша  жабыстырады.

         Түсінеді: аквариумда  балықтар, ұлулар, өсімдіктер  болатынын  (балық  жүзеді, ұлу  жорғалайды, балдыр  өседі, балықтар  үшін  қорғаныс  және  азық  болады).

         Қолданады: Табиғат  бұрышында  тұрған  аквариумдағы  балықтарды  күтуде  оқу  іс - әрекеті  барысында  алынған  дағдыларды.

Авторы
Избагамбетова Баян

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 11 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 13 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениет негізі

Аннотация Мақалада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында мектепке дейінгіұйым тәрбиеленушілерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Балалардың табиғатқа жанашырлықпен…

Омарбекова Гульжана Калиевна 7 мин 31 оқылым
Балабақша

Ойынға өрілген ұлттық мұра: мектепке дейінгі балаларға арналған авторлық ойындар.

Аңдатпа Мақалада ұлттық мәдениет мазмұнын мектеп жасына дейінгі балалардың ойын тәжірибесіне енгізуге арналған авторлық дидактикалық ойын нұсқалары ұсынылады. Ою-өрнек, қонақжайлық және киіз үй тақырыптары баланың…

Балтабаева Марфуға Рахматуллаевна 8 мин