Мазмұнға өту

Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары – ғасырлар мұрасы

Анаргул Мухамбетова 3 мин оқу 101 оқылым

Туған халқының тарихын білуі, тарихымызда қандай ұлы адамдардың болғанын білуі ұрпағымыз үшін аса маңызды. Сондай ұлы тұлғаларымыздың бірі Ахмет Байтұрсынұлы туралы сөз қозғамақпын.

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының рухани көсемі, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, ұлы ағартушы педагог, лингвист, қоғам қайраткері.

Ол –  халқы үшін аянбай еңбек еткен, сол жолда өз өмірін сарп еткен аяулы жан. Алаш қозғалысының көсемі ретінде «халық жауы» деп атылған Ахмет Байтұрсынұлының есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Ахметтің ұлтқа қызмет етудегі еңбегін Сәкен Сейфуллин: «Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды... халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге  тікті»,-деп жазған екен. [1]

Ахмет Байтұрсынұлын бізге рухани көсем етіп танытқан оның қазақ халқын басқа мемлекеттермен тең дәрежеде дамыған ел ретінде қатарға қосу үшін жүргізген күресі мен сол күресте ұстанған ағартушылық идеясы болды. Оқу-ағарту идеясы  Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі болды. «Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші»,-деп қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, азаматтық мәдениетке жеткізетін амал-әрекеттің бастысы халықты түгел сауатты етіп, көзін ашу екенін ол сол кезде ерте ұққан еді. Қазағын «маса» болып ызыңдап, надандық ұйқысынан ояту үшін бар ғұмырын сарп етті. [2]

Халық ағарту мектептен, қазақ балаларын оқытудан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларының тек көзі ашылып, сауатты болуын ғана емес, әуелі ана тілінде оқып, содан соң ғана басқа ұлт мәдениетіне ден қоюын талап етті.

Оның қазақ халқының ұлан байтақ жерін, айшықты, әуезді ана тілін сақтап қалу жолындағы ерен еңбегін айтпау мүмкін емес.

Қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықты жасап шығарған да Ахмет Байтұрсынұлы болатын. Оның фонетика, морфология, синткасиске арналған үш бөлімнен тұратын «Тіл-құрал» деп аталатын оқулығы қазақ тілінің тұңғыш оқулығы болды. Бұл оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. Сондай-ақ, тілді оқытуды үйрететін мұғалімдерге арналған «Тіл-жұмсар», «Баяншы» деген еңбектері қазақ тілін үйретудің әдістемесін көрсеткен бірден-бір құрал болды. Ол қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы еді.

Ахметті толғандырған, оның еңбектеріндегі барлық мәселелер қазір де өзектілігін жойған жоқ. Ақынның осыдан 80 жыл бұрын айтқан ойлары қазіргі мәселелермен үндес келеді. Бұл мәселе өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қатысты болған кезде өте өзекті болып отыр. Ахаң секілді халқы үшін еңбек еткен ұлы тұлғаларды ұлықтауымыз керек.

Осы мақсатта бізге, ұстаздарға, жүктелер міндет зор. Соның ең маңыздысы – Ахметтей ұлы тұлғаларды, оның шығармаларын өскелең жас ұрпаққа таныту, ұлығылау, оның жүрген жолынан өнеге алуға үйрету.  Қазағымның даналарын ұлықтау мақсатында мектебімізде оқушыларға арнап қаншама шаралар өткізудеміз. Сондай өнегелі шараларымыздың бірі – қазақтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған  «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында өткізген апталығымыз. Өзім қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі ретінде осы апталықтың оқушыларға берер өнегесі мол болуына, мазмұнды өтуіне ерекше мән бердім. Апталық 5 қыркүйек, яғни, Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде салтанатты жиынмен ашылды. Одан соң    1-11-сынып оқушылары үшін үзіліс уақытында «Тіл жәрмеңкесі» өткізілді.

«Тіл жәрмеңкесінде» оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша дайындалған сұрақтарға жауап берді, мақал-мәтелдердің сыңарын тапты, Ахмет Байтұрсынұлының даналық сөздерінің жалғасын тапты.

7 қыркүйекте ақынның туған күніне орай жалпықазақстандық диктант жүргізілді. Ал 8 қыркүйек күні аудандық кітапханамен бірлескен «Туған тілім» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырдым. Бұл шарада оқушылар ақынның шығармаларын нақышына келтіріп жатқа мәнерлеп оқыды, өлеңдерінің түйінін ашып, идеясына мән берді. 9 қыркүйекте «Ұлтымның ұлы ұстазы» тақырыбында 9-10-сынып оқушылары арасында танымдық сайыс өтті. Сайысқа «Ахмет» тобы мен «Қырық мысал» тобы қатынасып, ақынның тіл білімі саласындағы «Тіл-құрал», «Тіл-жұмсар», «Әдебиет танытқыш» еңбектеріне талдау жасап, пікірлерін ортаға  салды, осы шығармалары бойынша сұрақтарға жауап берді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Анаргул Мухамбетова

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин