Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Академиялық ұтқырлық – тәжірибе алмасудың таптырмас мүмкіндігі

Айсулу Альжанова
1 мин оқу 35 оқылым

Академиялық ұтқырлық туралы көп естіген боларсыз... Бұл – жоғары білім беруді интернационалдандырудың және университеттерді халықаралық білім беру кеңістігіне біріктірудің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып саналатын ұғым. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, іс жүзінде интеллектуалды ілгерілеудің, ғылыми және мәдени әлеуетпен, ресурстармен және оқыту технологияларымен алмасудың күрделі және көп қырлы процесі жүріп жатыр. Академиялық ұтқырлық әр түрлі елдердің үкіметтерінің қолдауымен, сондай-ақ мемлекетаралық, ведомствоаралық және жоғары оқу орындары арасындағы келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Ұтқырлық бағдарламасы әр түрлі көздерден, әдетте әр түрлі университеттер, қорлар, компаниялар және штат үкіметтері бөлетін шәкіртақылар/гранттар түрінде қаржыландырылады. Сондай-ақ, бағдарлама ішінара және/немесе толық өзін-өзі қаржыландыруды қарастыруы мүмкін.

Мүмкіндіктер отаны ҚазҰУ-дың серіктесі, Түркияның Ыстамбұл қаласында орналасқан ең көне және ірі университеттердің бірі – Мармара университетінде жоғарыда айтылған бағдарлама бойынша оқып жатқан студенттердің бірі – мен, Айсулу Альжанова. Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаттарының бірі – әр түрлі елдердің оқу орындарының студенттері мен оқытушыларының ғылыми іс-әрекеттерімен, қолданатын технологиялар мен механизмдерімен алмасу. Бір ай уақыт ішінде байқап отырған барлық ерекшеліктерді синтездей отырып елімізге әкелу парызым деп білемін.

Әрине, еліміздің көптеген жоғары оқу орындары ұсынатын бұл мүмкіндікке ие болу мүмкін емес деп те ойлаған боларсыз. Бірақ, бәрі сіз ойлағандай емес... Бар керегі – ынта мен аз ғана шыдамдылық. Мақсатыңызға жетер жолда қадамыңызды анық басудан жалықпаңыз және ең бастысы қорықпаңыз! Осындай мүмкіндікті ұсынушы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне мың алғыс!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология факультеті,

Түркітану және тіл теориясы кафедрасы,

«Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының

2-курс магистранты Альжанова А.А.

Ғылыми жетекшісі: PhD, доцент м.а. Кузембекова Ж.Ж.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айсулу Альжанова

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым