Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Айналаң толған мамандық, айналаң толған өнеге

Bilimger Media
3 мин оқу 594 оқылым

Түгелбаева

Мақсаты: оқушылардың жеке және кәсіби өзін-өзі тануына көмек жасау,

болашақ  білім алу бейімі мен мамандығын тандауға

оқушылардың бейімділігі, қабілеті мен тандауға ықпал ету.

Көрнекіліктер: слайдтар, үлестірмелі карточкалар, шарлар, А4 қағазы,

музыка

Жоспары:

Сұрақ-жауап.

«Дж. Голланд » тесті.

«Айналаң толған мамандық, айналаң толған өнеге»

«Үйренем десең жалықпа, мамандық сырын анықта»

«Өз мамандығыңды тап» релаксациялық жаттығу.

Барысы:

І.Сұрақ-жауап

Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Бүгін сіздердің назарларыңызға «Айналаң толған мамандық, айналаң толған өнеге » атты тренинг сабағымызды ұсынымын.

Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады. « Мамандық алғың келе ме, мамандық деген не? » деген сұраққа жауап іздеп көрейікші

Сен қандай мамандық иелерін білесің?

Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?

Сен ол мамандық туралы не білесің?

Сенің сол мамандықты таңдауыңа кім әсер етті?

ІІ. «Дж.Голланд » тесті

Мақсаты:  оқушылардың қандай әлеуметтік бағытта

бағытталғандығын зерттеу.

Нұсқау:   Бұл әдістеме оқушылардың жеке тұлғалық әлеуметтік бағытын зерттеуге арналған. Сізге қандай мамандық жарасатынын байқауға болады. Сонымен қатар, бұл әдістеме арқылы өзіңіздің болашақ жоспарыңызды және мінезіңізді байқап, ойлануға мүмкіндік береді. Әрбіреуіңізде жауап бланкілері бар. Әрбір нөмірден сіз бірнеше мамандықтарды көресіз. Осы әрбір екі жауаптың біреуін таңдайсыз.

(Тест қорытындысы талқыланады)

«Әріпті мамандық » ойыны.

Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Соңымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қырсырын айтулары керек.

ІІІ. «Айналаң толған мамандық, айналаң толған өнеге»

Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. Адам өзінің жұмыс орынын ауыстырып, оның 12 пайызы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан, мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жанжақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі тәрбие шарасында шешімін таба аламыз деген сенімдеміз.

Профессия – латын сзінен шыққан, «professio» - анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мемлекеттік жоғары оқу орындары:.........

Жеке меншік оқу орындары..........

Психологиялық сәт: « Психогеометрия»

Оқушылар өздеріне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс.

ІV. «Үйренем десең жалықпа, мамандық сырын анықта»

Ең ақшасы көп мамандық қандай?

Ең жасыл мамандық қандай?

Ең тәтті мамандық қандай?

Ең күлкілі мамандық қандай?

Ең жауапты мамандық қандай?

Ең салмақты мамандық?

Ең қарым-қатынасы күшті мамндық қандай?

  1. «Өз мамандығыңды тап» релаксациялық жаттығу.

Мақсаты: босаңсу, өзіңе деген сенімділікті дамыту.

Мазмұны:  Босаңсып отырып, көзімізді жұмамыз. Үш мәрте терең демаламыз. Енді көз алдарыңызға толған мамандықтарды елестетіңіз. Мамандықтар өте көп, көздің жауын алады. Біреулер үшін ол өте көп мамандықтар, ал біреулер үшін қол жетпейтін арман. Қол созғанда жететіндей біресе алыстап, біресе жақындап көрінуі мүмкін.

Мамандықтарға көңіл қойып қарап, ішінен өзіңізге ұнаған тамаша мамандықты таңдаңыз.

Мүмкін ол сіздің болашақ бақытыңыз шығар, мүмкін ол сіздің үлкен арманыңыз шығар, өзіңізді бақытты сезінген кезіңізді еске түсірген шығар. өз мамандығыңызды жақсылап көріп қараңыз да, оған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізбен ұмтылыңыз! Сіз міндетті түрде өз мамандығыңызға жете аласыз. Оны жақсылап қараңыз, жақынырақ танысыңыз, оның қандай болашағы бар екенін есте сақтаңыз.

Талдау.

«Сиқырлы қарандаш » жаттығуы.

Менің қолымдағы сиқырлы қарандаш кімнің қолына түссе, сол қатысушы бүгін қалай жұмыс істеді, жақсы жақтары және кемшіліктері туралы әңгімелеп беруі тиіс.

Талдау.

Қорытынды.

Ж.Аймауытов « Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе » деген екен.

« Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолыңда, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді» деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бүгінгі тренингімізді аяқтаймын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 55 оқылым