Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ағылшын тілі сабағында интерактивті тақтаны қолдану арқылы өткізу тәсілдері.

Ануарбекова Айжан Абдимажитовна
2 мин оқу 382 оқылым

Қазіргі заман талабы да күннен-күнге жоғары болып келеді. Бүгінгі таңда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев білім жүйесіне көп көңіл бөлуінің арқасында Қазақстанның көптеген мектептері интерактивті тақтаға, мультимедиялық кабинеттерге ие болып отыр. Алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттің қатарына қосылу үшін 3 тілді бірдей менгерген болашақ жастарды тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету шет тілі мамандарының үлкен міндетіне айналып отыр. Бұл біліктілікпен үлкен ізденушілікті талап етеді.
Ізденген жетер мұратқа дегендей, ізденген ұстаз қайтсе де нәтижеге жетуді көздейді. Оқыту жүйесінің жаңа технологиялары мектеп өмірінде кеңінен орын алып келеді. Әр ұстаз өзі таңдаған технология бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеруге бар күш жігерін жұмсайтыны анық.
Шет тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану сабақ оқытудың тиімді, сапалы жолы болып табылуда. Соның ішінде интерактивтік тақтаны - қолдану ұстаздың да, оқушының да жұмысын жеңілдетеді, оқушылардың ынтасын арттырады.
Интерактивті – тақта арқылы оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынасы артады. Көрнекіліктерді, деңгейлі тапсырмаларды, сызбаларды компьютер, интерактивті тақта арқылы қолдану оқушылардың қабылдауын арттырады. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы жаңа сабақтарды қайталауға және қорытынды сабақтарды өткізуге жақсы. Бұл өте тиімді екеніне
- оқушының оқуының білім мен біліктілігін қалыптастырады;
- екеуара сөйлесу немесе өз ойын еркін құрастыра білуге;
- өз бетімен жұмыс жасауға, мәтіндер құрастыруға, фонетикалық, грамматикалық тапсырмаларды орындау, мәтін тыңдау жұмыстарын оқушылар аса қызығушылықпен орындайды.
Оқушыларға өз деңгейлеріне байланысты әр-түрлі деңгейдегі (ауыр, жеңіл) тапсырмаларды беріп, сол уақытта тақта арқылы көрсетіп тұрып орындауға мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың деңгейін анықтап шығармашылыққа баулиды.
Тестік тапсырмаларды өтілген материалдар бойынша беріп отырамын. Ол баланың сабақты қаншалықты түсінгендігін тест арқылы да тақтамен білу арқылы тексеріліп, әр жіберілген қатеге талдау жасауға болады. Бұл уақытты үнемдейді. Уақытты үнемдейтіндігі сол дайын жаңа сөздер, грамматикалық кестелерді қолмен жазып уақыт өткізбейсің дайын материалдарды тірек сызбаларды пайдаланып отырасың. Әсіресе қорытынды сабақтарда көптеген әртүрлі әдіс-тәсілдерді, әртүрлі тапсырмаларды көптеп беруге мүмкіндік бар.
Қорытындылай келе мультимедиялық кабинеттің интерактивті тақтаның ерекше мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып көздеген мақсатқа жетуге болады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ануарбекова Айжан Абдимажитовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым