Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Әди Шәріпов шығармалары – патриотизмнің қайнар көзі

Шиналиев Нұрмахан
2 мин оқу 494 оқылым

Тағылымы мен өнегесі тарих тақтасында өшпестей болып таңбаланған тұлғалардың бірі – Әди Шәріпов. Ол қанында бар қайсар қасиетімен, жақсылыққа жаралған жүрегімен соғыс жылдарында партизан отрядын басқарды. Беларусь жерінде «партизан Саша-қазақ» есімімен аты аңызға айналды. Соғыс біткен соң қаламын қару етіп, майдангер достарымен батпақ кешіп, оқ пен оттың тынысымен тілдескен сәттерді көркем туынды етіп, жарыққа шығарды. Әди Шәріпов қаламынан туған «Партизан қызы», «Тон», «Қапастағы жұлдыздар», «Сахара қызы», «Дос сыры» атты туындылары өмір өткелдерінен елес беретін проза жанрындағы шоқтығы биік шығармалар.
Еңбек жолын мұғалім мамандығымен байланыстырған партизан-жазушы соғыстан кейін Қазақ КСР Оқу министрінің орынбасары, Қазақ КСР Оқу министрі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Сыртқы істер министрі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы және КСРО Жазушылар одағының хатшысы болып қызмет атқарады. Ғылым жолында «Ж.Саиннің өмірі мен творчествосы», «Қазіргі дәуір және қазақ әдебиеті дамуының проблемалары», «Қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық», «Сырбай Мәуленов творчествосы» атты әдеби зерттеу еңбектері жарыққа шығады.
Жазушы Рамазан Тоқтаров өзінің естелігінде: «Әдекең қызыл өрт-майдан өтінде жүрсін, бейбіт тірліктің бүлікшілерімен өліспей беріспейтін жекпе-жек айқасқа да шықсын, соның бәрінде ешқашан өзінің жеке басын қорғап, ұлт тағдыры шешілетін әлеуметтік мәселелерден бір сәтке де тысқары қалып көрген емес. Ол үшін көріп отырсыздар, құрбандықтың қандай түріне болса да ойланбастан бара берген. Әди Шәріпов секілді ұлтының тағдыры мен биік идеал үшін күресе алатын ұл тудырған қазақ халқы ешқашан дағдарысқа ұшырамақ емес» - деп аянбай еткен еткен қайратты тұлғаның ұлт алдындағы қадірі мен қасиетін ерекше атап көрсетеді.
Бірде жазушы Әзілхан Нұршайықов Әди атамызға: «Әр күнді қандай тілекпен бастайсыз?» - деген сұрақ қойыпты. Сонда Әди атамыз: «Әр күнім адамдарға пайда келтірумен өтсе екен деймін» - деп жауап беріпті. Осындай Әди Шәріпов шығармаларын насихаттау және адам бойындағы қарапайымдылық, жақсылық жасау, ізгілік қасиеттерін дәріптеуде Алматы қаласында орналасқан Әди Шәріпов атындағы №16 жалпы білім беретін мектебінің орны ерекше. Мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндер салтанатты түрде ант беріп, «шәріповшілер» қатарына өтуді мектеп ұжымы мен оқушылар әдетке айналдырған. Рухани құндылықтарды бойымызға сіңіру мақсатында «Әди Шәріпов оқулары» және ұлы жеңіске арналған мерекелік іс-шараларда Әди шығармаларынан оқушылар көрініс қойып, ерлік пен батылдық бейнесін көрсетуде ерекше белсенділік танытады. Партизандардың көзсіз ерлігі мен патриотизмнің үлгісі болған Әди Шәріпов шығармалары бүгінгі жастарға патриоттық тәрбие берудің нышанына айналғандай. Ұлттық рух – тебіренген жүректің, алпыс екі тамырдың, бойдағы бардың, кеудедегі ардың жиынтығын құраған алапат күш. Осындай ұлы күш қара домалақтарымыздың қанына сіңген қасиеті болса деймін. Ахметше айтсақ: «Біз тірі болуымыз керек. Тірі болу үшін ірі болуымыз керек». Аталған мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып қызмет етіп, аталған үрдісті жүзеге асыруда тамшыдай үлесімді қосу мен үшін үлкен борыш, зор қуаныш деп білемін. Елім деп еңіреп, артында өшпейтін із бен өлмейтін өнеге қалдырған партизан-жазушының дара тұлғасы ұмытылмақ емес!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Шиналиев Нұрмахан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым