Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

АДАМ ОРГАНИЗМІНЕ ГАЗДАЛҒАН СУСЫНДАРДЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

Абдулрахим
2 мин оқу 32 оқылым

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, философия ғылымының кандидаты

Жанатаев Д.Ж.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты Аблай А.П.

Қазіргі заманда газдалған сусындардың түрлері өте көп. Оларды екі мынадай үлкен топқа біріктіруге болады: минералды сусындар және лимонадтар. «Лимонад» сөзі итальяның, «limonata», лимонды су сөзінен шыққан.Газдалған сусындар 0,3-0,6% көмірқышқылмен концентрацияланған. Көмірқышқылы сусынның рН төмендетуге және кейбір микроорганизмдердің бактериялық күшін жоюға әсер етеді. Газдалған сусындардың биологиялық бағасы оны витаминдегенде артады. Жасанды дәмдеуіш қоспалардың барлығы сусындарға әртүрлі дәм береді.Бірақ олардың құрамында табиғи жемістердің қоспасы жоқ. Ендеше, оларда біздің ағзамызға пайдалы да ештеме жоқ деген сөз. Газдалған сусындар да ароматты дәм болуы үшін оған арнайы дәмдеуіштер, бояғыш заттар және сақталу мерзімін ұзарту үшін консерванттар қосады.Газдалған сусындардың негізгі құрамы – қант. Ол барлық сусындарда болады, 3,5- тен 6 қасық қантқа дейін әрбір стаканда кездеседі. Газдалған сусындарды үнемі және жиі қолданудың ең ауыр салдары-ас қорыту аурулары; семіздік, қант диабеті және кариес; зәр қышқылы диатезі және аллергияға әкеліп соғады.

Кез-келген гастрит, гастродуоденитпен ауыратын, қант диабеті немесе зәр шығару жүйесіндегі ауруларға бейім мектеп жасына дейінгі балалар үшін газдалған сусындарды қолдануға мүлдем болмайды. Жұмыстың мақсаты газдалған сусындардың құрамын және олардың адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу. Зерттеу объектісі – әр түрлі өндірушілердің "Лимонад" сериясының газдалған сулары. Зерттеу міндеті – интернеттегі және танымал ғылыми әдебиеттердегі газдалған сусындардың құрамы мен қасиеттері туралы ақпаратты зерттеу,газдалған сусындардың құрамын этикеткаға сәйкесігін зерттеу, олардағы зиянды заттардың болуын эмпирикалық жолмен анықтау. Зерттеу әдістері – газдалған сусындардың химиялық құрамын және олардың әсерін анықтау. Зерттеу барысында газдалған сусындардың құрамы мен кейбір қасиеттерін зерттеп, социологиялық сауалнаманың нәтижелерін талданды.Зерттеу жұмысының нәтижесінде жүргізілген химиялық талдаулар сусындардың құрамында көмірқышқыл газы көп екендігі байқалды.Барлық зерттелген сусындардың ерітінділердің қышқылдығы жоғары,барлық зерттелген сусындарда жасанды бояғыштар (әсіресе «Dizzy» лимонады) және хош иістер бар екендігі анықталды. Зерттелген сусындардың құрамында қышқылдар тіс эмальына және дененің сүйек жүйесіне деструктивті әсер етуі мүмкін. Зиянды қоспалардың құрамына байланысты өндірушілер ұсынатын сусындар ауыр аурулардың себебі болуы мүмкін.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Абдулрахим

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

DANIO RERIO-ДА ЙОД НЕГІЗІНДЕГІ ЫҚТИМАЛ ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ АГЕНТТЕРДІ ЗЕРТТЕУДЕГІ МИКРОЯДРОЛЫҚ ТЕСТ

Зерттеуде йод аддуктылары бар Chlorella vulgaris сығындысының Danio rerio балықтарына жедел және субхроникалық әсері, уыттылығы мен эритроциттердегі ядролық ауытқулары қарастырылады.

Абдулрахим 2 мин 21 оқылым
Жалпы рубрика

ПЕСТИЦИДТЕРДІ ЫДЫРАТУҒА ҚАБІЛЕТТІ МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ НЕГІЗІНДЕ КОНСОРЦИУМ ҚҰРАСТЫРУ

Талғар ауданындағы хлорорганикалық пестицидтермен ластанған топырақтан бөлінген микроорганизмдер негізінде консорциум құрастырылып, оның ДДТ мен γ-ГХЦГ ортасындағы өсу белсенділігі зерттелген.

Абдулрахим 2 мин 31 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 43 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 158 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым