Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Абайдың педагогикалық-ағартушылық көзқарастары

Bilimger Media
2 мин оқу 43 оқылым

Абай педагогикасын рухани әлем мен көңілдің ілімі немесе жүректің салтанаты деп қабылдайтын болсақ, оның негізгі бағыты кемел адам тәрбиелеу. Кемел адам, Абайша айтқанда, толық адам – кісілікке жат қылықтардан әбден арылып тазарған, ішкі жан-дүниесі ағарып, рухани артқан, мүлтіксіздіктің қалыбы мен жаратылыс негізіне мейлінше жақындаған асыл адам. Кемел адам – адасқандар үшін темірқазықтай жол көрсетуші, жолда қалғандар үшін – көпір, үміті үзілгендер үшін – ашылар есік.Осы баулу мектептерінен өткен, адамшылықтың асыл қасиеттерін бойына сіңірген, өнер,білім-ғылымға,көргенділікке қол жеткізген қоғамда өз орнын таба білу (өміртану) ғылымын игеруші жанды атамыз толық адам деген. Олай болса Дана Абай педагогикасы – заманауи толық адам қалыптастыру ісінде тұғыр боларлық, Қазақстан білім жүйесінде, жастарға тәлім-тәрбие беруге ғылыми негіз боларлық ұлтанды ілім болып табылады. Абайдың өз шығармаларындағы негізгі ұстанған этикалық қағидасы – бұл «Адам бол!» деген үндеуі – ол ақынның шығармашылығының өзегіне айналды. Абай үндеуінің этикалық мәні адамның өмірдегі міндеті мен ролін жоғары бағалау. Адам – ақын көзқарасында, ақыл-ойдың, адамшылықтың, еңбексүйгіштіктің және білімділіктің, достық пен махаббаттың түгелдей көрініс табуы, жинақталуы. Ай мен Күн – аспан әлемінің әшекейі, орман мен жемістер – таудың әшекейі, ал жердің сәні – адам. Абай үлкен мақтанышпен: «Адам деген даңқым бар!» - деп жар салады. Абай дүниетанымы мен философиясындағы даналықтың қыр-сырын бүге-шүгесіне дейін ашып көрсете білген профессор Т.Х.Рысқалиевтің пікірінше: «Абай даналыққа, даналықты білдіретін сөзге, іске, мінез-құлыққа ерекше мән берді; ол даналықты танып, ажырата білді, жүзеге асыра білді. Даналық Абай ілімінде теориялық концепция болып қалған жоқ, өмір сүру тәсіліне айналды». «...Абайдың түсінігі таң қалдырады. Оған дейінгі, одан кейінгі қазақ ойшылдары мен ғалымдарында кездеспейтін түсінік. Өткенді де, қазіргіні де, болашақты да қамти алған түсінік. Оқумен, тоқумен, тәжірибемен, ойланумен, толғанумен, терең бойлаумен келген түсінік. Адамды өсіретін, сонымен бірге кімнің кім екенін, ненің не екенін таразыға салып өлшеп беретін түсінік».

Сондықтан, Абай педагогикасы да таңқаларлық терең әлем!

Маратова Раушан Серікқызы
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 4-курс студенті

Соңғы жаңарту: 26 қараша 2025, 12:59

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 147 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым