ИНФОРМАТИКА ПӘНІ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН КІРІКТІРІП ОҚЫТУ

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті — өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу. Осы орайда «Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл!» деген аталы сөзді негізге алып, қазіргі таңда басты мәселеге айналған үш тілділікті де өз тәжірибемізде қолдану, бала болашағына жақсы жол салары сөзсіз.
Үштілділікті оқыту барысында мнемотехникалық әдісі балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы. Сонымен қатар дыбыстық және көру қабілеттері де дамиды. Есте сақтаумен жұмыс әдістерін қалыптастырады. Сөйлейтін суреттер, сипаттау сызбалары қызығушылық тудырады және проблеманы шешуге көмектеседі. Мнемотехникалық әдістің міндеті: шет тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын жаттықтыруы, сөз қорының байытуы, белсенуі мен бекітуі, сөйлеудің грамматикалық дұрыстығын жүзеге асыруы және тілдің дамуы. Заман талабына сай мнемотехникада ақпараттық технологияны тәжірибеге енгізу негізінде «бейнекөрсетілім» әдісі, интерактивті – мультимедиялық әдістерді қолданудың пайдасы зор. Интерактивтік жаттығулар-балаларға жаттағуларды дұрыс жасауға және өзін-өзі тексеруге қажетті құрал.
Үштілді меңгерту барысында сөздік жұмыстың алар орнны ерекше.
Сөздік жұмысы –тіл дамытудың іргетасы, баланың жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор. Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға көмектеседі.
«Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламаны жүзеге асыру бойынша информатика және тілді кіріктіріп оқыту бойынша оқу- әдістемелік құрал әзірлеу болып саналады.
Кіріктіре оқыту — оқытудың қазіргі кезеңдегі ең көп қолданылатын үрдістерінің бірі. Ол пәндер арасындағы заңды байланыстылықты реттейді, оқушылардың алған білімдерінің бір-бірімен сабақтастығын бір жүйеге келтіреді. Кіріктіре оқытуоқущылардың меңгерген білімін кешенді түрде пайдалана білуге жол ашады.
Кіріктіре оқыту арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығымен қатар мазмұндық, іс-әрекеттік, ұйымдастырушылық – әдістемелік, практикалық өндірістік т.б. қызметтерде жан – жақты белсенділік көрсетуі күшейеді. Кіріктіре оқыту ең алдымен оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырудың себебіне айналады. Оқушылардың іс — әрекетке танымдық, кәсіптік дербестігін пәнаралық байланыстар негізінде дамыту жеке тұлғаның дүниетанымдық, құндылық бағдарын қалыптастырумен өзара тығыз байланыста өтеді.
Кіріктіре оқытудың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі кіріктіре оқыту бойынша білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, кіріктіре оқыту арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі- түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, кіріктіре оқыту арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметі мен оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.
Оқытуда кіріктіре оқыту мәселесін жүзеге асыру арқылы білім беру үрдісінің пәндік құрылымына сүйене отырып, оқушы санасында қоршаған ортадағы нақты құбылыстар жөнінде білім жүйелерін беру, олардың дүниенің біртұтастығы туралы ұғымын қалыптастыру мақсаттары жүзеге асады.
Оқушыларды кіріктіре оқыту негізінде оқытудың алғашқы кезеңдерінде түсіндірмелі- иллюстрациялы әдіс жиі қолданылады. Оның себебі, оқытушы пәнаралық мазмұндағы материалды түсіндіре отырып, білім алушылардың жұмыс түрлерін жүргізе білу дайындығын күшейту. Осы арқылы біртіндеп оқушыларда пәнаралық мазмұндағы материалмен жұмыс істеу білігі қалыптасады. Осыдан кейін барып, репродуктивті және ішінара ізденіс әдістерін қолданып және шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту мүмкіндігі туады.
Кіріктіре оқыту арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығымен қатар мазмұндық, іс-әрекеттік, ұйымдастырушылық – әдістемелік, практикалық өндірістік т.б. қызметтерде жан – жақты белсенділік көрсетуі күшейеді. Кіріктіре оқыту ең алдымен оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырудың себебіне айналады. Оқушылардың іс — әрекетке танымдық, кәсіптік дербестігін пәнаралық байланыстар негізінде дамыту жеке тұлғаның дүниетанымдық, құндылық бағдарын қалыптастырумен өзара тығыз байланыста өтеді.
Мектепте информатика пәнін оқытудың негізгі міндеті – ақпараттарды түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің информациялық бейнесін жасауға өз үлестерін қосатын деңгейге жету үшін мектепте информатика пәнін түрлендіріп қызықты оқу тәсілдерін қолдану қажет.
Мен сіздерге информатика пәнін оқыту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру барысында ағылшын тілін кіріктіріп өткізуге дидактикалық материалдар үлгісін ұсынып отырмын. Осы мақсатта 5 сыныптарда кіріктіріп оқытуды ұйымдастыру жолдарына тоқтала кетейін.

1.2 Пайдалы етістіктер

А. Сәйкестендірініз

1. recharge a.digital photos
2. click on b. faxes
3. dial c. a number on your mobile phone
4. give d. a presentation
5. move e. something with the mouse
6. print out f. the battery
7. send and receive g. the mouse
8. take some h. twenty pages

В. Дұрыс етістікті қойыңыз.
9. To turn on the computer, __________ the «Start» button.
a. touch b. press c. switch
10. The printer has __________ of ink.
a. finished b. ended c. run out
11. Unfortunately, my scanner isn’t __________ at the moment.
a. working b. going c. doing
12. Please __________ the CD ROM.
a. insert b. introduce c. inject
13. The projector isn’t working because it isn’t __________.
a. plugged b. plugged in c. plugged into
14. The batteries in my digital camera are nearly dead. They need __________.
a. to change b. exchanging c. changing
15. I have to __________ a computer screen for eight hours a day.
a. see b. look at c. watch
16. Switch off your computer, and __________ it from the wall socket.
a. de-plug b. unplug c. non-plug
17. I turned off the photocopier and ___________ the plug.
a. pulled out b. extracted c. took away
18. __________ any key to continue.
a. Kick b. Smash c. Hit

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *