Қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру платформаларын тиімді пайдалану арқылы табысқа жеті жолы

Елімізде қоғамның барлық салалардағы болып жатқан жаһандық және қарқынды өзгерістер, қазіргі тарихи кезеңдегі білімнің ерекшелігін анықтады. Қазіргі өзгермелі қоғамның дамуында білім беру жүйесінің негізгі міндеті — жоғары әлеуеті бар шығармашыл ойлайтын,  заман талабына сай өмір сүруге бейім  тұлғаны тәрбиелеу және білім беру болып табылады.

Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Қай ел болсын, өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік орнын алуы сол мемлекеттің біліміне, білім сапасына байланысты.  Кез келген елдің басты капиталы ол — үздік технология және қазіргі заманға сай білімді адамдар, инновациялық жаңалықтарға ашық, өзін-өзі дамыта алатын және шығармашылықты жүзеге асыра алатын тұлғалар.

Осыған орай тұңғыш Президентіміз, Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында бірінші міндет ретінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі факторы ретінде білімділік деңгейін жоғарылату ұсынылады. Жиырма бірінші ғасырдың маңызды міндеттерінің бірі — өмір сүру сапасын жоғарылату, оның ішінде тұлғаның даму шарттарын анықтайтын білім беру сапасын жақсарту болып табылады.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты білім беру саласында үлкен өзгерістер орын алғаны баршаға белгілі. Осыған орай, дәстүрлі білім беру жүйесінен  жаңа форматта жұмыс жасауға көшу қажеттілігі туындады. Барша ұстаздар қауымының алдына жаңа мақсат-міндеттер қойылды. Ол әлбетте, қашықтықтан оқыту.

Қашықтықтан оқытудың бірнеше артықшылығын тізбектеп айтып өтуге болады.

Артықшылығы:

1.Кез-келген уақытта білім алу мүмкіндігі.

  1. Өз қалауыңыз бойынша білім алу мүмкіндігі

Білім алушыларға қатарластарымнан артта қаламын деп қобалжудың қажеті жоқ. Ол әрқашан күрделі мәселелерді зерттеуге қайта орала алады, бірнеше рет видео дәрістерді көре алады, мұғаліммен хат алмасып және оны қайта оқи алады.

  1. Кез-келген жерде білім алу мүмкіндігі

Оқуды бастау үшін білім алушыда интернетке қосылған компьютер немесе смартфон болуы керек. Сонда ол кез-келген жерде сабаққа қатысып, жұмыс жасай алады.

  1. Негізгі жұмысыңызға кедергісіз оқу

Оқушы  қашықтықтан білім  ала отырып, сонымен қатар бірнеше курста, қосымша білім беру орталықтарында білім алу үшін уақыттың тапшылығын сезінбейді.

  1. Оқудың жоғары нәтижелері

Американдық ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, қашықтықтан оқыту нәтижелері дәстүрлі білім беру нәтижелерінен кем түспейді, тіпті, одан да жоғары. Қашықтықтан білім алушы оқу материалдарының көпшілігін өз бетінше оқиды. Бұл тақырыптарды есте сақтау мен түсінуді жақсартады.

  1. Мобильділік

Мұғалімдермен, репетиторлармен байланыс әр түрлі жолдармен жүзеге асырылады: on-line және off-line. Электрондық пошта арқылы мұғаліммен кеңесу кейде жеке немесе сырттай кездесуден гөрі тиімді және жылдамырақ болады.

Қандай жағдайдың болмасын  артықшылықтарымен қатар оның өзіндік кемшіліктері де бар.

Кемшіліктері:

  1. Жаңа форматқа көшудегі қиындықтар, бейвербалды жағдайда әңгімелесушіні түсінудегі жайсыздық.
  2. Компьютерлік сауаттылықтың жеткіліксіздігі

Негізінен, бұл жағдай мұғалімдер қауымының аға буыны қашықтан оқыту технологиясын меңгеруде қиындықтар туындады.

  1. Күшті мотивация қажет.

Қашықтан білім алатын оқушы барлық оқу материалдарын дербес оқиды. Бұл ерік-жігер, жауапкершілік пен ұстамдылықты талап етеді. Сыртқы бақылаусыз оқудың қарқыны төмендейді.

  1. Қашықтықтан білім беру коммуникативтік икемділікті дамыту үшін қолайсыз.

Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың  бір-бірімен және оқытушылармен жеке байланысы аз болады. Сондықтан оқытудың бұл формасы сыпайылықты, сенімділікті, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға жарамайды.

Қашықтан білім беру технологияларын пайдалану үшін әрбір білім алушы мен педагог қызметкерге ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарына еркін қол жеткізуді ұсыну қажет. Педагог қызметкер мен білім алушының жұмыс орны дербес компьютермен және компьютерлік веб-камерамен, микрофонмен, аудиоколонкалармен және құлаққаптармен жабдықталуы тиіс. Қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқыту компьютерлік жабдыққа жоғары талаптар қоймайды, алайда қажетті ең төменгі шарт интернет-браузердің және интернет желісіне қосылудың болуы болып табылады.

Компьютерлік телекоммуникациялар көмегімен жүзеге асырылатын қашықтан оқытуды мынадай нысандар бойынша ұйымдастыруға болады: чат сабақтар мен чат технологияларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын оқу сабақтары. Чат сабақтары синхронды түрде өткізіледі, яғни барлық қатысушылар бір уақытта чатқа қол жеткізе алады. Веб-сабақтар — қашықтан өткізілетін сабақтар, конференциялар, вебинарлар, іскерлік ойындар, практикумдар және телекоммуникация құралдары мен басқа да мүмкіндіктердің көмегімен өткізілетін оқу сабақтарының басқа да нысандары.

Виртуалды сабақтарды өткізу формалары әртүрлі, олар:

  • нақты уақыт режимінде  бейне элементтерімен, аудио элементтерімен;
  • ресурстарды зерттеу яғни, интернет-ресурстар, электрондық тасымалдағыштарда мәтіндер, иллюстрацияларды қосумен, бейнені қосумен, аудионы қосумен, анимацияны қосумен;
  • сценарий бойынша өзіндік жұмыс. Яғни, іздену, зерттеу, шығармашылық;
  • чаттағы конференция, форумдағы конференция; ұжымдық жобалау жұмысы; жеке жобалау жұмысы; жаттығулар;
  • арнайы оқыту жүйелерін пайдалана отырып тренинг; бақылау жұмысы тестілеу, бақылау сұрақтарына жауаптар; консультация.

Қашықтықтан оқыту стратегиясының негізгі мақсаты-оқушыларға түрлі мүмкіндіктер беру және заманауи педагогикалық технологияларды іске асыру.

Оқытуды кешенді іске асыруда Zoom, Skype, Microsoft Teams, Google Classroom әлеуметтік желілер және мессенджерлер сияқты интернет-коммуникация сервистерін тиімді пайдалану және білім берудің онлайн платформаларын дұрыс таңдау жасағанда толық жүзеге асырылады. Қашықтан оқытуды табысты жүзеге асыру виртуалды орта ерекшелігін ескеруден, ақпаратты тиімді ұйымдастырудан басталады. Бүгінгі күні педагог әртүрлі білім беру платформаларынан материалдарды таңдайды, тапсырмаларды, сандық ортадағы және әртүрлі сандық құралдармен оқушылардың жеке жұмысын, онлайн сабақтағы әртүрлі «бөлмелердегі» оқушылардың топтық жұмысын жобалайды.

Қашықтық оқытудың педагогикалық технологияларындағы басты мәселе – ойды, ақпаратты, білімді визуализациялау, педагогикалық қарым-қатынастың жаңа тәсілдерін құру, оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың дәстүрлі формаларын түзету болып табылады. Заманауи ғасырдың өскелең ұрпағы ақпараттық технологиялардың қыр-сырын жетік меңгеруде, сандық технология жұмыстарын жетілдіруде, әлемдік ақпарат кеңістігінде ақпараттық білімдерін шыңдауда бұл жүйенің маңызды рөл атқаратыны белгілі. Қашықтан оқыту бірлескен жұмыс нәтижесінде оң нәтижелерін беретіні айқын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *