Педагогикалық басқару жүйелерінің негізі және мектепішілік бақылау
Жалпы басқару, ол айқындалған ақпаратқа негізделе отырып, талдау жасау, бақылау, нысананы мақсатқа жетуі үшін реттеу жəне дұрыс шешім қабылдау. Басқару нысаны болып техникалық, биологиялық, əлеуметтік жүйелер табылуы мүмкін. Əлеуметтік жүйенің ең кең тараған түрлерінің бірі білім жүйесі жəне өзіне тəн елдің, мекеннің, облыстығы, қаланың жəне ауданның барлық жүйелерін қамтиды. Жалпы мектептік білім бұл динамикалық əлеуметтік жүйе сияқты мектепішілік басқарудың нысаны болып табылады. Осыған байланысты мектепті басқару жəне олардың компоненттерін, бөліктерін жəне басқа да қатысушы жүйелерін жалпымектептік білім жүйесі деп қарастырсақ болады.
Бұл жүйеге жалпы педагогикалық процесс, сынып оқыту жүйесі, мектеп жұмысын тəрбиелеу жүйесі, қатысушының эстетикалық тəрбие жүйесі кіреді. Жалпы мектепті басқаруды бөлшектеп қарастыру мектепішілік басқарудың мазмұнын көрсетеді. Мектепішілік басқару өз алдына мақсатқа жету, педагогикалық жүйені жалпылама танып білу, нысана заңдылықтарын қарастыру арқылы барынша оңтайлы шешім қабылдау болып табылады. Педагогикалық процесс қатысушыларының жүйесі тізбе сияқты бірінен кейін бірі келесі функцияларды атқарады: педагогикалық талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу.
Мектепішілік басқаруды дəстүрлі жүйеде түсіндіретін болсақ, ол субъектінің белгіленген нысанаға басқарушылық жүргізуі; сапаны жақсарту мақсатында басқарушылық жүйенің тигізетін əсері, педагогикалық еңбекке байланысты ғылыми элементтерді енгізу болып табылады.
Қазіргі кезде басқаруда ұжымдағы қызметкерлердің тəжірибесіне сүйенген жөн, яғни шешім қабылдағанда оны талдау, олардың көзқарасын тыңдау арқылы ортақ шешім қабылдаған жөн. Педагогикалық жүйеде жекешелік педагогика жəне психологиялық білімнің тереңдігіне, ұстаздың, қатысушының, ата-аналардың жеке психологиялық ерекшеліктерінің есебіне негізделген. Басқарудағы бірігушілік жəне ұжымдық, ол қарама-қарсы тұлғаның бірлік танытуын көрсетеді. Бірігушілікте шешімдер тез қабылданатын болса, ал ұжымдылық өз «жайлылығымен» ерекшеленеді.
Педагогикалық жүйені басқарудың тиімділігі көбіне анық жəне қажет ақпаратқа байланысты болады. Ақпараттың толық жəне жан-жақты болуы үшін, оған тексеру жүргізіліп, талдау жасалуы қажет.
Педагогикалық жүйеде ақпараттың жетіспеушілігі көбіне тəрбиелеу саласында қатты байқалады. Оқу-тəрбие процесінде біз көбіне қатысушының үлгерімі, білім сапасы туралы ақпаратты көбірек аламыз, ал оның жеке басы, мінез- құлқы, қасиеттері туралы ақпараттар аз болып келеді.
Мектепішілік ақпаратпен жұмыспен тұлғаға осы ақпаратты қалай жинауды, сақтауды, қолдануды білу керек. Мектеп басшысы өз қызметінде тексеруді, сауалнаманы жиі ұйымдастыруы тиіс. Қазіргі кезде компьютердің жəне техникалық құралдардың енуіне байланысты ақпараттың жиналуы жəне оның реттелуі барынша азайды. Мектеп басшылығы өз қызметінде техникалық мектепішілік ақпаратты енгізуге жəне оның басшылық қызметкерінің ұстаздардың қолдануына мүмкіндік жасауы тиіс. Педагогикалық жүйеде ақпарат қажет, бірақ ең маңыздысы басқарушылық ақпарат, ол басқару жүйесіне байланысты тиімді ақпарат алуға көмектеседі.
Педагогикалық жүйе өз бетімен дамып, басқарылады жəне бірнеше компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару ол, біріншіден, оның толықтылығын сақтайды. Екіншіден, басқа жеке компоненттерге əсер етеді жəне өзгеруіне ықпалын тигізеді.
Педагогикалық жүйенің реттелуі осылайша жалпыламалық қажеттілігін қанағаттандыру үшін, көздеген мақсатқа дəл көрсетілген уақытында жетуі тиіс. Осы мақсат педагогикалық жүйенің мазмұнын ашады. Басқа жүйе сияқты педагогикалық жүйеде жеткен жетістіктеріне байланысты мазмұндалады. Мектепті педагогикалық жүйенің басқару нысаны ретінде қарастыру басқару қызметінің ұстаздарға, қызметкерлерге, оқушыларға көзделген мақсатқа жету үшін түрлі əдіс-тəсілдердің қолданылатындығын білдіреді. Мұндай жағдайда педагогикалық жүйе өз көздеген мақсатына жетеді жəне компоненттерімен жаңарып отырады.
Педагогикалық жүйеде ең маңызды жүйе қалыптастырушы фактор болып ұстаз бен қатысушылардың, баланың жеке басының өсуіне, өзін-өзі тануы мен дамуына негізделген. Мектеп мақсаты — бастамалық тəрбиенің негізін қалыптастыру, яғни ол өз ішіне интеллектуалды, эстетикалық, еңбектік, экологиялық, құқықтық жəне басқа да тəрбиені кірістіреді. Басқарудың ең тиімді түрі болып мектеп басшыларының, ұстаздардың, оқушылардың ортақ мақсатқа жетуі үшін өз ойларын қосып жəне оның жүзеге асуына ықпал жасау табылады.
Педагогикалық жүйенің əлеуметтік-педагогикалық жағдайды қалыптастырылуы, ол тұрақты жағдай, оның анықталуы жəне дамуы мектепті басқаруды кем дегенде екі бөлімге бөлу керек: жалпы жəне жеке. Жалпы жағдайға əлеуметтік, экологиялық, тəрбиелік, ұлттық, географиялық жағдайлар жатады. Ал, жеке жағдайға əлеуметтік географиялық қатысушылардың құрамының ерекшелігі, мектептің орналасқан жері (қалалық не ауылдық) мектептің материалдық жағдайы, қоршаған ортаны қорғау бойынша тəрбие жұмыстары жатады. Педагогикалық жүйенің тиімді жүргізіліп жатқанын ұстаз бен оқушылардың қарым-қатынасы, ата-аналардың педагогиканы білу деңгейі арқылы білуге болады.
Басқару жүйесінде басты орын оқушылар ұжымына тиесілі жəне осыған байланысты екі көлденең басқару сатысын көрсетуге болады: жалпы мектептік ұжым жəне сынып ұжымы. Ал, тігінен басқару түріне жалпылама ұйымдар, спорт секциялары, үйірмелер, жəне т.б. жатады. Педагогикалық қызметтерді шешуге бағытталған тəсілдер əдіс болып табылады. Олардың тиімділігі жоғарыда атап өткендей, ұстаз бен оқушылардың қарым-қатынасына байланысты. Сондықтан үйрету, бақылау, жаттықтыру сияқты тəсілдерден басқа, ұстаз ақпаратты жинау, сақтау жəне реттеу сияқты тəсілдерді білуі тиіс. Басқаша айтқанда, əрбір басшылықтардың назарында болуы тиіс. Аталған компоненттер өзінен-өзі пайда болмайды, олар ұстаз қызметтерінен қалыптасып, содан кейін педагогикалық жүйенің қалыптастырушы компоненттері бола алады.
Қалыптастырушы компонент болып педагогикалық талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау сияқты педагогикалық жүйенің қозғалысын, өзгерісін көрсететін қызметтер жатады. Мектепішілік басқару мен бақылау осы негізде жүзеге асатын болса, мектепте жұмыстың жанданып, білім сапасының артуы, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасуы сөзсіз.