Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»
ЦИКЛОГРАММА
IVапта, ( 27-31 қаңтар 2020 ж)
Мектепалды даярлық №3 «Қызғалдақ» тобы
Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»
Күн тәртібі | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма | ||||
Балаларды қабылдау
|
Тәрбиешінің балалармен қарым-қатыасы. Балабақша туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау. Медбикемен бірлескен жұмыс. | ||||||||
Балаларды көңілді Машамен қарсы алу. | Балаларды көңілді әуенмен қарсы алу. | Балаларды көңілді Күлегешпен қарсы алу. | Балаларды көңілді әжеймен қарсы алу. | Балаларды сүйкімді қошақанмен қарсы алу. | |||||
Ойындар (үстел-үсті, саусақ және т.б. ) |
Дидактикалық ойын:
“Аққала жасау” Мақсаты: Балалардың ойлау қиялын дамыту. Дөңгелек пішіндерден аққала құрастырып жасауды үйрету.
|
“Тіл ұстарту жаттығуы”
Ыс-ыс-ыс Болсын мол ыр-ыс, Болып қапты қ-ыс Аман болсын ту-ыс, Ыдыстарды жу-ыс. |
Дидактикалық ойын:
“Әрі қарай кері сана” Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды кері қарай санауды қайталау.
|
Саусақ жаттығуы.
Құстар қанат қағады. Құстар ұшып барады, Көкте қанат қағады. Барлық құстар қосылып, Шиқ-шиқ -деп, ән салады. |
Дидактикалық ойын:
“Бұл қай мезгіл?” Мақсаты: жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ажыратуға үйрету. |
||||
Таңертеңгі жаттығулар кешені | Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар кешені. Ұйқы ашатын музыкалық-ырғақты қимылдарды орындау. Таңғы жаттығу кешені №1
|
||||||||
Таңғы ас.
Мәдени –гигиеналық |
Ас ішерде күнде біз
Сөйлемейміз күлмейміз Астан басқа өзгені Елемейміз, білмейміз Астарын төкпей ішу. Ас үшіп отырып сөйлемеу. Ас ішіп болып, қолдарын жуу. |
||||||||
Ұйымдасты-
|
Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметіне қажетті дамытушы орталықтардың (белсенділік орталық ) материалдарын, көрнекіліктерін , дидактикалық ойын материалдарын дайындау. | ||||||||
Дидактикалық ойын:
“Өзара айырмашы-лығын тап” Мақсаты: Суреттер-ді салыстыра оты-рып, айырмашылы-ғын тапқызу. |
Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері» Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту. |
Дидактикалық ойын: Қайсысы қайда тіршілік етеді?
Мақсаты:Жануарлар-
|
Дидактикалық ойын «Қайсысы ұнайды?»
Мақсаты: Суреттен заттарды таңдап, не үшін ұнайтынын айтқызу. |
Дидактикалық ойын:
“Кім зейінді?” Мақсаты: Белгілі геометриялық пішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру. |
|||||
Ұйымдасты-рылған оқу Қызметтері-нің кестесі |
1.Қатынас
Сөйлеуді дамыту 2.Әлеумет Өзін-өзі тану 3. Денсаулық Денешынықтыру 4. Шығармашылық Мүсіндеу |
1. Қатынас Сауат ашу 2.Шығармашылық Музыка 3.Денсаулық |
1.Шығармашылық
Музыка Орыс тілі |
1.Қатынас
Көркем әдебиет 1/3 Драма 2/4 2. Денсаулық Дене/шынықтыру 3.Шығармашылық Сурет салу |
1.Қатынас Ағылшын 2.Жаратылыстану 4.Құрастыру. 0.5 1/3 |
||||
Ұйымдасты-рылған оқу қызметтері |
1.Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Көңілді қысқы ойындар» Мақсаты: қыс айларында ойнайтын ойындарды атай отырып, ойын қызықтарын сұрақ-жауап арқылы айтқызу. Бір-біріне қамқор, дос болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: ұйымшылдықпен ойнауды; Түсінеді: бір-бірімен дос болуды; Қолданады: қыс айында ойналатын ойындарды. Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап; Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?» Көрнекілік: шана, шаңғы, коньки, ақ- қаланың суреттері. 2.Өзін-өзі тану Тақырыбы: «Біз еңбекқор баламыз» Мақсаты: адам бойындағы құнды қасиеттер: еңбек сүйгіштік, адал қызмет ету т.б. туралы түсініктерін кеңейту. Үлкендер еңбегін құрметтей білуге баулу. Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: үлкендердің еңбегін бағалауды; Түсінеді: Еңбекқор болуды, жалқаулыққа жол бермеуді; Қолданады: адам бойындағы құнды қасиеттерді. Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап; Көрнекілік:еңбек құралдарымен таныстыру. 3.Дене шынықтыру Негізгі қимылдар 1) Көтеріңкі қойылған заттың үстімен жүру. 2) Гимнастикалық орындық үстінде тепе-теңдік сақтап жүру және орта кезінде бұрылу. 3) Екі аяқпен шахмат тәрізді қойылған, толтырылған доптар үстінен қос аяқпен секіру. Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: заттардың үстімен жүру; Түсінеді: тепе-теңдікті сақтауды; Қолданады: қос аяқпен секіруді. Қимылды ойын: «Шанамен сырғанаймыз» 4. Мүсіндеу Тақырыбы: «Аққала» Мақсаты: Аққала бейнесін мүсіндей білуді үйрете отырып, саусақ моторикаларын дамыту. Мүсіндей білу іскерліктерін бекіту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: ұқыпты жұмыс жасауды; Түсінеді: ермексазбен жұмыс жасау тәсіл-дерін; Қолданады: мүсіндей білу іскерліктерін; Әдіс-тәсіл: көрсету, түсіндіру; Дид. ойын: «Қыс қызықтары» Көрнекілік: аққала суреті, ермексаз, сулық, пышағы. |
1.Сауат ашу
Тақырыбы: «Б» дыбысымен таныстыру. Мақсаты: «Б» дыбысымен таныстыра отырып, «Б» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату. Буын туралы білімдерін бекіту, қол қимылын жаттықтыру. Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: Б дыбысы дауыссыз дыбыс екенін
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, көрсету, сергіту. Дидактикалық ойын: «Сөзді буынға бөлейік» Көрнекілік: Кеспе әріптер,текшелер, сюжетті суреттер.
2.Музыка Тақырыбы: «Қыс» туралы ән Әні мен сөзі:Д.Қиқымов Мақсаты: Әуен сазына ілесіп, қыс көріністерін қимыл-қозғалыспен бейнелей білуге баулу. Әнді әсерлі етіп айтуға, үйрету Әуенді ырғақты қимылдар: «Jingle bells» әуеніне аққалалар биі Музыка тыңдау: «Қыс қызығы» И.Нүсіпбаев Ән салу: «Қыс» туралы ән. Әні мен сөзі:Д.Қиқымов Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: әнді әсерлеп айтуды; Түсінеді: қыстың ерекшеліктерін; Қолданады: қыс көрністерін қимыл-қозғалыспен бейнелеуді; Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ -жауап; Дид. ойын: «Қасқыр мен көжектер» қимылды ойыны.
3. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері Тақырыбы: «Суықтан сақтан» Мақсаты:балаларды қыс мезгіліндегі суықтан және түрлі аурулардан сақтану жолдарын үйрету. Өз денсаулықтарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: денсаулықтарына ұқыпты қарауды; Түсінеді: түрлі аурудан сақтану жолдарын; Қолданады: жалпы қыстың ерекшелігімен, жақсы-жаман қаиеттерін; Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ- жауап; Дид. ойын: “Қар лақтыру” Көрнекілік: мата мен мақтадан жасылынған қар.
|
1.Музыка
Тақырыбы: «Қыс» туралы ән Әні мен сөзі:Д.Қиқымов Мақсаты: Әуен сазына ілесіп, қыс көріністерін қимыл-қозғалыспен бейнелей білуге баулу. Әнді әсерлі етіп айтуға, үйрету Әуенді ырғақты қимылдар: «Jingle bells» әуеніне аққалалар биі Музыка тыңдау: «Қыс қызығы» И.Нүсіпбаев Ән салу: «Қыс» туралы ән. Әні мен сөзі:Д.Қиқымов Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: әнді әсерлеп айтуды; Түсінеді: қыстың ерекшеліктерін; Қолданады: қыс көрністерін қимыл-қозғалыспен бейнелеуді; Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ -жауап; Дид. ойын: «Қасқыр мен көжектер» қимылды ойыны.
2.Қарапайым математика Тақырыбы: «Артық, кем, тең» Мақсаты:балаларға артық, кем және тең таңбалары туралы мағлұмат бере отырып, заттарды топтастырғанда артық , кем немесе тең болатынын түсіндіру. Салыстыру дағдыларын жетілдіру Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: салыстыру дағдыларын жетілдіру; Түсінеді: артық, кем және тең таңбаларын; Қолданады: артық, кем,тең, екенін ажыратуды; Әдіс-тәсіл: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап. Дид.ойын: «Салыстырайық» Көрнекілік: көкөністер мен жемістердің муляждары.
3.Орыс тілі Тема: «Зима» Цель:Обобщить, систематизировать представления детей о зиме как о времени года. Учить поддерживать непринужденную беседу на определенную тему. Воспитывать интерес и любовь к родной природе. Развивать внимание, наблюдательность, зрительное восприятие, логическое мышление детей. Воспроизводят: представление о зиме. Понимают: о времение года о зиме Применяют: наблюдательность, внимание и мышление. Дидактическая игра: «Собери паззлы» |
1.Драма
Тақырыбы: «Қарлығаш пен дəуіт» (сахналау) Мақсаты:Сахнада еркін қимылдап, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Театрлық іс-əрекетте ертегілерді пайдалана отырып, балалардың анық, дұрыс сөйлеу мəдениетін дамыту. Кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мəнерлілік құралдарын қолдану. Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: сахнада еркін қимылдауды; Түсінеді: анық, дұрыс сөйлеу мәдениетін; Қолданады: кейіпкерлердің ерекшеліктерін бере біледі; Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап; Дид. ойын: “Сыңарын тап” Көрнекілік: суреттер, ертегі кейіпкерлерінің атрибуттары. 2.Дене шынықтыру Негізгі қимылдар 1) Екі аяқпен шахмат тәрізді қойылған, толтырылған доптар үстінен қос аяқпен секіру. 2) Гимнастикалық орындық үстінде тепе-теңдік сақтап жүру және орта кезінде бұрылу. 3) Музыка ырғағына сәйкес түрлі қимылдар жасау. Эстафеталық ойын: «Биіктен сырғанау» Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: ырғаққа сәйкес қимыл жасауды; Түсінеді: қос аяқпен секіру тәсілдерін; Қолданады: тепе-теңдікті сақтауды.
3.Сурет салу Тақырыбы: «Қар ұлпалары» ( сәндік акварель бояуымен) Мақсаты: қыс қызықтарымен таныстыру, табиғат құбылыстарын сезіне білуге: қардың аппақ, ұлпа, мамықтай, жұмсақ болатынын көрсету. Дербес түрде қар ұлпаларын салуды үйрету. Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: қардың аппақ, ұлпа, мамықтай жұмсақ болатынын; Түсінеді: қардың ұлпаларын салуды; Қолданады: табиғат құбылыстарын сезіне білуді; Әдіс-тәсіл: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап; Дид. ойын: «Аппақ, аппақ жапалақтап…» Көрнекілік: қыс мезгілдерінің суреттері, қағаз, акварель, қылқалам, су, мата.
|
1.Ағылышын тілі
Тақырыбы: « Magical winter» Мақсаты: ғажайыпқа толы қыс мезгілінің көрі-нісін сюжеттей отырып, қыс мезгілінің ерекше-ліктерін атап,түсіндіру (It’s Winter. A snowman, a snow, a sledges). Қысқы ойындар қатарын таныс-тырып, оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру. Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: Қыс мезгілін ағылшын тілінде атайды; Түсінеді: Қыстың ерекше жайлы белгілерін түсінеді. Қолданады: Қысқы ойындар қатарын ағылшын тілінде атауды; Әдіс-тәсіл: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап; Дидактикалық ойын:“Snowball” Көрнекілік: Видеоролик слайд, қыстың суреттері, компьютер, қарындаш. 2.Жаратылыстану: Тақырыбы: «Қыс ғажайыптары» Мақсаты: Қыс туралы түсініктерін нақтылай отырып, қыс мезгіліндегі ауа-райы, табиғат құбылыстары, өсімдіктердің жай-күйі жайлы түсініктерін дамыту Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: қыс мезгіліндегі ауа-райын сезінуді; Түсінеді: табиғат құбылыстарын; Қолданады: өсімдіктердің жай-күйі жайлы; Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап; Дидактикалық ойын: «Қыс қандай?» Көрнекілік: кітаппен жұмыс жасау, қыс суреті. 3.Аппликация Тақырыбы: «Қысқы түн» Мақсаты:Қысқы табиғат көріністерін әңгімелей білу дағдыларын жетіл-діре отырып, жапсырудың әдіс-тәсілдерін меңгерту. Өз беттерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Қайшымен жұмыс істеу іскерліктерін бекіту Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: қайшымен жұмыс жасау іскерліктерін; Түсінеді: өз беттерімен жұмыс жасау дағдыларын; Қолданады: қысқы табиғаттың көрністерін; Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап; Дид. ойын: «Аққала» Көрнекілік: қара кардон, қайшы, желім, т.б 4.Экология негіздері Тақырыбы: «Қыс белгілері» Мақсаты:Қыс мезгілінің белгілері туралы білім-дерін тереңдету; осы мезгілге тән маусымдық құбылыстар туралы білім-дерін кеңейте отырып, табиғатты сүюге, қорғау-ға тәрбиелеу. Маусымға сәйкес киінуге, денсаулы-ғын күтуге дағдыландыру Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: маусымға сәйкес киінуді; Түсінеді: табиғатты сүюді және қорғай білуді; Қолданады: қыс мезгілінің белгілерін; Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап; Үстел-үсті ойыны; «Қажеттілігіне қарай топтастыр» Көрнекілік: кітаппен жұмыс, суреттер. |
||||
Серуенге дайындық | Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстауға және жинауға дағдыландыру. | ||||||||
Серуендеу | Бақылау №16
“Өзен, көл, су тоғандарына саяхат” Мақсаты: Балаларды өзен, көл, су тоғанда-рының қыстағы өзге-рістерімен таныстыру. Мұздың қасиетімен, қалпымен жете таныс-тыру. Мұз қауіпсізді-гіне арналған ере-желермен таныстыру. Еңбек әрекеті: Қайың ағаштың түбіне қар жинау. Қимылды ойын: “Шортан мен табан балықтар”
|
Бақылау №17
“Өардың қасиетін бақылау” Мақсаты: Қар туралы балалардың білімдерін толықтыру, ақ, ұлпа сияқты, күн нұрына шағылысып жылтырайды. Еңбек әрекеті: “Қарды күреу” Қимылды ойын: “Ұстап ал”
|
Бақылау №18
“Құстарды бақылау” Мақсаты: Қыстайтын , алаңға келетін құстардың аттарын анықтау. Олардың сыртқы бейнесін , қандай жемді жақсы көретінін, қалай тұрып, қалай жүретіндерін анықтау. Еңбек әрекеті: Ауланы қардан тазалау. Қимылды ойын: “Ұядағы құстар”
|
Бақылау №19
“Табиғат күнтізбесі бойынша ауа райын бақылау” Мақсаты: Ауа-райын бақылау. Ауа-райына көңіл бөліп, байқау өткізулерін ұсыну. Еңбек әрекеті: Кішкентай балдырғандардың ойнайтын ауласын қардан тазарту. Қимылды ойын: “Арқан тарту” |
Бақылау №20
“Табиғат күнтізбесі бойынша ауа-райын бақылау” Мақсаты: Өткен күндердегі ауа-райын бақылау. Қандай өзгерістер бар? Бір ағашты анықтап,суретін салып, оны күнтізбеге белгілеу. Еңбек әрекеті: Қатқан мұз жолын тазалап, тәртіп сақтап, судың мұзға айналғанын көріп қызықтау. Қимылды ойын: “Соқыр теке” |
||||
Серуеннен оралу. | Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу.
Тамақтану алдында мұқият жуынуды қадағалау |
||||||||
Түскі ас. | Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдану дағдыларын жетілдіру.Тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтауды қалыптастыру. | ||||||||
Түскі ұйқы | Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату. | ||||||||
«Тәй-тәй балапаным» әні | Баяу музыка тыңдайды | «Ақылды етікші»
ертегісін оқып беру. |
«Бөбектер» әні | «Кім күшті?»
ертегісін оқып беру.
|
|||||
Біртіндеп ұйқыдан ояту кешені | Кешен №16 | Кешен №17 | Кешен №18 | Кешен №19 | Кешен №20 | ||||
Бесін ас | Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтауға дағдыландыру. | ||||||||
Вариатив.
бөлімдер |
Үстел- үсті ойынышық театры:
Мақсаты: ойыншық кейіпкер үшін іс-әрекет орындау, бейнелеудің басым құралдары дауыс ырғағы және бет қимылы болып табылады. |
«Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Қуыршақ»театры Мақсаты: Пайдалануға жарамсыз заттардан ойыншық-тар жасауды үйрету. Баланың ой-қиялын да-мыту, шығармашылықпен әрекет етуге баулу. |
«Сиқырлы сандар»
Тақырыбы: «Заттардың орналасуы» |
«Қауіпсіздік»
Тақырыбы: «Абайлаңыз, бейтаныс адам» |
“Жұмбақтар”
Мақсаты: Әр -түрлі жұмбақтарды шешуге дағдыландыру. Дидактикалық ойын: “Аққала жасау” Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. |
||||
Ойындар, жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс
|
Жеке жұмыс: Раяна мен Ерасылға шығармашылық саласы бойынша
ермексаздан «Қысқы ағаштыі» мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін үйрету
|
Психологпен жұмыс.. | Жеке жұмыс: Шығармашылық саласы бойынша Әділетке, Раянаға, Арайлымға, Балнұрға ұсақ қол қимылын дамытуды, қайшыны ұстауды үйрету. | Жеке жұмыс:
Топ балалары Жұмазадаға, Нұрмұхамедке, Айнуллаға таным саласы бойынша математикадан заттардың кеңестікте апта күндерін ретімен айтуды үйрету. |
Жеке жұмыс:
Қатынас саласы бойынша Ардақ пен Аминаға,Кеңесхан мен Нұрмұхамедке сөздік диктант жазуды үйрету.
|
||||
Серуенге дайындық | Балаларды киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалап дағдыландыру. | ||||||||
Серуен | Балалар кешкі серуен кезінде еркін ойындар ойнайды. | ||||||||
Серуеннен оралу. | Балалардың ретімен шешініп,, шкафқа киімдерін орналастырға, жинақылыққа дағдыландыру | ||||||||
Кешкі ас | Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтауды қалыптастыру. | ||||||||
Ойындар. Өзіндік іс-әрекеттер.
|
Дидактикалық ойын: Қайсысы қайда тіршілік етеді?
Мақсаты:Жануарлардың мекен жайын анықтау, сөздік қорын молайту.
|
Дидактикалық ойын «Қайсысы ұнайды?»
Мақсаты: Суреттен заттарды таңдап, не үшін ұнайтынын айтқызу |
Дидактикалық ойын: Үй жануарлары мен жабай жануарларды ата»
Мақсаты: Үй жануарлары мен жабай жануарлар туралы білімдерін бекіту. |
Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері» Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту.
|
Дидактикалық ойын«Не артық?»
Мақсаты:Балаларды суретке қарап заттарды топтастыра білуге үйрету. |
||||
Балалардың үйге қайтуы.
|
Көктайғаққа байланысты ережемен таныстыру. | Балалның бүгінгі оқу қызметіндегі жетістігі туралы мадақтау. | Балалардың балабақшадан қалмауын ескерту. | Әліппе оқулығынан «Қ» әрпін буындап оқуға көмек беру. | «Қыс қызықтары» фото альбом жасау. | ||||
Тәрбиешілер: Елеусізова А