Менің сүйікті тобым

МБ-17-1 тобының жетекшісі Козыбакова А.П

   «Тәрбие – тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек», — деп А.С.Макаренко айтқандай бала жанын түсінетін бірден-бір тұлға ол – топ жетекшісі.

Топ студенттерінің әрқайсысының мінез-құлқын білу үшін топ жетекшіге көп жұмыс істеу керек. Ол үшін топпен түрлі шаралар ұйымдастырып, топпен бірге сайыстарға қатысу керек және таза ауада бірге демалып, сырласыңдай әңгімелесу керек.

2018 жылдың мамыр айында МБ-17-1 тобы маған берілді. Ол кезде менде МДБ-11 деген 4 курс топ студенттері бар еді. Қоңырау кезінде барлық топ маған келіп, сіздің тобыңыз биыл бітіреді ғой, бізге де топ жетекші болыңызшы (бұл кезде топтың жетекшісі бала босану демалысына шыққан), біз сізді таңдадық, -деп өтініп тұрған соң, жақсы беріп жатса алайын, — дедім. Міне, содан бері осы топпен жұмыстанып келемін. Қазіргі таңда 4 курс студенттері, барлығы өте керемет, олармен тез тіл табысып кеттім. Топ старостасы Тилекбаева Феруза топты басқаруда зор ынтасын қосты. Барлық уақытта топпен болып, топты ұйымдастыра білді.

Әр ұстаз баламен жұмыс жасаған соң баланы барлық жағынан тани білу керек. Бастапқы кезде өзін онша түсіне алмай, өзіне ренжулі қыздар да болды. Олармен жеке сөйлесіп, психологпен сөйлеттіріп, ата-анасын колледжге шақыртып, түсінік жұмыстарын жүргіздім. Баланың тағдыры мені де алаңдатпай қоймады, онымен сырласыа отырып, екеуміз қиындықты жеңдік. Қазіргі таңда сабағы жақсы, қоғаммен белсене араласады.

Топта бір ғана ер бала бар, қалғаны қыздар. Барлығы 25 білім алушы.

Топ студенттерімен түрлі шаралар өткіздік, атап айтсам, «Салауатты өмір – жарқын болашақ», «Елім менің — Қазақстан», «Ұстаздар – ұлы тұлғалар», «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Заңды білу – заман талабы», «Тәуелсіздік шежіресі», «Өз құқықтары бойынша оқушылардың бәрі тең бе», «Жеке адамның құпиясы», «Қыздың көркі -қылығында», жастар жылына арналған колледжішілік іс-шара «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады», «Ана – өмір шуағы», «Отбасы – тәрбиенің ұясы» , т.б.

Топ студенттерін Маңғыстаудың тамаша жерінің бірі Тамшалыға (2019ж) (Тамшылы – Түпқараған ауданында орналасқан табиғи су көзі), рухани жаңғыру аясында Алматының табиғаты әсем жерлері Шымбұлаққа, Медеуге және Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар (Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық жауынгерлер) (2020ж) саябағына, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейіне апарып, экскурсия жасаттым.

Елімізде төтенше жағдайға байланысты 2020ж. көктемде мектеп оқушылары, ЖОО мен колледж студенттері қашықтан оқу форматына көшірілді. Барлық білім алушылар онлайн оқыды. Бір-бірімізден алыстап кетсек те, WhatsApp, интернет желісі арқылы байланысып тұрдық. Тәрбие сағаттарынғ жиналысты ZOOM  бағдарламасымен өткізіп отырдық. Ата-аналармен де тығыз байланыста болдық. Соның нәтижесі де шығар білім алушылар сабаққа үнемі қатысып отырды. 7 семестр қорытындысы бойынша сабақ үлгерімі 100%, сапасы 96% болды, топта 7 үздік, 17 екпінді бар.

Осы 2021 жылы топ бітіреді, топ студентері жан-жақты білім алды деп ойлаймын, себебі тотптың білімалушылары колледждің және топтың барлық жұмыстарына белсене қатысып отырды, өздері де практика кезінде шыңдалды. Тобыма сәттілік, мықты денсаулық тілеймін. Алдағы мемлекеттік емтиханды ойдағыдай аяқтайды деген үміттемін. Таңдап алған мамандықтарын жақсы меңгеріп, жас ұрпақты тәрбиелеуде аянбай жұмыстанады деген сенімдемін.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *