“Кел Жаңа жыл,Жаңа жыл” мерекелік ертеңгілік

«Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл»
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беріледі.Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттырады.

1 . Фанфар

Адия
Құтты болсын Жаңа жыл барша халық
Қуанышқа шаттыққа тамсанайық
Бірімізге шынайы тілек тілеп
Бар әлемге бақытпен жар салайық

Ақбота
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле,төрле Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын

Медина
Кел Жаңа жыл
Төрле,төрле жеріме
Құт береке боп келгейсің еліме
Үміт артып армандарға аяулы
Шаттығына бөлегейсің біздерді

Шұғыла Здравствуйте дорогие гости и друзья! Поздравляем вас Новым годом! Желаем вам счастливого и радостного Нового года.

Адия:Балалар,қанекейік неге тұрмыз көңіл көтерейік Жаңа жылдық ертеңгілігімізді бастайық

Әуен ойналады Сахнаның артынан балалар шығады ортаға жиналады
Би билейді

Тышқан балалармен бірге жүреді

Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық,молшылық ала келсін,
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құрметті ұстаздар және бүлдіршіндер бүгінгі Жаңа жылдық ертегілігімізге қош келдіңіздер!

Хор «Жаңа жыл»

(Музыка) Малефисента кіреді

Малефисента: Бұл жерде не болып жатыр. Не тойлап жатырсыңдар? Той тойламақшысыңдар ма? Көңіл көтермекшісіңдер ма? Ән шырқамақсыңдар ма? Рұқсат сұрап па едіңдер? Менсіз карнавал өткізбексіңдер ме? Ештеңе шықпайды. /сиқырлы таяқшасфын сермеп шыршаны өшіреді/

Жүргізуші: Сіз кімсіз? Біздің кешімізді бұзбаңыз.

Малефисенто : Бұзбақ түгілі бұзамын. Мен Малефисентамын. Түн ханшайымымын.

Жүргізуші : Тоқтай тұрыңыз қымбатты Малефисента. Бұл қалай болғаны? Сізді ренжіткіміз келгеніміз жоқ. Мереке өткізбесек болмайды. Жаңа жыл келіп қалды ғой. Біз Аяз ата мен Ақшақарды күтудеміз.

Малефисента: Армандамаңдар. Мына шыршаны мен жағамын.Сендер 3 сиқырлы затты таппайыншы шырша жанбайды. Аяз ата да келмейді.

Жүргізуші : Ол қандай сиқырлы зат?

Малефисента: Қандайы несі? Сиқырлы айна, кілем ұшақ пен сиқырлы дабыл. Ха-ха-ха осы сиқырлы заттарды тапсаңдар Аяз атаны босатамын.Ал мен қайтайын ,мені бірақ еске аласыңдар Ха-ха шығып кетеді.(әуенмен)

Жүргізуші : Балалар біз мерекеміз бұзылмас үшін тапсырмаларды орындайық.

Мыстан: кіреді әуенмен Айгүл Ш(Сыпырғышқа мініп келеді).
Жүргізуші. Сәлем, Мыстан кемпір!
Мыстан кемпір:
Мұнда не болып жатыр? Бұл қандай мереке?
Бұл қандай мереке? (Балалар жаңа жылдық мерекені тойлап жатқанын, Малефисента келіп,3затты табуға тапсырма беріп кеткенін айтады.)

Жүргізуші. Мыстан әжей, сиқырлы заттарды қайдан табуға болатынын сен білетін шығарсың? Бізге сиқыр ғана көмектеседі …

Мыстан кемпір.
Ой, сұлуым, еш сиқырым жоқ менің,
Бір табам қалды, оның өзін тот басты,
Мені ешкім ұнатпайды, «кәрі қарға» деп атайды,
Мен кедей болсам да, жүрегім кең!
(айналасына қарап Ой, Сендерге қарасам… 500 жыл бұрынғы кезім есіме түседі! (Қалтасынан айнаны шығарып, өзіне қарайды.) Ах! Мен қандай сұлумын!)
Жүргізуші. Ой, әжей, бұл сиқырлы айна ғой! Мүмкін оны бізге берерсіз?
Мыстан кемпір. Сиқырлы айнамды ма? Сендер үшін маңызды екен… (Қызғанады.) Жо-о-қ, бұлай болмайды. Бостан-босқа бере салмаймын. Алдымен менің көңілімді көтеріңдер!

Жүргізуші: Қане достар тұрмайық
Інжу-маржан шашайық
Ақ тілекті бір айтып
Жаңа жылды тойлайық өлең шумақтарымен ортада
Раяна
Ярко светит елочка
Праздника все ждут
Дед Мороз с Снегурочкой
В гости к нам идут
Мы учились,веселились
За год очень подросли
И кончно заслужили
Мы подорочки свои

Темірлан
Сақалы аппақ күріштей
Тістері аппақ күмістей
Нұр жайнаған ажары
Сағындық Аяз атаны
Мол сыйлықпен келер ол
Шырқатып ән салар ем
Жылдамырақ келсе екен
Бізге сыйлық берсе екен

Аяулым
Дала нұр қала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр

Шұғыла
В двери Новый год стучится
Дед мороз к нам в гости мчится
В небе праздничный салют
И часы двенацать бьют
Огоньки сверкают ярко
Свечи,шарики,подарки
Скоро сказка в дом войдет
Скоро будет Новый год

Мыстан: Рақмет, сұлуларым! Сиқырлы айнамды сендерге беріп кетейін.Аяз ата жоғалып кетті ғой. Оны орманнан іздеп көрейін.
(Мыстан кемпір шығып кетеді.)
Жүргізуші: Жарайды, балалар, бізде бір сиқырлы зат бар (шыршаның астына қояды).

Мотордың шуы естіледі, Ай қызы кіреді, қолына кілем-ұшақ ұстап алған.
Ай қызы. Айкөркем
Сәлем, балалар!
Мен – Ай қызымын.
Сиқырлы кілеммен келдім,
Жерге осылай қондым.

Жүргізуші. Сәлем, Ай қызы!
Сен расында Айдан ұшып келдің бе?
Ғарыштан өзге ғаламшарлықтарды көрдің бе?!

Ай қызы. Әрине, Айдан келдім, не болып қалды?
Жарық жұлдыздарды алып келдім! (Бір жарқыраған жұлдызды жүргізушіге береді, қалған жұлдыздар шыршаның астында жатыр, қыздар шыршаның астындағы жұлдыздарды алады.)

Музыка ойнайды, Ай қызы кілемді сілкісе, жұлдыздар шығады
Жұлдыздар биі Адия,Айкөркем,Шұғыла,Жасмин,Раяна

Жүргізуші. Ай қызы, сенің кілемің сиқырлы ғой! Мүмкін, оны бізге берерсің?.. Көрдің бе, шыршамыз жанбай тұр. (Түсіндіреді, балалар көмектеседі.) Ай қызы, бізбен бірге мерекеде қалшы.
Қыз басын изейді, кілемді жүргізушіге беріп, өз орнына отырады. Жүргізуші кілемді шыршаның астына төсейді.
Жүргізуші. Балалар, біз екі сиқырлы затты таптық. Қандай? (Балалардың жауаптары.) Шыршаның сиқырын жойып, Аяз атаны қарсы алуға аз қалды.

Жүргізуші :
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық,молшылық ала келсін,
Бәрімізге мына жыл арайлы!
– Ал, олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
– Аяз ата Ақшақар (3 рет)
Музыка ойналады Аяз ата Ақшақар кіреді

Аяз ата.
Сәлеметсіңдер ме, үлкендер мен кішілер!
Сәлем, немерем менің!
Ақшақар сұлуым!
Ой, қандай әдемісіңдер,
Бәрің құлпырып тұрсыңдар!
Ертегіде көп адастым,
Бүгін кешігіп те қалдым,
Бір жыл бұрын келгенмін,
Сендерді көргеніме қуаныштымын!
Қымбаттыларым, сүйіктілерім,
Жыл бойы сағындым,
Мені сағындыңдар ма?

Балалар. Иә!

Жүргізуші. Аяз ата, сені көргенімізге қуаныштымыз!
Бұл күнді ұзақ күттік, жыл бойы кездеспедік.

Ортаға тобымыздың бүлдіршіні
Айбикені шақырамыз
Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсың
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын

Ақшақар: Ел байлығын жер байлығын сақтаймыз
Бабалардың аманатын ақтаймыз
Қазақстан мәртебесін көтеріп,
Адалдықты алғырлықты жақтаймыз
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр
Ізгілік бірлік дәнін ортаға ысыр
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр.

Ақшақар: Бірақ шыршамыз көңілсіз, Қанекей сиқырлы сөздеріміздің көмегімен шырша шамын жағайық. Барлығы бірге , Қуант ,бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат!!!
Музыкамен бірге 3 рет шырша шамы жанады

Ақшақар: Жаңа 2021 Сиыр жылы баршамызға құт береке алып келсін.

Музыка ойналады Сиыр жаңа жыл кіреді.
Сиыр жылы:
Туғызам айды бүгін
Әр күнім айбынды күн
Күлімдеп нұр шығады
Күншілдік тұншығады
Әкелдім бейбіт күнді
Ешбір жан болмас мұңды!
Хормен: Жаңа жыл құтты болсын!
Тышқан шығып кетеді
Жүргізуші:
Өтсін солай жаңа өмірдің күндері
Шарпымасын жүректердің үндері
Жарқылдасын жаңа жылдың оттары
Таусылмасын жаңа жылдың шашуы деп. Аяз ата Ақшақар біздің бүлдіршіндеріміз сіздерді асыға ұзақ күтті.Сіздерге арналған көптеген өнерлері бар.

Жүргізуші: Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық
Жаса,жаса достық бірлік туыстық
Құттықтайық жаңа жылды өнермен
Қуанштың әр минуты тым ыстық өлең шумақтарымен ортада
Бақдәулет
Аяз ата ақ сақалды
Ақ таяқты паң ата
Асып өтіп асқар тауды
Жетті бізге таң ата

Айкөркем
Әкелсін жыл ырыс-құт
Әлемде болсын тыныштық
Жаңа жылым тамаша
Ән салайық жаңаша
Балнұр
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Кел балалар,келіндер
Тамашаны көріндер

Алдияр
Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз

Жүргізуші: Жаңа жылға арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып Жаңа жылым келді гой
Құтты болсын Құтты болсын Жаңа жыл
Би Аққала
Жүргізуші: Құтты болсын Жаңа жыл барша қауым
Құтқа орансың кең байтақ дархан елім
Қазақтың пейіліне тарту етсің
Табиғат ашық аспан ,таң шапағын өлең шумақтарымен ортаға
Айсәуле
Что за прадник у ворот
Новый год,Новый год!
Кто подарки кнам принес
Это дедушка мороз
Скажем громко Раз,два,три
Ну-ка елочка гори
Дружно всатенм в хоровод
Вместе встретим Новый год

Жансерік
Жаңа жыл жаңа бақыт жаңа жыр
Ізгілік бірлік дәнін ортаға асыр
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр

Жания
Жаңа жылда жол болсын
Әр бір үйде той болсын
Берекелі жыл болсын
Ақ дастархан мол болсын

Жасмин
Что такое Новый год?
Это дружный хоровод
Это смех ребят веселых
Возле всех нарядных елок
Что такое Новый год?
Всем известно на перед
Это дудочки и скрипки
Шутки ,песни и улыбки

Хор «Ёлки, шарики хлопушки»
Соңы Қош сау болыңыздар

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *