Біздер бәрін білеміз.

 

Куатбай Алтынгуль Куатбаевна.

Сабақтың тақырыбы: «Біздер бәрін білеміз»

Сабақтың мақсаты:«Үйшік» ертегі желісі арқылы балалардың жыл бойғы алған білімдерін тиянақтау. Тапсырмалар орындау барысында бір-біріне достық сезіммен қарауға баулу. Ептілікке, жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Тәрбиеші: -Балалар біздің бүгінгі күніміз көңілді, әрі сәтті өту үшін шаттық шеңберін орындап, бір-бірімізге күндей жылы лебіз сыйлайық!                           

                                               -Арайлап, таң атты,

                                             Алтын сәуле таратты.

                                                Жадырайды жүзіміз,

                                            Жарқырайды тобымыз.

                                      -Саламатсыздар ма, балалар!

                                     -Саламатсыздар ма, апайлар!

-Балалар, біз бүгін, ертегілер еліне саяхаттаймыз. Осы, сендер қандай ертегілер білесіңдер?

Балалар жауабы: «Жеті лақ», «Бауырсақ», «Мақта қыз бен мысық», «Ұйқыдағы ару» т.б.

-Жарайсыңдар, біраз ертегі түрлерін атап бердіңдер. Енді жан-жағымызға дұрыстап қараймыз.

Ғажайып сәт! Ертегі ханшайымы әдемі әуенмен, сиқырлы таяғымен балаларды таңдандыра, күліп кіріп келеді.

Тәрбиеші: -О-о, бізге Ертегілер ханшайымы келді, сәлемдесейік.

Ертегілер ханшайымы:

-Балалар, мен сендерді «Ертегілер әлеміне» қонаққа шақырып келдім.

Тәрбиеші: -Балалар барамыз ба?

Балалар жауабы:  -Ертегілер еліне, қонақ болып барайық,- дейді.

Ендеше, автобусқа мініп, көзімізді  жұмамыз. «Ертегілер әлеміне» сапарлап шығады. (Әуен орындалады).

Тәрбиеші: -Ал, енді көзімізді ашайық. Көз алдарында ертегілер елі. Ең бірінші,

«Үйшік» кездеседі. Үйшікте ілініп хат тұрады. Мұнда былай деп жазылған:

-Балалар ертегілер кейіпкерлерін кездестіргілерің келсе,  жыл бойғы жинаған білімдеріңді байқап, тапсырма береміз, — делініпті.

Барлығы:

-Қуанышпен қызықтан арылмайық,

Орындауда тапсырманы жаңылмайық!

«Үйшік»- деп аталатын ертегіде,

Кейіпкерлер тапсырмасын орындайық.

Негізгі кезең:

1.Жұмбақ:             

Өзі егін екпейді,

Егістен алысқа кетпейді,

Қарны тоқ, қайғысы жоқ

Мысық қуса жетпейді. (тышқан)

1, 2, 3 – Ертегі кейіпкері тышқанды шақырамыз, әуенмен тышқан кіреді.

Тышқанның қолындағы тапсырмада:

«Аяққа арналған сауықтыру шарасын жасап беріңдер!»- делінген.

Балалар алашада аяқтың сыртқы беті, ішкі беті, ұшымен, өкшемен жүреді. Жалпақтабандылық туралы қысқаша айтып кету.

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар, аяққа арналған сауықтыру шарасын жақсы жасадыңдар.

2.Жұмбақ:            Таңдайлары тақылдап,

                               Шулайтын не бақылдап.

                               Бірін-бірі мақұлдап. (бақа)

1, 2, 3 – Ертегі кейіпкері бақаны көргіміз келеді? Әуенмен бақа кіреді.

Бақа қолындағы тапсырмасын береді. Тапсырмада:

Сандар сырына қанықтыңдар ма? — депті.

Тәрбиеші: -Балалар, олай болса, «Күн мен түн» ойынын ойнайық.

Ойын: «Күн мен түн».

 Ойын шарты: барлығымыз қазір көзімізді жұмамыз. Мен 1-ден 5-ке дейін тұрған цифрлар қатарынан бір цифр жасырамын. Сендер жоқ цифрды атайсыңдар.

1-ден 5-ке дейін оң және теріс санау. Санамақ білеміз бе? (санамақ айту).

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар балалар, бақаның барлық тапсырмаларын  өте тамаша, жақсы орындадыңдар.

3.Жұмбақ:   Өзі қорқақ, көзі қыли,

                      Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді. (қоян)

1, 2, 3 — қоянды шақырамыз, әуенмен ойнақтап қоян кіреді).

Тәрбиеші: -Балалар шаршаған боларсыңдар. Бой жазу жаттығуын жасаймыз ба? Балалар жауабы.

 Олай болса, шеңберде тұрып, осы қоян кейіпкерімізбен бірге, оның қылығын қайталайық.

Бой жазу жаттығуы:

Ұзын құлақ сұр қоян, естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен, ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпаңдап, көжегі екен өзінің.

Тәрбиеші: -Балалар енді, 2 үстелге бөлініп тұра  қойыңдар. Қоянның тапсырмасын қараймыз. Тапсырмада,

«Кім жылдам?» — ойынын ойнап беріңдер! — дейді.

Ойын: «Кім жылдам».

Ойын шарты: Мен, бірінші үстелдің үстіне, дала құстары мен үй құстарын араластыра тастаймын. Осы үстелді айнала тұрған балалар, құстарды үй және дала құстары- деп, екіге бөлесіңдер.

Екінші үстелдің үстіне дала жануарлары мен үй жануарларын араластыра тастаймын. Мұндағы үстелді айнала тұрған балалар, жануарларды үй, дала жануары- деп, екіге бөлесіңдер.                                                                                                                                                                                                                                                                                         

Осы 2 үстелдің балаларының орындарын ауыстырып, ойынды тағы бір рет ойнатамын. Мадақтаймын.

4.Жұмбақ:             Орманда тұрады өзі бір қу,

                               Жүрген жері айғай мен шу (түлкі)

1, 2, 3 — түлкіні шақырамыз, қутыңдап, әуенмен түлкі кіреді.

Түлкінің тапсырмасы:

-Менің суретімді жабыстыра аласыңдар ма?- деп сұрайды.

Түлкі  суреті, желім және баланың аты-жөні жазылған ақ қағаз алдын-ала таратылып өтеді.                                                                                                                                                         Ұқыпты, тез әрі таза жабыстырған балаларды мадақтапу.

5.Жұмбақ:      Орманнан, жалпақ даладан, бал іздеп ол жортады.

                        Кіп-кішкентай арадан, үп-үлкен боп қорқады. (аю)

1, 2, 3 — аюды шақырамыз, әуенмен гүрілдеп, маймаңдап, қолында жеміс терген себеті бар аю кіреді.                                                                                                                                            Тәрбиеші: -Балалар осы аю кейіпкерімізбен бірге, бой сергітіп жіберсек қайтеді.

Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың, құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық, қалтамызға салайық.

Аюдың тапсырмасы:

— Осы, «Үйшік» ертегісін балалар кейіптендірсін!,-дейді.

Рөлге сай киінген балалар ортасынан шығып, «Үйшік» ертегісін көрермендерге сахналап қойып береді.

  • Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, өте күшті қойылым болды, рахмет!

Ертегі ханшайымы:     -Жарайсыңдар балалар! Тапсырмаларды толық орындап, жақсы жауап бердіңдер. Жыл бойғы алған, білген білімдеріңді  

көрсеттіңдер, сендерге рахмет! -деп, балаларға алғыс айтады.

Қорытынды кезең:

Тәрбиеші:      -Балалар ертегі ұнады ма?  \Ұнады\.

                       -Кейіпкерлерін атайық.  \Тышқан, бақа, қоян, түлкі, аю\.

— Ертегілер әлемімен, ертегі кейіпкерлерімен, ертегі ханшайымымен қоштасайық. Елімізге оралу үшін автобусқа мініп, көзімізді жұмамыз.

 Ғажайып сәт! Тәрбиеші: -Көзімізді ашамыз, елімізге келдік. Рахмет, балалар, біз білімімізбен әрқашан нұрланайық! Қонақтарымызға рахмет айтып, қоштасатын да уақыт келді. Рахмет, сау болыңыздар!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *