Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы.
Пән аты: Логопедия негіздері. Оқытушы: Абдунабиева.З.М Сабақтың тақырыбы: Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы. Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту. Оқыту әдісі: Түсіндіру, әңгімелесу, баяндау. Пәнаралық байланыс: Психология, медицина, биология. Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Жаңа тақырыпты талқылып, жаңа мәлімет беру. 2.Тәрбиелік: Білім бере отыра, тәрбиелеу. 3.Дамытушылық: Танымдылық қабілеттеріне сүйене отыра, ойлау. Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: оқулықтар, слайд. Сабақтың құрылымымен мазмұны: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу, психологиялық әзірлік. 2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру: Оқулықтан берілген тапсырма. Тексеру әдісі: сұрақ-жауап, сұрақтар, қайталау. 3.Жаңа материалды түсіндіру.Түсіндіру әдісі: Түсіндіру, ой қозғау. Материалды түсіндіру жоспары. Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы. Логопедия міндеттерінде ғылымының теориялық және практикалық бағытарын белгілеуге болады. Теориялық бағыты — тіл кемістіктерін зерттеу және оларды болдырмау, анықтау, жою әдістерін ғылыми тұрғыда қалыптастыру. Практикалық бағыты – тіл кемістіктерін болдырмау, анықтау және жою. Теориялық және практикалық міндеттер бір-бірімен тығыс байланысты.
Логопедия ғылымы басқа ғылымдарымен тығыс байланысы. Сөйлеу тілі ауытқуларын болдырмау, анықтау, тузету жұмыстарын табысты жүргізу үшін түрлі тіл кемістіктерінің белгілерін, себептерін, бұзылу механизмдерін, құрылысын жақсы білү керек, сонымен қатар тұлғаға жан-жақты әсер ету амалдарын, әдістерін меңгеру қажет. Логопедия ғылымы басқа ғылымдарымен байланысы осында.
Логопедия педагогикалық ғылым және арнайы педагогиканың бір саласы болғандықтан, ол жалпы педагогикамен, сурдопедагогикамен, олигофренопедагогикамен, тифлопедагогикамен, ана тілін оқыту әдістемесімен, жалпы, арнайы психологиясымен және тағы басқаларымен тығыс байланысты. Бұл бір жүйе ішіндегі байланыстар. Ал жүйелер арасындағы байланыстарға логопедияның биологиямен, анатомиямен, физиологиямен, оториноларингологиямен, невропатологиямен, психопатологиямен, олигофрения клиникасымен, педиатриямен және лингвистикалық ғылымдарымен байланыстарын жатқызуға болады.
Мұндай байланыстарды талқылайтын болсақ, мысалы логопедияның медицина ғылымдарымен байланысын алайық. Есту және сөйлеу мүшелерінің патологиясы туралы мәліметтер сөйлеу тілі ауытқуының пайда болу себептерін, бұзылу механизмдерін дұрыс анықтауына және логопедиялық жұмысын медициналық емдеу жұмысымен нәтижелі үйлестіруіне мүмкіндік береді. Осындай мәліметтер дауыс бұзылу, ринолалия, дислалия, тб ауытқулары жағдайында аса кажет. Мәселен, дауыс бұзылуының себептерінің бірі – көмекейдің және көмекей ішіндегі орналасқан дауыс сінірлерінің органикалық зақымдануы (бездер, түйіндер, папиломалар тб.), осы зақымның орналасуын, әсер ету механизмін анық білгенде ғана, дауыс бұзылуының түрін және жою амалын дұрыс белгілеуге болады. Көмекейді дұрыс қалпына келтіру жұмысын сәтті аяқталған жағдайда ғана дауыс бұзылуын жоюға болады, ал ондай жұмыс физиотерапевтік, хирургиялық, психотерапевтік күшімен іске асады.
Сөйлеу тілі бұзылуының көптеген түрлері орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануымен байланысты. Оларды диагностикалау логопедтің неврапотологпен немесе психоневрологпен бірлесіп жұмыс жасаған кезінде ғана мүмкін болады. Тіл кемістігі пайда болуы баланың психикалық іс-әрекетінің түрлі бұзылыстарына алып келуі мүмкін, мысалы: психикалық дамуының тежелүіне, мінез-құлық және эмоцияларының жағымсыз өзгерістеріне, зейінің, ес процестерінің, ойлау қабілетінің бұзылуына және тб. Осындай бұзылыстарын дұрыс айқындау, себептерін ашу, тіл кемістігімен байланысын зерттеу жұмыстарын психоневролог жүргізеді. Оның осы жайлы мәлеметтерін логопед түсініп, өз жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін сауатты пайдалану керек.
Тіл кемістіктері бар балаларды оқытудың, тәрбиелеудің заңдылықтары нерв жүйесінің құрылысы, қызметі және даму ерекшеліктері туралы білімдеріне негізделеніп құрылады Логопед сөйлеу тілі ауытқуларының неврологиялық негіздерін және балаларда жиі кездесетін психикалық бұзылуының түрлерін жақсы білүі қажет. Оның бұл саладағы білімдері сөйлеу тілі бұзылуының құрылысын, құрамын дұрыс анықтауына, нәтижелі тузету жолдарын таңдауына және баланың тұлғалық дамуының аномалды болып кетуін болдырмауына көмектеседі.
Логопедия сөйлеу тілі туралы ғылымдарымен: лингвистика, психолингвистикамен тығыс байланысты. Сөйлеу тілінің құрамын және сол құрамындағы тіл компоненттерінің қызметтерін анық түсіну, баланың ана тілінің нормаларын меңгеру ретін, заңдылықтырын білу логопедиялық жұмысының жүйесін құрастыру үшін аса қажет.
4.Жаңа материалды бекіту: 1. Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы.
Қорытындылау(білімді бағалау) Сабаққа белсенді қатысқан студенттерді бағалау.
Үй тапсырмасы: Қосымша материалдар.