«Мақал — сөздің мәйегі»

«Мақал —  сөздің мәйегі»

 

Білім беру саласы: Коммуникация

Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.

Мақсаты: Мақал түрлерімен таныстыру, ата бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы балалардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын-сайыс, сұрақ — жауаптар.

Көрнекі құралдар: слайд, тапсырмалар, қоржын асықтар

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Біз әдепті баламыз

Алдыменен қонақпен

Амандасып аламыз

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал қанекей бәріміз

«Сәлем» дейік үлкенге

Іздену ұйымдастырушы

Тәрбиеші: Бүгінгі өтетін оқу қызметіміздің тақырыбы: «Мақал — сөздің мәйегі» деп аталады.

Мақал-мәтелдер — халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер — өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады. Мақал-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініп білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды.

Ғажайып сәт: (Балапан телеарнасынан Али мен Айя келеді)

Али: Біз, қайда келдік — Айя?

Аяй: Біз мақал мәтел кітабымызды жоғалтып алдық соны іздеп жүрміз ғой.

Али: Сен ғой жоғалтқан. Атам бізге арнап сатып алды, енді не істейміз. Атамыз ренжиді ғой. Мен атамды ренжіткім келмейді.

Айя: Али қарашы, балалар отыр екен, солардан сұрап көрейікші?

Сәлеметсіздер ме: Али, Айя.

Али мен Айя: Сіз бізді танисыз ба.

Әрине, балалар да таниды. Солай емеспе, балалар. Біздің балаларымыз «Балапан» телеарнасын қалдырмай көреді. Не іздеп жүрсіздер?

Айя: Мақал туралы кітабымызды жоғалтып алдық, соны іздеп жүрміз, көрмедіңдер ме?

Тәрбиеші: Жақсы келдіңіздер! Балалармен бірге мақал-мәтел сайысын ұйымдастырайын деп жатыр еді. Қанекей сіздер де екі топқа бөлініп балалармен қатысыңыздар. Сайыс біткен соң балалар тауып береді. Али мен Айя қосылады.

 

Сөйлей, Сөйлей шешен боласың

Көре, көре көсем боласың — дегендей оқу қызметімізді сайыс түрінде өткізейік. Оң жақтағы балалар «Сұңқар», сол жақтағы балалар «Тұлпар» деп топқа бөлінейік. Ойынның шартын айтып кетейін.

І-кезең «Ақылды балалар» — ақыл, нақыл сөздер

ІІ-кезең «Кім тапқыр» суретке қарап мақал құрастыру

ІІІ-кезең Сөз жұмбақ «Мақал»

ІV-кезең «Шапшаң тіл» — жаңылтпаштар.

Әр тапсырманы орындаған топтың қоржынына бір асықтан салып отырамын. Қай топ асықты көп жинаса сол топ жеңіске жетеді. Ендеше әр топ өздерін таныстырып кетсін.

Марғұлан:

І-топ: Топтың аты «Сұңқар»

Топтың ұраны:

Ата-баба ұранын,

Биік ұстар сұңқармыз.

 

Назерке:

ІІ-топ: Топтың аты: «Тұлпар»

Топтың ұраны :

Алғыр, жүйрік білімпаз

«Тұлпар» тобы боламыз.

Жарайсыңдар! Ендеше сайысымызды бастаймыз.

І-кезең

1-сұрақ «Менің тілім барда, білмеймін қайғыны» деп тақпақ айтып жарысу.

Анел: Ана тілім — елдігім

           Ана тілім — ерлігім

           Тілді биік құрметтеп

            Тойлап жатыр ел бүгін.

 

Бекнұр: Ана тілім — тірегім

               Ана тілім — жүрегім

               Қасиетті елімнің

              Тек өзің деп білемін

 

Мағжан: Сүйемін туған тілім — анам тілін,

                Бесікте жатқанымда — ақ берген білім

                Шыр етіп жерге түскен минутымнан

                Құлағыма сіңірген таныс үнім

 

2-сұрақ «Ақылдың сөзі — Ақылдың көзі» Ақыл және нақыл сөздер айтып айтысу.

Аяулым: Ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма.

Амина: Малдың басынан ұрма

Рамазан: Ең тәттіде — тіл

                Ең ащы да — тіл

                Ең қатты да — тіл

                Ең жұмсақта — тіл

 

Нұрислам: Туған жердің күніде ыстық, түніде ыстық.

Аружан: Әркімді бір келемеждеп, мұқатпа.

Кәусар: Өтірік сөз — өрге баспайды.

 

ІІ-кезең «Жүйрік болсаң — озып көр демекші» «Кім тапқыр»

  1. Суретке қарап мақалды құрастыру

Ұяшық таңдау.

 

 

100 теңгең болғанша

100 досың болсын

 

Ит адамның досы

 

Қыз өссе — елдің көркі

Гүл өссе жердің көркі

 

Ер-елдің, жаңбыр жердің көркі

 

  1. Мақалдың жалғасын табу.

Көз қорқақ — қол……..(батыр)

Сәлем — сөздің………(анасы)

Жері байдың — ………(елі бай)

Кітап -алтын ………(қазына )

Ас адамның ……..(арқауы)

Сергіту сәті

Досым менің қалайсың

Қал жағдайың жақсыма

Қане құшақ жайық

Бір құшақтап алайық

Бір айналып қуана

Орнымызды табайық.

 

ІІІ-кезең «Сөз жұмбақ»

Жұмбақ жасырылады шешуін табу.

  1. Қоймасын қыс ақтарып

Жерді жапты ақ мамық                   (Қар)

  1. Көреді бәрін өзгенің

Көрмейді бірақ өздерін                   (Айна)

  1. Үй үстінде — ұсақ тас. (Жұлдыздар)
  2. Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады                       (Кітап)

 

ІVкезең «Өнер алды — қызыл тіл» демекші Шапшаң тіл — жаңылтпаштар айтысына көрейік.

Сымбат: Түйе бізге шұбат береді

                Шұбат бізге қуат береді

 

Албина: Ақ шар бар,көк шар бар,

               Көп шар бар, бес шар бар.

 

Али:     Доп, доп, доп жоғалды,

              Қап,қап,тап,тап

 

Сезім:  Шеше, шеше,

             Неше кесе

              Сынды кеше

 

Жарайсыңдар балалар! Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Асықтарыңызды санайық, тең түсті. Жеңіс екі жаққа бірдей болды. Жеңістерңіз құтты болсын. Барлық балаларға медаль тағып марапаттау.

Тәрбиеші: Ой жақсы болды ғой. Рақмет Аида.

Али: Ия досым, Рақмет. Біздің кітабымыз ғой

Айя: Балалар сіздерге көп көп Рақмет. Сіздермен өте қызық болды Мақалдыда, жұмбақтыда, барлығын ұғып алдық. кездескенше, Сау болыңыздар!

Тәрбиеші : Сау болыңыздар. Али, Айя. Жолдарыңыз болсын.

Қорытынды:

Бүгінгі сайыс ұнады ма?

Сайыста не туралы айтылды?

«Мақал -сөздің мәйегі» атты сайысымыз өз мәресіне жетті Сау болыңыздар . Келіп тамашалағандарыңызға рақмет!

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі; Мақал-мәтел , жұмбақ шешуді;

Үйренеді; Мақал туралы түсінеді;

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *