Шартты өлшемнің көмегімен сусымалы денелерді өлшеу

Білім беру салалары: Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы:  Шартты өлшемнің көмегімен сусымалы денелерді өлшеу

6-ға дейін санау, реттік және мөлшерлік санау

д/о: «Бір, жалғыз, көп ұғымынасәйкес суреттерді ата»

Мақсаты:  6-ға дейін санау, реттік және мөлшерлік санау

Балалардың санау,  логикалық ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру.

Шартты өлшемнің көмегімен сусымалы денелерді өлшеуге үйрету

                    Бір, жалғыз, көп ұғымдарына сәйкес суреттерді ажырата білу.

Қызметтің кезеңдері Тәрбиеші әрекеттері Балалардың әрекеттері
Мотивациялық —

түрткі болатын

Балаларға бүгін бізге қонаққа әжей келу керек.

Әжейге дәмді тамақ пісіру керектігін айтып түсіндіремін. Ішінде күріші бар банканы топқа әкелемін.

Балалар қызығушылықтарын білдіреді,
Ұйымдық — іздену Міне, столдың үстінде бір банка күріш тұр.

Оның ішінде қанша күріш бар?

Қалай білеміз?

Балалар өз пікірлерін айтады.

-Өлшеу керек.

-Немен өлшеуге болады? (таяқша, бау, жіп, қасы, стақан ұсынамын -Стақанмен және қасықпен
-Немен тез өлшенеді? -Стақанмен.
-Мен стақанды толтыра күріш саламын, ал сендер  алдыларыңа бір пішіннен бөлек қойып отырыңдар.

Стақанды толтырып алып табақшаға саламын.

 

 

Ал, балалар пішін қояды.

-Неше пішін қойдыңдар, санаңдаршы? -6 пішін қойдық
-Сонымен банкіде қанша стақан күріш болған екен? -6 стақан күріш болды.
-Сонымен, палау пісіруге маған қанша  стақан күріш керек екен? -Палау пісіруге 6 стақан күріш керек екен.
Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрайық,

Мойнымызды бұрайық.

Қолымызды созайық.

Жел сияқты қалықтап,

Оңға, солға иіліп,

Денемізді бұрайық.

 

Текске сәйке қимылдар жасайды.

-Палауды дайындамас бұрын ,біз әжейге арнап тәтті жеміс салатын  жасауымыз керек Балалар қызығушылықтарын білдіреді.
-кассада көкөністер: 6 сәбіз,  2 алма, 1 ананас

-Балалар, сендер көздеріңді жұмыңдар, ал Малика тақтаға келіп, көкөністердің жанына сәйкес сандарды салады.

 

 

— көздерін жұмады, қайта көздерін ашып, санап, сандар дұрыс қойылған-қойылмағанын тексереді.

-Міне балалар тәтті  жеміс салаты да дайын болды. -Балалар қуаныштарын білдіреді.
Ойын «Қанша рет?»

Балалар, қазір көздеріңді жұмып, тоқылдақ ағашты қанша рет тоқылдататындарын тыңдаңдар.

-Сылдырмақ қанша рет сылдырайды (4)

-қасық неше рет тарсылдайды (3)

 

-Тыңдайды, 6 рет тоқылдатты.

 

-Сылдырмақ 4 рет сылдырады

 д/о: «Бір, жалғыз, көп ұғымынасәйкес суреттерді ата» Балалар суреттен Бір, жалғыз, көп ұғымынасәйкес суреттерді атайды.
Рефлекстік — түзету Сабақты қортындылаймын. Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтап-мадақтаймын. Балалар сұрақтарға жауап береді. Өз пікірлерін білдіреді.

 

Күтілетін   нәтиже

Біледі:

  • Жалпы сандар туралы;

Игереді :

  • 6-ға-ке дейін реттік және мөлшерлей  санауды;

Меңгереді:

  • Сұрақтарға толық және дұрыс жауап беруді;
  • Шартты өлшемнің көмегімен сусымалы денелерді өлшеуді;
  • Бір, жалғыз, көп ұғымдарына сәйкес суреттерді ажырата білуді;
  • Дыбыстардың қанша рет дыбысталуын санай отырып ажыратуды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *