Телефон

№33 «Орленок» МКҚК бөбекжайы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«Балапан» ересек тобы Тәрбиеші: О.А. Едресова Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: «Көркем әдебиет» Тақырыбы: «Телефон» Мақсаты:Жұмбақ өлеңнің мазмұнын ашып, өмірге қажетті заттар,телефон ақпараттық құрал түріне жататындығы туралы.дұрыс пайдалану жолдарын үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: суреттер қарау. Әдіс тәсілдер: Түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауап,бағалау, сергіту сәті
Қажетті көрнекі құралдар: суреттер,көрнекіліктер Қостілділік компонент: телефон-телефон-Phone
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері: Балалардың көңіл-күйлері
Арайлап таң атты, көтеріңкі.Өлең жолдарын
Алтын сәуле таратты. айтады.
Жарқырайды қаламыз,
Құлпырады қаламыз.
Жұмбақ:
Шыр-шыр етеді, -телефон
Ұстай алсаң сөйлеп кетеді

Ұйымдастыру- іздестіру

-Білесіңдер ме,балалар, телефонды өте ертеде ойлап тапқан.Бұл
сөз екі бөліктен құралған, «теле» -алыс, «фон»-дыбыс, яғни
алыстан естілген дауыс.Қазіргі, біз сөйлесіп жүрген телефонды,
америка ғалымы Александр Белл ойлап тапқан.
-Қалай ойлайсыңдар, телефон не үшін керек, өмірде оның қандай
пайдасы бар? — хабарласу үшін

-Ол өмірде, жұмыс бабында,туыс-жолдаспен хабарласу үшін көмегі
зор. Үйден шықпай-ақ досыңмен, туған-туыстарыңмен хабарласуға,
ақпарат алуға,таратуға болады.
-Телефонмен сөйлесу әдебін білесіңдер ме? Телефонмен сыпайы,
қысқа сөйлесу керек.

-Қоңырау үнін естіген соң, не деп жауап беру керек? Қоңырау үнін естіген
соң, тұтқаны көтеріп,
амандасу керек.

-Егер сенен үйдегі адамдардың біреуін шақырып жіберуді өтінсе,
«бұл кім?» «оны қайтесіз?» деу орынды ма? -Жоқ

-«Қазір сөйлесе аласыз ба, кедергі жасап тұрған жоқпын ба?»-
деп сұрап алу орынды ма? -Ия

-Балалар, естеріңде болсын әдепті адам ешқашан ұзақ сөйлеспейді.

Сергіту сәті: Сергіту сәті: Балалар тәрбиешімен
Биік болып өсеміз бірге өлең жолдарын
Жапырақтай жайқалып қимылдар арқылы
Табиғатты сүйеміз көрсетеді.
Денемізді тік ұстап Ойынды қызығушылықпен
Билеп –билеп аламыз. орындайды.

Дидактикалық ойын: «Түстерін тап» Ойынға деген
Mақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, есте қызығушылықтарын
сақтау қабілеттерін дамыту арттыру.
.
Қимылды ойын: «Телефон»
Мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту,
балаларды шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Рефлексивті-түзетушілік
Оқу қызметті сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.
-Балалар сонымен телефон не үшін қажет? -Ол өмірде, жұмыс
бабында,туыс-жолдаспен
хабарласу үшін көмегі
зор.
Жақсы қатысқан балаларды мадақтау,бағалау.

Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: жұмбақты шеше біледі; Нені игереді: ақпаратты электронды техника -телефон арқылы алуға және таратуға болатындығын,қарапайым ақпарат көздерін қолдану дағдыларын,сөйлесу үшін қажет екенін ; Нені біледі: қарапайым ақпарат көздерін қолдануды,ақпарат алушы мен таратушы туралы білімді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *