«Мектепке дейінгі балалардың музыкалық аспапта логоритмиканы қолдану»
Қалалық білім бөлімінің «Сыр бөбегі» бөбекжәй бақшасының І-санатты музыка жетекшісі Ж.Мұхамет
«Мектепке дейінгі балалардың музыкалық аспапта логоритмиканы қолдану»
Жоспары:
І.Кіріспе
Еліміздің саяси және экономикалық дамуына сай жасалып жатқан инновациялық тым қадамдар білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып отыр. Білім және ғылым қызметкерлерінің съезінде Елбасының өзі қатысып ғылым мен білімді дамытудың түйінді мәселелеріне талдау жасауында білім беруді жетілдіру, оқыту үрдісінде жаңа технологияларды толығымен пайдалану сияқты маңызды мәселелерді көтерді.
Мұғалімнің кәсіби дайындығы оның қоғамдық саяси, арнаулы және педогогикалық-психологиялық терең жан-жақты білімді болуымен анықталады. Білімді үнемі толықтырып отыру,өз пәніңді жан-жақты игеру қазіргі мұғалімге қойылатын басты да нақты талап.
Музыка жетекшісінің тәрбие беруде басты мақсаты музыка өнері арқылы рухани бай,шығармашылығы мол халық өнерін өмірідің бейнесі ретінде түсініп оны сүйе білетін, халқымыздың әдеп-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейтін, халық өнерін құрмет тұтатын, ұлттық көз қарасы кең дарынды да талантты жеке тұлға тәрбиелеу.
ІІ.Негізгі бөлімі
Қазіргі кезде тіл кемістігі бар балалар саны күннен – күнге артуда. Педагогтар мен мамандарды көбінесе балалардың тілінің дамуы алаңдатады.
Ата-аналар баланың әр кезеңдегі өсу процесін қадағалап, тіл кемшілігінің неден пайда болғанын анықтау үшін дәрігерлерге, логопед мамандарға апарып, оны шешу жолдарын тауып, дер кезінде көрсетіп, емдетсе – балалардың тіл кемшіліктері жойылады. Логопед мамандар түрлі тіл кемшіліктерін түзету жолында белгілі бір нәтижеге жету үшін, балаларға арналған әдіс-тәсілдердің ішінен әрқашан тиімді де озық әдістерді іздейді. Осындай әдістердің ішінде түрлі тіл кемшіліктері бар балаларға тиімді деп логоритмиканы ұсынуға болады.
Логоритмика – бұл музыкамен және сөзбен үйлескен қимылдар жүйесі. Ырғақты сезіну – адамның маңызды сезімдерінің бірі. Дәл логоритмика осы параметрлердің бәрі бойынша баланың ырғақты дамуынан құралады: музыкада және қимылдағы сөйлеуде (моторикада).
Логопедиялық ритмика – тіл, музыка мен дене жаттығулары, қимыл- қозғалыстары көмегімен іске асырылатын емдік ритмиканың құрама бөлімі болып табылады. Тіл кемістігін түзетудегі логоритмикалық әсердің маңызын көптеген зерттеушілер атап өткен. Мысалы: В.М.Бехтерев, О.В. Правдина, В.А.Гиляровский, М.Е. Хватцев, Р.И.Лалаева (1) т.б. Олардың пікірінше «Логопедиялық ритмика – жалпы тонусқа, моторикаға, көңіл-күйге әсер етеді, ол орталық жүйке жүйесінің нерв процестерінің қозғалысын жаттықтыруға мүмкіндік береді, ми қабатын белсендіреді».
Логоритмикамен шұғылдануды ортаңғы жастан бастауға болады.
Ырғақ (ритм)-қозғалыс элементерін пайдаланумен дыбыстың динамикасы, ансамблдің сипаты жөнінде алғашқы түсініктер береді.Бұл ұрып ойнайтын аспаптарды үйренудің алдында біраз балалардың ырғақ сезімін дамытатын қарапайым жаттығулар жасаған тиімді.
ІІІ.Қорытынды бөлімі
Музыка организмнің жалпы қызметіне оңды ықпал жасайтыны дәлелденген. Музыкалық қабілетінің дамуы, естуді және өзінің қимылдарын музыкамен үйлестіре білуді жетілдіру процесінде жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалар үшін бұл іскерліктерді ырғақты жаттығулар, музыкалық қимыл жаттығулары, түсінікті әрі қызықты етіп дамытуды мүмкіндігінше ерте балалық шақтан бастау керектігін Карл Орф әдістемесінен көрдік.
Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейрімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз – өзіне сенімділікті тәрбиелеу біздің басты борышымыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.edu.mcfr.kz›Статьи›577-balalardy-tzetu…
2.bilimsite.kz›Бала-бақша›5383-balabaksha…
3.Карл Орф. Балаларға арналған музыка. Челябинск. 2008ж.
4.И.Панифидникова, Н.Сапожникова “Ырғақ шығармашылығы” // Шеңбер №1-2006ж.
5.Тютюнникова, Т. Карл Орфтың балабақшаға негізделген музыкалық аспаптары // мектепке дейіннгі тәрбие //-1998ж, № 2- С 141-144.