Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

6 саны мен цифры

Наурузбаева Жанерке Бишенкуловна
5 мин оқу 300 оқылым

Пән: Математика Мектеп:№5 бастауыш мектебі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сандар және цифрлар
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Наурузбаева Ж
Сынып: 1 Қатысқандар саны: 25
Қатыспағандар саны: 0
Сабақ тақырыбы: 6 саны және цифры

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.2 Бір таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру.
1.1.1.1. Санау барысында натурал сандардың реттік нөмірі анықталатындығын түсіну. 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау,олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.
1.1.1.3. Бір таңбалы сандардың құрамын анықтау. натурал сандарды алу жолын біледі; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды;натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;бір таңбалы сандардың құрамын анықтайды;
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: 6 санының құрамы және құрылу жолдарын түсіну.Сандық сәуледегі орнын анықтау.
Көптеген оқушылар: Әртүрлі заттарды санау арқылы заттардың артық немесе кем екенін тауып, қорытынды жасау.
Кейбір оқушылар: 6 санына қатысты «+» және «-« амалдарының барлық жолдарын қолдану.
Бағалау критерийлері: 1. 6 санының сандық сәуледегі орнын табады.
2. 6 санының құрылу жолын біледі.
3. 6 санының құрамын анықтайды.
Тілдік мақсаттар: Алты – шесть – six
« алдыңғы сан», «кейінгі сан» деген математикалық сөздерді дұрыс қолданылуын қадағалау
Құндылықтарды дарыту: Өзара сыйластыққа, сүйіспеншілікке, ұжым негізін тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар: Сауат ашу, музыка,бейнелеу
Бастапқы білім
Оқушылар 1-ден 5-ке дейінгі сандарды біледі, сандардың құрамын айта алады

Сабақ барысы:
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
5 мин 1) Психологиялық ахуал орнату
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз – еңбектену
Еңбектену арқылы «беске» қол жеткізу!
2) Топқа бөлу
(геометриялық фигуралар түрлеріне қарай топқа бөлу)
І топ Үшбұрыштар. ІІ топ Шеңбер. ІІІ топ Төртбұрыштар.
3) «Сұрақтар қорабы» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтаймын.
- Біз осы уақытқа дейін қандай сандармен таныстық?
- Олардың ішіндегі ең үлкен санды ата
- Тақтаға 1-5-ке дейінгі сандарды ілу, 5 оқушыны шығарып, сан таңдатып, сандарды өсу ретімен тұрғызу, содан соң кему ретімен тұрғызу.

Дескриптор: 1-5- ке дейін тура және кері санай алады, кему өсу ретін біледі.

Геометриялық фигуралар
Сабақтың ортасы
5 мин

10 мин

5 мин

5 мин

5 мин

«Ой шақыру» әдісі арқылы бүгінгі тақырыпты ашу
«Шалқан» ертегісін еске түсіру

Оқулықтағы суретке назар аудару. Ертегі кейіпкерлерін атай отырып, сонша оқушыны тақтаға шығару.
«Ашық сұрақтар» әдісі арқылы жауаптар алу.
- Ертегіде қанша кейіпкер шалқан тартып жатыр?
- Бес кейіпкер
- Оларға көмекке кім келе жатыр?
- Тышқан
- Тышқан нешінші кейіпкер деп ойлайсыңдар?
- Алтыншы
- 6 саны 5 санынан үлкен бе, кіші ме?
Оқушыларды 6 санымен таныстыру.
5 санынан кейін 6 санын қойып,қандай сандар 6 санынан кіші болатынын сұраймын.
Тірексөзбен жұмыс.
6 сөзін 3 тілде айтқызу.
Алты – шесть- six
1- тапсырма (Ж) Жұппен жұмыс
Қатты түрлі-түсті қағаздан қиылған көбелек суреттерін дайындау.

-Әр қатарда қанша көбелек бар?
- Олардың түстері қандай?
- Әр қатарға қосу амалына мысал құрастыр.
Ә) Дәл сондай етіп түйме таратып беру. Суреттегі көбелек саны мен түсіне сәйкес келетіндей етіп, 6 санын әртүрлі тәсілмен қойып көрсетеді.
Мысалы: 3 қызыл, 1 жасыл, 2 көк т.с.с

Дескриптор: 6-ға дейін тура және кері санай біледі;
- Реттік номерін анықтай алады;
ҚБ. «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушыларды ынталандыру үшін бас бармақтарын көрсету арқылы топтағы оқушылар бағалайды.

Дәптермен жұмыс
Үлгі бойынша 6 цифрын жазу

Дескриптор: 6 цифрының жазба, баспа түрін ажыратады, жаза біледі.

2- тапсырма (Ө) Жеке дара жұмыс
Жауабы алты болу үшін, балықшы қай балықтарды жұбымен аулайды?

Оқушылар шелектің ішіне 6 саны шығу үшін қажетті балық санын салу керек.

Дескриптор: 6санының құрылу жолын , 6 санына қатысты + және азайту амалдарының барлық жолдарын шығара алады.
ҚБ. «Графикалық бағалау» әдісі арқылы бағаланады.

Сергіту сәті
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр
Артқа қарай бір адым
Алға қарай бір адым
Жоғары-төмен қарайық
Орнымызды табайық

3-тапсырма (Т) Сандары салыстыр:
>,=,<белгілерін қой
(оқулықтағы салыстыруды орындайды)
1*6 3*6 5*6
2*6 4*6 6*6

Дескриптор: 6-ға дейінгі сандарды бір-бірімен салыстыра алады.
ҚБ. «Шапалақ» әдісі бір-бірін бағалайды.

4-тапсырма Дөңгелек пен шаршыны 6 саны шығатындай етіп жалғастыр:

Дескриптор: 6санын әр түрлі тәсілдермен табуды біледі, 6 санының құрамын анықтай алады.

Түрлі-түсті қағаздан қиылған көбелектер суреті
Сабақтың соңы
5 мин

Біз бүгін қандай сандармен таныстық?
Сандық сәуледе 6 саны қандай саннан кейін келеді?
6 саны қанша заттың санын білдіреді?

Кері байланыс: Жұмыс дәптеріндегі «жетістік баспалдағымен» өзін-өзі бағалау.
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғарыоқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау-бірлескен жұмыс, жеке жұмыс, топтық жұмыс арқылы сабақты меңгерту.Оқушылар берілген әртүрлі тапсырмаларды жеке, жылдам орындай отырып, өздеріне деген сенімділігі артады.Осыдан түсінік пен дағды қалыптасады.Жұптасып орындау арқылы қабілеттері сараланып, шығармашылыққа, жылдамдыққа жетелейді.Ал кейбір оқушыларға көмек болған жағдайда көмек беріледі. Тапсырмалар жеңілден қиынға әдістерін қолданып, оқушыларға орындатамын. Оқушылар сабақ барысында тапсырмаларды орындау арқылы сабақтың мақсатына жетеді. Сабақ барысында үйренгендерін бағалау үшін мынадай әдіс-тәсілдерді жұптық жұмыста «бас бармақ» бағалау әдісі, жеке-дара жұмыста «графикалық бағалау» әдісі, топтық жұмыста «шапалақ» бағалау әдісін, сабақ соңында рефлекция жүргізуде «жетістік баспалдағы» әдісі арқылы өз-өздерін бағалауды пайдаландым.

Сабақ бойынша рефлекция

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз?)
1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады? (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз?)

1:

2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, аелесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Наурузбаева Жанерке Бишенкуловна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 72 оқылым