Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

25 қазан Республика күніне арналған  «Республика ерікті ел Қазақстан» атты салтанатты іс-шараның жоспары

Автор

Баяхметбаева Салтанат Еркебековна
5 мин оқу 161 оқылым

Баяхметбаева Салтанат Еркебековна
Абай облысы, Жаңасемей ауданы
"Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі " КММ
Тәлімгер

25 қазан Республика күніне арналған  «Республика ерікті ел Қазақстан»атты салтанатты іс-шараның жоспары

Өтетін орны:  мектеп актзалы  (Мектеп актзалыҚР мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп, ілінеді. Слайд, бейнеролик қосылады.)

Шақырылатын қонақтар: ұстаздар, ата-аналар, оқушылар.

Уақыты: 24.10.2024 ж сағат

Түрі: салатанатты іс-шара

Жүргізуші: А.Оразова

Жауапты: С.Баяхметбаева

Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі  Республика күніне арналған салтанатты іс шараға қош келдіңіздер!

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

  1. Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.
    1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.

1.Сап түзелсін, салтанатты жиынға «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының туы енгізілсін. («Атамекен»  әнінің әуенімен ту енгізіледі.)

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранына сап түзе!

Әнұран орындалады.

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына оқушыларды қабылдау және мектеп парламентінің президентін ұлықтау салтанатты бүгінгі мерекемен қатар келуі  жас жеткіншектер үшін үлкен абырой!

Қазақстан күннен –күнге өркендеп гүлденуде. Биыл тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 33 жылдығы. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз.

Ендеше 25 қазан Республика күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан»  ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отырып, алдымен ұйымның мақсат-міндет ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.  Мақсаты -оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.  Міндеттері  әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.

Жас Ұлан –жігерлі де жайдарлы ұйым,

Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым

Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға

Жас Ұлан-жалынды ұйым, айбарлы ұйым.

Білімді  көкіректе нұр деп түсін

Жігерлі , жалынды отты жыр деп түсін

Аталған мақсат, талап ережені,

Орындауға  бәрің де міндеттісің!

Ортаға   «Жас ұлан»  ұйымына қатысатын 1-сынып оқушыларын шақырайық.

Бүгінгі жиынның  ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданушы 1-сынып оқушыларына береміз. (Жас Қыранның бір мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, Ант етеміз, Ант етеміз»  деп үш рет қайталайды.)

1-сынып оқушыларына «Жас Қыран»  төсбелгілері мен галстуктарын тағу үшін мектептің озат , үлгілі оқушыларын ортаға шақырамыз.

1.Серік Әдемі

2.Қалдығазы Асанәлі

3.Мадияр Елдияр

  1. Кандалинов Али

5.Мұхитқызы Жангүлім

6.Джумадилова Айша

  1. Жагипаров Нұрхан

8.Байырбекова Аяла

9.Акимова Жангүл

  1. Қапсамет Ерасыл

(Тақпақтарын айтады)

Келесі кезекте «Жас Ұлан» ұйымының қатарына өтетін 5-сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.

Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан»  ұйымына қабылданушы 5-сынып оқушыларына береміз.  (Жас Ұланның бір мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, Ант етеміз, Ант етеміз»  деп үш рет қайталайды.)

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар! Сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

  1. Ардагер ұстаз Асия Сериковна
  2. Ляззат Тұрсыновна
  3. Маржан Токеновна
  4. Құралай Нұрахметқызы

5.Салтанат Оқановна

6.Жанар Мәулетбековна

7.Бақыт Қалидоллақызы

  1. Шынар Тәңірбергенқызы
  2. Әсем Бейсенқызы

10.Гулмира  Бақтыбековна

  1. Айнұр Жеңісқызы
  2. Ата аналар комитетінің төрайымы Жанар Аппасовна

12.Айгүл Әлімғазықызы

  1. Әділ Серікбайұлы
  2. Мектеп медбикесі Әлия Әлімғазықызы

 (Тақпақтарын айтады. «Жасұлан» Гимні шырқалады.)

Құрметті оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз. Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.

«Жас Ұлан» -Қазақстанды сүйеді,

«Жас Ұлан»-мектепте үздік оқиды,

«Жас Ұлан»-үлкендерді құрметтейді,

«Жас Ұлан»-тек шындықты айтады,

«Жас Ұлан» спортпен еңбекті ұнатады,

«Жас Ұлан»-болашақ «Жас Отан»!

2024 жылдың 18 - 21 қыркүйек күндері аралығында мектеп парламентінің Президентіне үміткер 2 оқушы  сайлау алды үгіт насихаттарын жүргізді.

Ал  19 қыркүйек күні  мектебімізде өткен сайлауында 85 сайлаушы  өз  дауыстарын беріп, сайлау мәресіне жетті.

Сонымен,  бүкіл мектептік сайлау нәтижесінде мектеп президенті лауазымына, 63 дауыс, 75%  жинаған 9 сынып оқушысы Серік Әдемі Ринатқызы   сайланды.

Олай болса Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінің мектеп парламентінің президенті Серік Әдеміні салтанатты ант қабылдауға ортаға шақырайық.

(Ант қабылдайды. «Жасұланға» қабылданған оқушыларды құттықтап сыйлықтарын таратады.)

Қазақстан, Қазақстан – алтын күн,
Жанымызда жарылқайтын жарқын күн.
Атандың сен барлық әлем тілінде,
Атыменен «Қазақ» деген халқыңның.

3- сынып оқушыларын «Қазақстаным  Отаным» әнімен ортаға шақырайық.
Жүргізуші:

Ел жоқ білем аңсамаған теңдікті,
Еркін жүріп көксемеген кеңдікті
Он бес жыл болды, тәуелсіздік алдық біз.
Жалғастырып баба жолын, елдікті.

Райянның орындауында «Біз бақытты баламыз» әнін қабыл алыңыздар!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Би «Батырлар ұраны»

Қазақстан, Қазақстан – ұлы анам,
Есіміңді естігенде қуанам
Қазақстан – қиял жетпес биік тау,
Қазақстан – жазғы күнгі гүл алаң.

Мектеп оқушыларын марапаттау сәтіне кезек берейік.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Томиристің орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар!
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі Республика күніне арналған «Республика ерікті ел Қазақстан» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Тамашалағандарыңызға рақмет! Республика күні құтты болсын! Көк туымыз көк аспанда желбірей берсін!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Баяхметбаева Салтанат Еркебековна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин