Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

21 ғасырдағы мектеп қандай болуы қажет?

Дүйсенбек Ақмоншақ Мұханбеталиқызы
1 мин оқу 135 оқылым

Қазіргі таңда мектеп - бала жанының дамуына үлкен үлес қосатын алтын ұя. Онда өткен әрбір күн -  балаға рухани азық беріп, кемел келешекке жетелейді. Алайда мектеп өзінің осы қасиеттерін сақтау үшін міндетті түрде заман талабына сай болуы қажет. Ендеше, 21 ғасырдағы заманауи мектеп қандай?

Қазақта «Білім- инемен құдық қазғандай» деген керемет нақыл сөз бар. Білімнің шыңын табу қиын. Алайда, мектеп сол шыңға бағыттаушы орта болуы қажет деп ойлаймын. Сол себептен де, біріншіден Қазақстандағы әрбір заманауи білім ордасы балалардың жазу-оқу үйренуіне қолайлы жағдай жасауы керек. Себебі білім бар жерде - саналы ұрпақ бар. Ал саналы ұрпақ – келешектің кепілі.

Әлемдік аренада үздік елдердің барлығы дерлік білім саласына жіті назар аударады. Біздің де, дамыған отыз елдің қатарына кіріп, «Мәңгілік ел» атануды қаласақ, ең алдымен мектептерді заман талабына сай етуіміз керек. Статистикаға сүйенсек, Қазақстандағы оқу ордаларында 405 мың компьютер бар, оның 162 мыңы яғни 40 % ғана жарамды. Бұл дегеніміз оқушылардың көп бөлігі цифрлық дамудан мақұрым қалып жатыр. Ал қазіргі заманда компьютер тілін білмеу біз үшін ауыр сын. Сол себептен де, оқушыларды қажетті техникамен қамтамасыз еткен жөн.

Менің қарастырғым келетін үшінші мәселе – мектепте демалыс орындарының, яғни  коворкинг зоналарының болуы.  Демалыс орындары арқылы баланы күйзеліс күйінен, сонымен қатар ауыр күннен кейінгі шаршаудан сақтай аламыз. Бұл оқушыларға қызық сәттерді ғана қалыптастырып қоймай, мектеп имиджін көтеруге көмектеседі.

Мектеп түлегі ретінде, оқушылардың комфорт жағдайда білім алуы олардың зейінін ашатынына сенімім мол. Сол себептен де білім ордасының балаға ыңғайлы болуы білімді ұрпақты қалыптастыратыны анық.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Дүйсенбек Ақмоншақ Мұханбеталиқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым