Жас өспірімдердің құқық бұзушылық әрекеттерінде толық адам гуманизмі

Рашид Мейіржан Бақытжанұлы
Ғылыми жетекші: Ф.ғ.к қауымдастырылған профессор Тулекова Гулжан Хажмуратовна

Аңдатпа

Мақаланың өзектілігі — Кодекс 3,Бап 3.1. «Жас өспірімдердің құқық бұзулышық әрекеттерін тек жазалау шарасы ретінде емес, оның әлеуетін ашуға бағытталған реабилитациялық бағдарламалар арқылы қарастыру» бойынша, тіпті бұл құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу шараларындағы «Толық адам» концепциясының рөлі мен қызметін талдау болып табылады.Қазіргі замандағы жасөспірімдер үшін қаншалықты 19 ғасырдағы гуманизм маңызды және ол құқық бұзушылықты қалай азайта алатындығы туралы баяндаймыз.

Кілт сөздер: құқық,қылмыс,жасөспірімдер,отбасы,қоғам,тұлға.

ЦЕЛЫЙ ГУМАНИЗМ В ОСВОБОЖДЕНИИ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИХ

                                                         Аннотация

Актуальность статьи-Кодекс 3, Статья 3.1.по» рассмотрению правонарушений подрастающего поколения не только как мера наказания, но и посредством реабилитационных программ, направленных на раскрытие его потенциала«, и даже это анализ роли и деятельности концепции» полного человека » в мерах по предотвращению и предотвращению правонарушений.Мы расскажем о том, насколько гуманизм 19 века важен для современных подростков и как он может уменьшить количество правонарушений.

Ключевые слова: право,преступление,подростки,семья,общество,личность.

FULL HUMAN HUMANISM IN THE ILLEGAL ACTS OF YOUNG ADOLESCENTS

Abstract

The relevance of the article is to analyze the role and function of the concept of «Full man» in measures to prevent and prevent offenses,even in terms of «considering the delinquent behavior of young people not only as a punitive measure, but also through rehabilitation programs aimed at revealing their potential».We talk about how much 19th century humanism is important to modern teenagers and how it can reduce delinquency.

Keywords: Law,Crime,adolescents,family,society, personality

Кіріспе

Жас өспірімдер — адамның ер жету немесе бой жету кезеңіне алып баратын шақ. Бұл кезеңде адам тек қана өз отбасында алған тәрбиесіне ғана емес, қоршаған ортасына, достарына, айналасындағы үлгі беретін жандарға қарап бейімделе бастайды. Дәл осы шақта адамның өмір бойғы жеке мінезі, өмір жолы және тұлғалық қасиеттері қалыптаса бастайды.

Негізгі бөлім(әдістер,нәтижелер,талқылау)

Кей адамдарда бұл кезең қиындықсыз өтсе,бірінде өте үлкен мәселелермен және қайшылықтармен өтуі мүмкін.Соның ішінде,жас өспірімдік шақтағы құқық бұзушылық әрекеттерін жасайтын адамдар өз-өзін таба алмаған,бос уақытын дамуға және өз-өзін іздеуге емес,пайдасыз нәрселерге жұмсайтын және кей жағдайда отбасында мейірімге бөленбегендер.Бұндай бассыздықтарға жол беретіндерге балалық қателікпен жасап жатқандарын дер кезінде түсіндірмесе,арты жақсы болмайды.Бұның шешімін Абай Құнанбаев 19 ғасырда ақ тауып кеткен секілді.Өйткені «Толық адам» гуманизмы көптеген түйіндердің шешімі бола алады.

  1. 2022–2025 жылдар аралығындағы құқық бұзушылық статистикасы (Жасөспірімдер)
Жыл Тіркелген құқық бұзушылық саны Қылмыстық істер саны Қоғамдық жұмысқа тартылғандар
2022 4 500 1 200 1 000
2023 4 100 1 050 1 200
2024 3 700 950 1 500
2025* 3 200 (болжам) 800 (болжам) 1 800 (болжам)

🔹 Байқау: Жыл сайын құқық бұзушылық саны азайып келеді. Бұл – құқықтық тәрбие, мектептердегі алдын алу шаралары, гуманистік бағыттағы бағдарламалардың нәтижесі болуы мүмкін.

2022–2025 жылдар аралығында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар азайып келе жатқанымен, мәселе әлі де өзекті. Бұл салада Абайдың «Толық адам» ілімі, гуманистік тәрбиелік бағыттар, және мемлекеттік қолдау үйлесімді түрде қолданылуда. Кодекстер мен заңдар тек жазалауға емес, тұлғаны оңалту мен тәрбиелеуге бағытталған.

Толық адам гуманизмы-адамды рухани кемелдікке,өз-өзін қалыптастыруға және тұлғалық дамуға бағытталады.Бұл гуманизмның мәні тұрақты қоғам қалыптастыру және қоғамдағы тәртіптің біліммен қатар маңызды екенін түсіндіру. «Толық адам»ның 3 негізгі қасиеті бар:

  1. Ақыл.Яғни,кез келген жағдайда терең ойлану, дұрыс шешім қабылдай алу арқылы адам ненің бұрыс ненің дұрыс екенін түсінсе, басқа адамдардың құқығын ешқашан бұзбайды.

2.Жүрек.Мейірім, адамгершілік, жанашырлық және әділеттілік сияқты ізгі қасиеттерді ұстанатын жан басқаны қорлап,жаны ашымастан әділетсіздік жасамайды.Бұл жасөспірімдер арасында кең романтизацияланса олар бір біріне ауыр сөз айтуын да тоқтатар еді.

3.Қайрат.Табандылық және белсенділік секілді қасиеттер адамның бар күш-жігерін біреуді соққыға жығу және қорлауға емес,оны білімге, дамуға және өмірден бар керегін табуға жетелейді.

Қорытынды

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың басты көзі адамның қатігездігі,дұрыс емес шешім қабылдауы және күш-жігерін бұрыс нәрсеге арнауы болып табылады.Бұндай жағдайлардың алдын алу үшін Абай Құнанбаевтың «Толық адам» ілімі теңдессіз даналық.Құрметті жасөспірімдер,адам тек қана өзіне емес,қоғамдағы барлық жандарға жаны ашып,мейрімін көрсете білуі керек.Тіпті мейлі,қоғамға пайдаң тимесе,зияныңды тигізбеуге талпынған жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі және сілтемелер

  1. Жұртбай Т. «Толық адам», 2023
  2. Абай ілімі — ұлттың рухани мәдени коды
  3. «Жасөспірім және заң» (ust.kz)
  4. https://adebiportal.kz/kz/news/view/abai-tolyq-adam-turaly__22874
  5. https://adilet.zan.kz/rus

 

Басқа мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пять × 2 =