Әлеуметтік интеллекттің қоғамдағы алатын рөлі

 Өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда  қалағаннан бастап еліміздің білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау – көзі болған құт қонған орданың ашылғанына 90 жыл толып отыр. Қанша маман иесін тәрбиелеп, біліммен сусындатқан қара шаңырағымыздың мақтанарлық жаңалықтары баршылық.  Университет  білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз  ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, “бакалавр — магистр — PhD”  түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген.  

      Университетіміздің дамуы бізге үлкен мүмкіндіктер берері анық. Сол арқылы білім жүйесінде түрлі өзгерістер болып, болашақ қамын ойлар жас мамандардың әлеуметтік интеллекттерінің дамуына да жол ашылуда.

      Бүгінгі  таңда  адамның  интеллектуалдық  сипатының концептуалдануын  педагогикалық  аспектіде  зерттеу  өзектілік танытып отыр. Әлеуметтік интеллект – адамдар мінез-құлқын дұрыс түсіну қабілеті. Психологияда 1920 жылы адамның қарым-қатынасына қатысты әлеуметтік ақыл-кеңес пайда болды. Әлеуметтік интеллект туралы түсінікті Эдвард Ли Торнкике таныстырады , ол оны басқа адамдарды түсіну қабілеті, басқа адамдарға қатысты ақылмен әрекет ету және әрекет ету ретінде түсінді. Бұл қабілет тұлғааралық өзара әрекеттің нәтижелілігі мен сәтті әлеуметтік бейімделуі үшін қажет. Интеллектуалды жүйенің құрылымдық өзгеруі өмірлік факторлардың ықпалымен болады, оның себебі тұтастай жүйе ретіндегі интеллектінің сапалы өзгерісі. Бұл факторлардың арасынан адамның онтогенетикалық дамуында оқыту мен еңбек іс-әрекеті шешуші рөлге жатады. Интеллект жүйесінің күрделілігі төмендегі байланыстарды көрсетеді: логикалық ойлау және мағыналы ес; логикалық ойлау мен бейнелі ес; вербалды және вербалды емес ойлау; практикалық ойлау, есте сақтау көлемі және зейін; ойлаудағы тұжырымдау деңгейі және ақпарат көлемі.

    Әлеуметтік интеллекттің дамуы — бұл бақытты және табысты өмір үшін қажетті шарт. Интеллект әр тұлғаның орындайтын іс-әрекетінің нәтижелі болуына аралық қызмет етеді. Адамның өзін қоршаған адамдармен, ортамен қарым-қатынасының дұрыс болуы,  интеллектісіне көптен-көп байланысты болмақ. Интеллект тұтас тұлғаның дамуының кіндік қазығы болып табылады. Интеллектінің қабілеттің құрылымындағы ерекше орнын зерттеген ғалымдар интеллектінің психологиялық тетіктерін анықтау жеке адамның тұлғасының құрылымын тануда маңызды рөл атқаратынын айтады.

   Қорытындылай келе, әлеуметтік интеллект — өзара әрекеттесудің табысын айқындайтын білім мен дағды, адамдарға адамдармен оңай араласуға көмектесетін және ыңғайсыз жағдайларға жол бермейтін сыйлық екенін түсінуіміз және оның дамуы мен жас мамандарға насихаттау керек екенін білуіміз керек секілді. Осы жолға бастар негіз — университет қабырғасында оқытушылардың берген білімін өзімізге сіңіру және күнделікті өмірде практикада қолдану болып табылатынын ұмытпайық!

Тленчиева Н.С.

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Cтасюк  А.А.

Психология мамандығының 1 курс магистранты

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Иманғазы М. , 1 курс студенті

Экономика

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *