Бау-бақша

Жуасбаева  М.О

 

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Бау-бақша

 Міндеттері:

Балалардың сөздік қорын байыту, балалардың сөздігіне көкөніс пен жеміс туралы жалпы түсінікті білдіретін сөздерді енгізу.

Дамытушылық міндеті: Сөздік қорын дамыту және дыбыстарды анық айтуға баулу, тілдік жаттығу жасау.

Тәрбиелік міндеті: Еңбек сүйгіштікке, ұжыммен бірлесе жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ жауап, дидактикалық ойын.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер,фребель сыйы, жемістер мен көкөністер муляждары.

Тілдің үш тұғырлығы: Көкөніcтер – овощи – vegetales. Жемістер – фрукты — fruit

 

І.Кіріспе.

Шаттық шеңбер:

Біз қандаймыз,қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Еш уайымды білмейміз.

Сұрақтар:

* Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

* Қазір қай мезгіл?

Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Күз айларын атайықшы.

Күзде не піседі?

ІІ. Негізгі бөлім.

-Балалар, бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметіміз жемістер мен көкөністер туралы.

 

 

 

Жұмбақ:

Аспай піскен, қайнамай түскен.

(Жеміс)

Түсіндіру жұмысы жүргізіледі:

-Неге ол аспай, қайнамай піседі?

Оларға күннің көзі, яғни күн пісуіне көмектеседі).

 

— Қәне, балалар мына суретке қарайық. (мнемокесте арқылы алма,сәбіз туралы әңгіме құрау)

 

Тілдік жаттығу: ал-ал-ал-алма, сә-сә-сә-сәбіз,

шы- шы- шы- шырын.

Балалар қазір осы көкөністерді өз көзімізбен көріп, қолымызбен ұстап көру үшін біз бау-бақшаға саяхатқа барамыз.

Балалар  бір-біріміздің қолымыздан ұстап,абайлап жүреміз. — Ендеше біз бүгін бау – бақшаға саяхатқа барамыз.

Ғажайып сәт:

Міне бау-бақшағада келіп жеттік.

Балалардың алдынан кірпі кездеседі.

Тәрбиеші: Салемет пе кірпі, түріңіз шаршаңқы ғой.

Кірпі: — сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: — сәлеметсіз бе кірпі!

Кірпі: — балалар cендердің келгендерің қандай жақсы болды, мен жемістер мен көкөністерді жинап үлгере алмай жатырмын,сендердің маған көмектерің керек болып тұр.

Тәрбиеші: — әрине көмектеседі,балалар біздің балалар сондай еңбекқор. Жемістер әбден піскендіктен жерге де түсіп үлгеріпті, көкөністер мен жемістеріміз араласып кетіпті. Біз екі себетке көкөністер мен жемістерді ажыратып салайық .

Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажыратады».

Мақсаты: балаларға жемістер мен көкөністерді қайда өсетінін, оларды ажырата білуге баулу. Саусақ моторикасын дамыту.

Кірпі: — Балалар сендер өте еңбекқор екенсіңдер.

Тәрбиеші: балалар көрдіңдерме бау- баша осыншама көп өнім беру үшін не істеу керек екен ?

Балалар: көп еңбек ету керке.

Тәрбиеші: балалар жұмбақта, еңбек туралы мақал- мәтелдерде біледі.

-Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? «Еңбек — адамның екінші анасы»,

«еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,

«еңбек-бәрін жеңбек » .

Кірпі: өте дұрыс айтасыңдар.

Кірпі: балалар сендер әрі еңбекқор,әрі білімді екенсіңдер.

Мен сендерге мына себеттегі жемістерді тарту етемін. Балабақшаға барғанда апайларың таратып береді.

Тәрбиеші: жақсы топқа барып жейміз. балалар кірпіге не дейміз? Әрине рахмет! айтамыз.

-Жемістерді жемес бұрын не істеу керек?

Тәрбиеші: жақсы, енді біздің балабақшаға оралатын уақытымыз келді. Сау болыңыз!

Балалар жемістер мен көкөністерді жинап шаршадықпа,ендеше бір сергіп қалайық.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп аламыз,

 Қалтамызға саламыз.

Балалар енді біраз тапсырмалар орындап тастайық. Тапсырмаларды орындау үшін мына жемістердің суреттері арқылы екі топқа бөлінейік.

1.топқа тапсырма: Фребельдің пішіндерінен жемістер құрастыру.

2.топқа тапсырма: суретке қарап сөйлем құрастыру..

Жұптық бағалау және топтық бағалауды жүргізу.

Тілдің үш тұғырлығы:

Көкөніcтер – овощи — vegetales.

Жемістер – фрукты — fruit.

 

ІІІ. Қорытынды.

Балалар бүгін біз қайда  бардық?

Онда нені кездестірдік?

Кірпіге қандай көмек көрсеттік?

Бақшада не өседі екен, ал бауда не өседі екен?

Кім жемістер мен көкөністер туралы тақпақтар біледі?

Балалар тақтада екі себет ілулі тұр, егер сендерге бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі түсінікті болса қызыл алманы үлкен себетке жапсырамыз, ал түсініксіз болса жасыл алманы кішірек себетке жапсырамыз.

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды, сендер өте жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар, мен сендерді мынандай көңіл күймен бағалаймын-деп  смайликтер  таратамын.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.