«Сапалы білім беру» тұрақты даму мақсатының төртінші тақырыбы аясында ашық сабақ өткізілді

2024 жылдың 08 ақпанында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Филология факультеті, Шетел филологиясы және Аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен, Шетел филологиясы мамандығында оқитын 1-ші курс магистранттары Байманасова А. А. мен Мурзакенова К. А. және аға куратор әрі топ эдвайзері Байелі Ә. Ж. “Тұрақты даму мақсаттары” жобасының 4-інші тақырыбы, “Сапалы білім беру” тақырыбы аясында “6В02303 — Шетел филологиясы ” мамандығының 1-курс студенттерімен ашық сабақ өтті.

Ашық тәрбие сағатының мақсаты: жастардың сапалы білімге деген құштарлығын оятып, рухани тәрбие беру. Ашық тәрбие сағаты дөңгелек үстел түрінде өтіп, оған 15 студент қатысты. Сабақ барысында студенттер өз ойларын ашық жеткізіп, белсенді қатысты. Студенттер өз ойларын ашық білдіріп, әр студент сұрақтарға жауап беріп, барлық тапсырмаларды орындады. Студенттер сапалы білім ұғымын кеңірек сипаттап, басқада жаңа мәліметтермен танысты. Ашық сабақ жоспарланған уақытымен өтіп, мақсатқа толықтай жетті.

Ашық сабаққа қатысушы студенттер Қазақстан мен шет елдердегі оқу жүйесімен танысып, білімнің қаншалықты сапалы деңгейде беріліп жатқандығы жайлы мәлімет алып, өз ойларымен де кең түрде бөлісті.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *