Кітапхана киелі мамандық

КІТАПХАНАШЫ – КИЕЛІ МАМАНДЫҚ

«Кітап – алтын қазына» десек, кітапхана іші қазынаға толы алтын сандық іспеттес. Тағылымы мол тәрбие ошағы саналатын кітапхананың алар орны орасан зор.  Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын киелі орда. Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Ә.Кекілбаев «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін, ал кітапханашыларды сол ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын» деген екен. Иә, қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі мол. Оқырман мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана дейтін болсақ, кітапханашылар бүгінгі заман ағымына ілесе отырып, оқырмандардың сұранысы мен талаптарына сай барынша толыққанды ақпараттармен қанағаттандырып, оқырмандардың оқуына қажетті жағдай жасап, келешек жас ұрпақтың өз Отанын, туған жерін шексіз сүйетін, елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын білімді, парасатты, жан –жақты дамыған, тілі мен дінін, салт-дәстүрлерін қадірлейтін, оқырмандардың тұлға болып қалыптасуына, рухани дамуына өз үлестерін қосуда. Кітапхана – дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Өйткені кітапхананың – әлемдік өркениетте алатын орны ерекше деп нық сеніммен айта аламын. Кітапхана – этика алаңы. Рухани құндылықтарға бай кітапхана өз бағасын жоғалтпаған. Озық технологиялар дамып, қарыштаған кезеңде де өз оқырманымен бағалы. Адамға білім азығын беріп қана қоймай, ішкі мәдениетін байытады. Жан сарайыңды ашып, үнсіздікте кітап оқу арқылы айналаңызда отырған жандарды сыйлауға жетелейді. Кітапты парақтап оқығанға ештеңе жетпейді. Қолыңа кітапты алып қарағаныңның өзіңде көзбен есте сақтауды арттырады. Кітап оқитын жастар жоқ деген сөзге қарсымын. Оған дәлел біздің оқырмандар. Жаңашылдыққа жаны құмартып тұрған кітапханаға келушілерді көргенде жаның жылиды. Кітап – білім бұлағы екенін ұмытпайық. Ол арқылы керек ақпаратты алып қана қоймай, өскелең ұрпаққа насихаттаймыз. Насихат үйден бастау алады. Ата-ана кітап оқыса, өсіп келе жатқан ұл-қыздары да қолына кітапты алары сөзсіз.

Гүлхан Лұқпанқызы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *