Қысқа мерзімді жоспары

Қысқа мерзімді жоспары
Бөлім: PYTON  тілінде алгоритмдерді программалау.
Педагогтың аты-жөні: Қожамқұлова Гүлнұр Бейсенқызы
Күні: 18-20.01.2023
Сынып: 9 ӘА Қатысушылар саны   Қатыспағандар саны  
Сабақтың тақырыбы: Бір өлшемді массив
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін:
Массив ұғымын анықтау;
Көптеген оқушылар үшін:
Массив түрлері, типтері, ерекшеліктерін салыстыру;
Кейбір оқушылар үшін:
Массивті қолданудың маңыздылығын тұжырымдау;
Бағалау критерийі: 1.             Массив ұғымын анықтайды;

2.             Массив түрлері, типтері, ерекшеліктерін салыстырады;

Массивті қолданудың маңыздылығын тұжырымдайды.

Сабақтың барысы:

 

Сабақтың кезені/ уақыт Педагогтың әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың басы Ой сергіту жаттығуы. «Шаңырақ» әдісі Оқушылар түрлі түсті ленталардан шаңырақ құрып ұстап тұрады. Бірінші оқушы келесі лентаны ұстап тұрған оқушының бойынан бір қасиетті айтып мақтайды. Келесі оқушы келесі лентаны ұстап тұрған оқушының бойынан екі жақсы қасиетті айтып мақтайды. Іс-әрекет соңына дейін солай жалғасады.

Бұл ойыннан  шаңырақ және шаңырақ астындағы

оқушылар кесте және  кестедегі мәліметтер,  яғни массив ұғымының ашылуына септігін тигізеді.

Үй тапсырмасын пысықтау:

Оқушылар өткен тарау бойынша дайындалып келген тест тапсырмаларын бір-біріне ұсынады. Жауаптар өзара бағаланады.

Мұғалім өзі Kahoot, plickers программаларын қолданып электронды тест тапсырмасын беруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

  Түрлі түсті ленталар

 

 

 

 

А4 парағы, интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Миға шабуыл сұрақтары:

ü  Массив ұғымын қалай түсінесің?

ü  Күнделікті өмірде біртипті деректердің үлкен ауқымымен жұмыс жасауға қандай мысалдар келтіруге болады?

Оқулықпен жұмыс:

Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген сұрақтарға жеке, топта, ұжымда жауап береді.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Массив ұғымы, түрлері, тип, индекс, массив элементтері туралы слайд, бейнежазба арқылы таныстырады.

Компьютермен жұмыс:

1-практикалық тапсырма.

1 ден 10 ға дейінгі натурал сандармен толтырылған тізім құрастыру қажет.

s = [i for i in range (1,10)]

print (s)

жауабы: [1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9]

2-практикалық тапсырма.

lst тізімін n еселі қайталау санына көбейту шартын құрастыру.

b=[6,5]

d=b*3

print(d)

жауабы: [6, 5, 6, 5, 6, 5]

Топтық жұмыс:

Цикл операторының массив элементтерін енгізудегі қызметіне талдау жүргізіңдер. Массив элементтерін енгізу цикл көмегімен қалай жүзеге асады?

Жұптық жұмыс:

Компьютерде үлкен мөлшердегі бір типті деректерді өңдеуге мысалдар құрастырыңдар. Өздеріңе таныс күнделікті қолданып жүрген деректеріңнен түрлі массив құрап, ұсыныңдар. Мысалы, сыныптағы 20 оқушының салмағын алуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ден 10 ға дейінгі натурал сандармен толтырылған тізім құрастырады

 

 

lst тізімін n еселі қайталау санына көбейту шартын құрастырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:

Массивтердің қолданылуын түсіндіреді.

 

 

 

Дескриптор:

Есептерді программалауда массивтерді қолданады.

Оқушылардың жұмыстарын бағалау парағына балл қою арқылы бағалау.

Оқулық

 

Оқулық Bilimland.kz

 

 

 

 

 

 

 

Компьютер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А4 парағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы 1.             Массив дегеніміз не?

2.             Бір өлшемді массив дегеніміз не?

3.             Python-да тізім мен массивтің қандай айырмашылықтары бар?

4.             Python-да массив қалай таныстырылады?

Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді

 

Оқулық

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.  

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *