“Сарыарқа” газеті жарияланымдарының ерекшелігі

Семей қаласында, “Қазақ” газетімен бағыттас “Сарыарқа” атты газет 1917-1918  жылдары шығып тұрған. Газет редакторы атақты Халел Ғаббасұлы. Аталмыш газетте алаш қайраткерлерінің, яғни, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов т.б. тұлғалардың мақалалары шыққан.

  “Сарыарқа” газеті қазақ мемлекетін жасау, Алашорда өкіметін құру секілді мәселелерді көтерген. Бұл газетте көбінесе Ж.Аймауытовтың еңбектері жиі кездеседі. Бірақ, газет бетінде ел қамын ойлаған, Ж.Аймауытов секілді ұлтжан тұлғалардың мақалалары аздық болмаған. Солардың біріне Тұрағұл Құнанбайұлын айта өтсек болады. Абай Құнанбайұлының ұрпағы, өз әкесінің жолын жалғастырмаса да, халқының қамын қиын-қыстау заманда ойлап, демеу беруші болған.

  Айта кетсек, аталмыш газет ұлы тұлғалардың мақалалары жариялануымен ерекшеленген. Сонымен қоса, халыққа қолдау білдіріп, демеу бергенінде айта кетсек орынды.

 

 

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің 1-курс студенті – Кокеева Нұрханым

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *