«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»

Мақала

Авторы: Альби Ахерке

Тақырыбы: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»

Мақаланың мақсаты:  қазіргі кезде мектеп оқушыларының және жастардың болашағының жарқын болуына тікелей ықпал ететін бағыт, яғни олардың сыни сындарлы ойлау дағдысын қалыптастыруды басты орынға қою қажет әрі сол бойынша олармен оқу мен жазу барысында жұмыстар жасалуы қажет.

The purpose of the article is to focus on the development of critical thinking skills that will directly contribute to the bright future of schoolchildren and youth, and on working with them in reading and writing.

 

Сыни ойлаудың біздің заманда ХХІ-ші ғасырда қажеті бар ма, бізге қаншалықты пайдасы бар? Осы сұрақ қазіргі заманда маңызға ие деп айтсақ болады. Барлық жастағы тұлғаларды оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауға жетелеу қазіргі заманның талабы болып табылады. Жалпы, сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз, ол кез келген индивид тұлғаның болсын, жалпы адамзаттың болсын бойында болу керек өзіндік тұжырымдамасының айқын көрінісі.  Өзіндік сана-сезімі, ой-пікірі бар адам ол нағыз сыни тұрғыдан ойлай алатын адам деп санаймын.

Осы орайда қазақтың белгілі бір көрнекті жазушылардың бірі Ж.Аймауытұлының тұжырымдамасын оқып, сол бойынша мына бір өзіңдік түйгеніммен бөліссем:

«Білімді игеру, оқушыларға сабақ өткізу- ол қарапайым нәрсе емес, жоғары құзіреттілікте ғана емес, бұл жаңа нәрседен қайталанбас дүние, ерекше нәрсені, дұрыс бағытты таба алатын дүние» демекші, қоғамда көптеген адамдардың әр түрлі көзқарасы қалыптасады. Сол адамдардың ішінен дараларында ғана, нақтырақ айтсам индивид болып қалыптасқандарынының ішінен сыни тұрғысынан ойлау жағы жоғары болатындар өте санаулы ғана деп айта аламын.

Қарапайым мысал, заман дамыған сайын адамдар да шетінен өзгеруде. Басты себеп, ашық айтсам осы өзгерудегі себеп ол ғаламтордың әлемді жаулауында. Осы ғаламтордың арқасында адамдар үйден шықпай өмірде болып жатқан, орын алып жатқан барлық жаңалықты, ақпаратты, керек мәліметтерді ізденбей, дайын осы ғаламтор желісінен, әлеуметтік желілерден алады. Енді осыған назар аударайық… Жаңалықтардың, қажетті ақпараттардың тез әрі жылдам келгені жақсы әрине, алайда олардың қайсы шыңдық, қайсы дұрыс-бұрыс ақпарат екенін ажырата алатын адамдар аз. Бұл деп отырғанымыз тұлғаның бала кезден дұрыс ойын айтуға және өз құзіреттілігі, өз көзқарасы болуының жоғары дәрежеде болмауында.

 

 

Қазіргі дамыған заманда жалпы оқушылар мен білім алушылардың  ұстаздардан алатыны, үйренетіні көп десек болады. Білім алушыларды оқуға белсенді қатыстыру үшін, олардың жаңа білімді дұрыс қабылдауы үшін, мұғалімдер әрбір пәндік сабақтарға жаңа әдіс-тәсілдер, өзіндік құзіреттілігін пайдалана отыра жеке формада әдістер қолданғаны жөн. Бұл жердегі сабақтың тиімді болуына және сабақтардың бір-бірімен байланыса отырып өткізілуіне екі фактор тікелей әсер етеді. Біріншіден ол- әрбір мұғалімнің сабаққа жоғары деңгейде, үлкен жауапкершілікпен дайындалуында әрі шеберлікпен өткізілуінде. Сабақ дұрыс жоспарланбаса, оқушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтары ескерілмесе әрине өткен сабақтың нәтижесі төмен көрсеткішті көрсететін болады және сапасы жоқ болады және білімнің далаға ұшқаны болып саналады.  Дәл осы орайда педагогикалық оқу технологиялардың және әдіс-тәсілдердің тиімді жақтары өте көп, соның ішіндегі маңыздысы да әрі ең қажеттісі – «сыни ойлауға бағыттау, дұрыс ойды қалыптастыру». Бұл модуль бойынша балалардың мектеп кезінен бастап, индивид тұлға болып қалыптасуының бағытындағы  олардың қабылдауының жоғары дәрежеде болатынына әсер ететін әрі мүмкіндік беретін жолы.

Қазіргі заманның кең ақпараттық кеңістігі жағдайында қазіргі оқушыны танымдық белсенділікке ынталандыру өте қиын. Бұл дегеніміз, яғни ойлаудың жеткіліксіз даму деңгейімен және ең алдымен сыни көзқараспен байланысты. Бұл жаңа ғасырға танымдық мәдениеттің жаңа бейнесімен қадам басқан қазіргі әлемдегі адам үшін өте маңызды әрі ол үшін «тұлғаны жаңғырту» мәні бойынша ескірген және қызықсыз ұғым. Қайта өндіру әрекетінен басқа әрекеттің тағы бір түрі бар, атап айтқанда біріктіру немесе шығармашылық әрекет.

Ақыл-ойдың сыншылдығы — адамның өзінің және басқа адамдардың ойын объективті түрде бағалау, барлық айтылған ұсыныстар мен қорытындыларды мұқият және жан-жақты тексеру қабілеті. Сыни көзқарасы бар адам өзінің мәлімдемелері мен пайымдауларын ешқашан шындық деп санамайды. Сыни тұрғыдан ойлау, яғни. шығармашылық, адамға жеке және кәсіби өмірде өзінің басымдықтарын анықтауға көмектеседі.

Баланы сыни ойлауға үйретудің маңызы- біріншіден балалар ойланады, жан-жақты ізденеді, өзіндік ой-пікірі қалыптасады, оқушы болса сабақтарда топтық, жұптық, ұжымдық жұмыс жасау кезінде өз көзқарасын толықтырып, ортаға өз пікірін ұсына алады және де сыныпта қажетті педагогикалық, психологиялық ахуал қалыптасып, өзара ынтымақтастықта, берілген тапсырманы, жұмысты қатарластарымен орындауға дағдылана түседі.

Қазіргі уақытта, білім мен ғылымның қарыштап дамыған заманында, сол талапқа сай әр бала білім беру ордасында өзінің игерген білімін болашақта, өмірде дұрыс қолдануы маңыздырақ.  Өз еліне жұмыс жасауы үшінде оқушыларымыз білімді, ақпаратты технологияны қолданып, алда кезіктіретін қиындықтардың шешімін таба білуге дағдыланған, сана-сезімі қалыптасқан тұлға ретінде қалыптасуы қажет.

Қорытындылайтын болсам, сыни тұрғыдан ойлау – шешімін қажет ететін сұрақтарды құрастырудан басталатын дербес ойлау. Сыни тұрғыдан ойлау – адам ойлауының тірегі, ол идеялар мен ақпаратпен әрекеттесудің табиғи тәсілі. Оқу мен жазу арқылы тұлғаны сыни тұрғыдан ойлау бағалаушы, рефлексиялық ойлауды білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлауды шығармашылық ойлауды дамытудың бастапқы нүктесі деп айта аламыз, сонымен қатар сыни және шығармашылық ойлау синтезде тікелей өзара байланысты дамиды.

Негізінен оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру түсінігі бұл алдымен оқушыларға болсын, жалпы адамдарға болсын дұрыс және пайдалы білімді беруді қадағалайды. Осы жолда әрбір берілетін ақпаратты, жаңалықты түсіндірудің алдында нақты түрде жоспарланғаны ол әрине әрбір педагогтың міндеттеріне сай ұйымдастырылуы қажет және дұрыс қадағаланғаны абзал.

Мен осы мақаламды назарларыңызға ұсынып, толықтай оқуға кеңес беремін әрі өз пікірлеріңіздің де қалыптасуына ықпал ете алатыныма сенемін! Назарларыңызға рақмет!

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *