ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АЛҚА ОТЫРЫСЫ: 2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖӘНЕ 2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР ТУРАЛЫ

Астанада Оқуағарту министрлігінің кеңейтілген алқаотырысы өтті. Оған Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері, білім басқармаларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары, мұғалімдер, сарапшылар және білім саласының басқа да қызметкерлері қатысты.

 

Алдымен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндама жасады. Ол 2022 жылдың жұмыс қорытындыларына тоқталып, 2023 жылға арналған жоспарлар туралы айтты. Министр биыл білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, тәрбиешілердің мәртебесін арттыруға, апатты және үшауысымды мектептерді жоюға ерекше назар аударылатынын, орта білім беру стандарты мен үлгілік оқу бағдарламаларын өзгерту, ағылшын тілін оқыту сағаттарын ұлғайту бойынша жұмыстар жалғастырылатынын атап өтті.

 

Еліміздің барлық өңірінде 1-4 сынып оқушысының барлығын ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі.

 

Ғани Бейсембаев колледж студенттері үшін жақсы жаңалықты бөлісті. Басқа өңірден келген студенттерге демалыс уақытында жол ақысы растайтын құжаттарсыз төленетін болды. Төлемдер мөлшері 4 АЕК.

 

Онымен қоса, 2022 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа моделі қабылданды. Оқу бағдарламалары, жоспарлары және оқыту әдістері қайта қаралды.

 

Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау тәжірибесі енгізілді. Бүгінгі таңда 514 мектеп директоры мен 447 балабақша меңгерушісі ротацияланды.

 

2022 жылы мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға өсті. Сондай-ақ мұғалімдердің 63%-ы (216 989) аттестация қорытындысы бойынша қосымша ақы алады.

 

Енді 30 жыл педагогикалық өтілі бар және зейнеткерлік жасқа жақындаған мұғалімдер тестілеуден босатылады. Мұғалімдерді тестілеудің шекті деңгейі де 50%-ға төмендетілді. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының жиілігі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылды.

 

Сонымен қатар министрлік 2022 жылы дарынды балаларды дамыту мен қолдауға ерекше көңіл бөлді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық олимпиада жеңімпаздары тарихта алғаш рет ақшалай сыйлықтарға ие болды.

 

«2022 жылы 27 жеңімпаз және 26 мұғалім 73 млнтеңгеден астам сыйақы алды. Сонымен қатархалықаралық зияткерлік, шығармашылық, спорттық олимпиадалардың 80 жеңімпазы менжүлдегері алғаш рет жоғары оқу орындарында оқуүшін грантқа ие болды. 421 бала «Дарын», РФМШ, «Білім-Инновация» лицейлерінде оқуға мүмкіндік алды»,деді министр Ғани Бейсембаев.

 

Сондай-ақ 2022 жылы 136 мың орындық 247 жаңа мектеп салынды. Алдағы уақытта оқушылар орнының тапшылығын жоюға мүмкіндік беретін «Жайлы мектеп» ауқымды жобасы жүзеге асырылады.

 

«Соңғы 10 жылда оқушылар саны 1 млнға өсіп, 3,7 млнға жетті. Бұлөте жақсы көрсеткіш. Инфрақұрылым мәселесін шешу үшін 2023-2025 жылдар аралығында республикалық бюджеттен842 мың оқушыға арналған 401 мектептіңқұрылысына 2,6 трлн теңге бөлінді», деп айтты ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.

 

Колледжде оқуға бөлінген гранттар саны 45 мыңға өсті. Барлығы 125 мың студент оқуға мүмкіндік алды. Бұл ретте әлеуметтік осал топтағы балалардың грант алу мүмкіндігі артты.

 

Колледждерге академиялық еркіндік берілді. Енді колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқу мерзімін анықтай алады. Оқу кезінде студенттеге 3 біліктілікке дейін алуға мүмкіндік берілді.

 

2022 жыл Балалар жылы болып жарияланған болатын. Сол себепті білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауға алынды. Балаларға қатыгездік көрсетудің (буллинг) алдын алу ережесі мен Білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық күшіне енді.

 

«Биыл атаанасының қамқорлығынсыз қалғанәрбір бала балалар үйіне бармайақ отбасындатәрбиеленуі үшін кәсіби қабылдаушы отбасыларинститутын заңдастыру қажет. Ол үшін министрліккәсіби қабылдаушы отбасыларды құру тәртібін, кәсіби қабылдаушы атааналарға қойылатынталаптарды және әлеуметтік кепілдіктерді реттейтінзаң жобасын әзірлеуді жеделдетуі керек. Сондайақбалалар үйлерін балаларды қолдау орталығынатрансформациялау үдерісін жеделдету қажет»,деді Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов.

 

Қазақстанда соңғы үш жылда жетім балаларға арналған ұйымдардың саны 14-ке қысқарғанын айта кетейік. 22 мың жетім баланың 80%-ы қазірдің өзінде отбасында тәрбиеленіп жатыр.

 

2023 жылы Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдердің, тәрбиешілердің және білім беру саласының басқа да қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және жалақысын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады.

 

Сонымен бірге 2023 жылы білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының, әлеуметтік педагогтерінің, кітапханашыларының жалақысын көтеру мәселесі пысықталады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *