Туған жерім тұғырым

Альмаханова Гүлшат Аманжоловна

Білім  беру саласы:  Шығармашылық  

 Білім беру бөлімі:  Музыка

 

Тақырыбы:  Туған жерім     тұғырым

 

 «Абай атындағы № 31 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы  шағын орталық

  

                      МАД тобы:           

 

                 

 

Педагогтың аты- жөні: Альмаханова Г

   Мақсаты:

Балаларды туған жерін, елін сүюге және  оны қорғап  қадірлей білуге тәрбиелеу

Музыканы тыңдау және орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын

сипаттау.

Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын,

көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынының өзгеруіне сәйкес ән салу.

Музыка ырғағына сай мәнерлі қимыл –қозғалыс  жасауға  үйрету.

                                                                 Жоспар

Іс-әрекет кезеңдері Музыка  жетекшісінің іс-әрекеті Ресустар
 

 

Мотивациялық қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру-шы ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті түзетушілік

 

Балаларды музыка залында көңілді әуен            ырғағымен,олардың көңіл-күйін білдіретін суреттерді таңдап амандасу  арқылы  қарсы алу.

Музыкалық сәлемдесу. Са-ла-мат па  ба-ла-лар?

(әндете амандасу).

Би қимылдарын жасап, шаттық шеңберіне тұрады:

Алғыс айтып бәрімізге

Шаттанайық толайық

Туған жердің аясында

Тату тәтті болайық

 

Балалармен сұрақ-жауап алмасу:

-Балалар біз қандай елде тұрамыз?

-Біздің туған жеріміз қалай аталады?

-Біздің елде басқа қандай ұлт өкілдері тұрады?

-Туған жеріміз туралы қандай -мақал-мәтелдер, тақпақтар  білесіңдер?

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін

білемізбе? Атап беріңдерші?

Олай болса ҚР  Мемлекеттік Әнұранды  айтайықшы

Әнұран орындалады.

 

 

 

«Туған жер» өлеңін жатқа айту.

Көк байрақтың бетінде

Қыран   бүркіт  қанаты

Сол қырандай қалықтап

Бала өседі талапты.

М. Әлімбаев

Өлең жолдарын қайталатып, еске сақтауға талпындыру.

-Ал енді балалар, өзіміздің туған жеріміз Түркістан туралы слайд көрейік.

 

Музыка тыңдау: «Туған жер»

(муз. Ж. Тұрсынбаев, сөзі С. Жиенбаев).

– Бұл ән саған қандай көңіл күй сыйлады?

Әннің қарқынын ажыратып, мәтінін суреттеп беруді ұсыну.

 

Ән айту: «Елімнің ертеңі біз» (муз. мен сөзі Н. Алғашбаев).

 

Әнді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындау.   Жаңа әннің әуенін таза орындауға үйрету. Әнді   орындап, алған толғаныстарын, сезімдерін әңгімелеп берулерін сұрау.

– Бұл әнді қандай көңіл күймен орындаймыз?

Ырғағы қандай екен?

 

Аспапта ойнау:

-Балалар Н. Тілендиевтің «Шаттық» күйіне оркестр болып ойнаймыз.

-Балалар оркестр болу үшін ең қажетті адам кім?

-Әрине дерижер. Олай болса менің қолымда таяғым бар,  мен дерижер болам. Мына тақтада аспаптар көрсетілген.      Музыкаға қосылып мен көрсеткен аспаптарды ойнайсыңдар. Ал, бос орынды көрсетсем ол пауза,ол кезде ешқандай аспапты ойнамайсыңдар.Егер барлығын бірге көрсетсем, онда барлық аспаптарда ойнайсыңдар.

 

Музыкалық-дидактикалық ойын:

«Білгір және алғыр»

Шарты: Тақтада берілген сұрақтарға жауап беріп,сыйлықты ұтып алулары керек.

 

Музыкалық ырғақтық қимыл –қозғалыс:

«Алға Қазақстан» әніне билеп үйренеміз.

 

-Балалар, мен сендермен тағы да бір ойын  ойнағым келіп тұр.  Ойын «Тілші» деп аталады.Сендер тілшілердің қызметі туралы  білесіңдер ме? Тілшілер ел  арасында  өнерімен  еңбегімен,  ерекше талантымен т.б. танылған адамдардан сұхбат алады. Сұхбат дегеніміз

 

 

кәдімгі әңгімелесу, немесе сұраққа  жауап беру.

Мен  тілші  болайын, сендер  менің  сұхбаттасушы серіктестерім болыңдар.

Қойылған  сұраққа толық, анық жауап  беруге  тырысыңдар, жарай ма? Ойнаймыз ба?

 

 

-Бастадық онда!

-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қандай музыкалық іс-әрекеттер орындалды?

-Егемен еліміздің қандай рәміздерін білесің?

-Бүгінгі оқу қызметімізде қандай ән айтып үйрендік?

-Елімнің ертеңі біз әнін орындағанда көз алдыңа

не елестете аласың?

-Өз елің  туралы  әңгімелеп берші?

-Туған жерің туралы әңгімелеп берші?

-Егемен елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?

-Туған жер туралы қандай өлең оқыдық?

-Балалар менімен сұхбаттасқандарыңа  көп  рахмет.

 

-Балалар мына қолымыздағы көңіл күйімізді білдіретін таяқшалар. Егер оқу қызметіміз ұнаса күнді көрсетеміз, ал ұнамаса бұлтты көрсетеміз.

-Жарайсыңдар балалар!

Бүгінгі оқу  қызметімізге өте жақсы  қатыстыңдар.

Осымен оқу  қызметіміз  аяқталды. Сау болыңдар!

 

 

 

 

 

Музыкалық

сүйемелдеу

 

Үнтаспа

 

 

 

 

 

Суреттер

 

 

 

 

 

 

Үнтаспа

Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд

 

 

 

« Туған жер» әні үнтаспада

 

 

 

«Елімнің ертеңі» әні үнтаспада

 

 

 

 

 

 

 

 

Үнтаспа, аспаптар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер, конверттер, карточкалар

 

 

Үнтаспа

 

Микрафон

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *