Біз дәрігерде қонақта болдық

Абдуллаева Акмарал Джунусовна

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі сөйлеуді дамыту

Тақырыбы «Біз дәрігерде қонақта болдық»

Мақсаты: балаларды медициналық бөлмемен таныстыру тілдік

Қарым-қатынас мәдениетін дұрыс қолдануға, ойын арқылы сөздік қорын дамыту. Дәрігердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Әрекетердің

кезеңдері

Тәрбиешінің оқу іс-әрекеті Балалардың

Іс-әрекеттері

 
Ұйымдас-

Тырушылық-

қозғаушылық

Балалар шеңбер жасап тұрып, бір-біріне тілектер айтады.

 

Үлкенге сіз,

Кішігеде сіз.

Бар әлемді құрметтеп,

Бас иеміз біз.

 

Балалар өлеңді қимыл қозғалыспен қайталайды.  
Ұйымдас-

Тырушылық-

ізденістік

1.     Әңгіме жүргізу.

-Ауырғанда дәрі беретін, емдейтін

Апайлармен ағайларды дәрігерлер деп атайды. Дәрігер мамандыққа жатады. Мамандықтар әртүрлі болып келеді. Жүргізуші көлік жүргізеді. Мұғалім бала оқытады.

Мамандық иесі болу үшін көп оқып, білімді болу керек.

-Қуыршақ айшаның тамағы аурып қалыпты. Мына қорапты ашып көрейін ішінде не бар екен? Көрейік.

2. Ғажайып сәт.

-Балалар қораптың ішінде дәрігерге қажетті құралдар бар екен. Бұл құрал не үшін қажет? Ауырған Айшаның өкпесін, тыңдаймыз, ал бұл құралмен қызуын өлшейміз. Бұл дәріні кімге береміз? Ауырған қуыршаққа береміз. Енді оны жылы жауып қояйық,

Ұйықтасын.

3. Балалардың назарын слайдқа аударту.

Балалар ауырған кезде телефон дәрігерге қоңырау шаламыз. Осындай Әлихан деген баламыздың іші аурып қалды деп қоңырау шаламыз, мекен-жайды айтамыз. -Дәрігерді үйге шақырғанда, қандай машинамен келеді?

Дұрыс жедел жәрдем. Сендер оны көшеден көріп жүрсіңдер. Жедел жәрдеммен келген дәрігер ауырған баланы қарайды. Дәрі береді ине салады.

Сергіту сәті. Көңіл күй.

4. Суретпен жұмыс. -аурып қалған жағдайда кімге бару керек.

-суретте баланы дәрігер емдеп жатр. Емдеу үшін нестейді?

Иә балалар, біздіңде балабақшамызда дәрігер апайымыз бар. Есімі: Айжан апай.

Енді осы Айжан апайымызға қонаққа барайық.

Тәрбиеші балаларды дәрігер бөлмесімен таныстырады.

Айжан дәрігер балалармен әңгіме жүргізіп бөлмесін таныстырады. -балалар менің бөлмеме қош келдіңдер.

Айжан дәрігер құралдармен таныстырады.

 

Ал енді жарайды балалар тобымызға оралайық. Балаларды жедел жәрдем машинасына мінгізіп топқа оралу.

 

Ал енд балалар біз сендермен ойын ойнайық. Балалар мына суретте мамандық иелерінің суреттері бар. Мұғалім, аспазшы, дәрігер.

Осы мамандық иелерінің қажетті құралдарын тауып қасына жабыстырамыз.

 

Балаларға ой

тастау.

Тәрбиешінің көмегімен айтып береді.

 

 

 

 

Қораптың

Ішіндегі

Құралдарды

Балалар қайталап айтып береді.

 

 

Балалар жауап беруге тырысады. Көргендерін айтып береді. Балаларды ауырғанда емдейді, өкпесін тыңдайды, дәрі береді.

 

Сергіту сәтін жасайды.

 

Балалар дәрігерді тыңдап бөлмемен танысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойынға белсене қатысты.

 

 

 

 

Рефлекцикалық -түзетушілік.   Сұрақтар:

  1. Дәрігер не істейді?
  2. Ауырғанда кімге барып емделеміз?

Сұрақ жауап арқылы балалардың білімдерін пысықтап мақтап мадақтау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *