«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ — КӨРКЕМДІК ТАЛҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ ҚҰРАЛЫ»

Алдонгарова Лаура Исмагуловна –                        

педагог-сарапшы

Ақтөбе қаласы

КММ «Сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған

«Алма» балабақшасы»

Бейнелеу өнері –мектепке дейінгі жастағы балалардың балалық шақ кезеңінің жағдайын жасау арқылы бала дарынының ашылуына өз шарықтау шегіне жетіп,толық көрініс табуына әсер ететіні сөзсіз. Бейнелеу қызметі – бұл шығармашылықтың әртүрлі жолдармен жүре алатын арнайы бейнелік таным-түсінігі.

Бейнелеу қызметі кезінде тәрбиенің сенсорлық,ақыл-ой ,эстетикалық, адамгершілік және еңбек пен дене тәрбиесінің алуан түрлі жақтары жүзеге асырылады. Бала ақыл-ой операцияларының негізінде өз жұмысының нәтижесін ойша елестетіп алып,содан кейін әрекет ете бастайды. Олар іс-әрекетке кірісер алдында өздерінің қалыптасқан түсініктерінің негізінде ақыл-ойдың алға қойған міндеттерін шешу үшін оны жүзеге асырудың әдістерін іздестіреді.

Мектепке дейінгі мекемелерде бейнелеу өнерін үйретудің әдістері мен тәсілдеріне тоқталып өтетін болсам,алдымен жалпы бейнелеу өнеріне сипаттама беріп өтейін.
Бейнелеу өнері – болмыстың қабылданған образдардағы көркем кескіні. Бейнелеу өнері алғашқы қауымдық құрылыста пайда болды. Хайуанаттарды және аң аулау көрінісін бейнелейтін алғашқы суреттер сүйектен ойылып, тастан қашалып жасалған адамдар мен хайуанаттардың фигуралары – алғашқы мүсіндер, ою — өрнектермен әсемделген еңбек пен тұрмыс заттары сол кезге жатады.

Өнердің өзіне тән ерекшелігі – болмысты көркем образдар арқылы бейнелеу.
Балабақшада бейнелеу өнерінің сан алуан түрлерімен: кескіндемемен, графикамен, скульптурамен, сәндік — қолданбалы өнер туындыларымен танысады. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде ұйымдастырылған оқу іс — әрекеттерінде балаларды бейнелеу өнерімен таныстыру — балалардың түрлі жанрдағы шығармаларды толық қабылдауына жағдай жасайды. Балалар өнер арқылы әсемдікке, сүйіспеншілікке тәрбиеленеді, эстетикалық сезімдері дамиды. Олардың алдына айналадағы дүниенің, формалардың, қимыл — қозғалыстардың байлығы мен сан алуан реңкі ашылады. Өнердің көмегі арқылы балалар жаңа заттармен және өмір құбылыстарымен танысады, жоғары идеяларға бой ұрады, біздің елімізде болып жатқан өзгерістерге үн қосады.
«Балаға өнер арқылы өз ойлары мен сезімдерін тереңірек түсінуге, айқынырақ ойлап, тереңірек сезінуге көмектесу керек; балаға мұны өзін — өзі танып білу, басқаларды танып білу құралы, ұжым  арқылы басқалармен бірге өсу құралы етуге және мүлде жаңа, терең де елеулі толғаныстарға толы өмірге бірге аяқ басуға көмектесу керек» деп жазады.

Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалар өнерін дамыту басты міндеттердің бірі болып отыр. Балабақшадағы бейнелеу өнері жекеленген заттарды бейнелеу, сюжетті(оқиғалы), декаративті сурет деп аталатын үш түрін қамтиды.
Тәрбиедегі және үйретудегі жетістік көбіне белгілі мазмұнды балаларға жеткізу, оларда білімді, іскерліктер мен дағдыларды, сондай — ақ іс — әрекеттің қайсыбір саласындағы қабілеттілікті қалыптастыру үшін педагог қандай әдістер мен тәсілдерді қолданатынына байланысты.

Бейнелеу өнері- көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды.

Бейнелеу өнерінде балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

 

Сурет салу өнерін үйретудің мақсаттары:

 

— Сурет салу өнері арқылы  мектеп жасына дейінгі баланың  сезімдік эмоционалдық ортасымен эстетикалық  талғамын  және  шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

 

Бағыттары:

 

Сурет салу іс-әрекеті арқылы, балаларды жан – жақты дамыта отырып тәрбиелеу;

Балалармен жүргізілетін жұмыс  түрлері:

— Сурет салу оқу іс-әрекеті арқылы;

— Күннің  екінші   жартысында бейнелеу  өнері  бойынша жеке  жұмыстар жүргізу.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс  түрлері:

— Әңгімелесу,кеңес беру,жиналыс,көрмелер ұйымдастыру,ашық есік күндері;

Тәрбиешілермен жүргізілетін жұмыс  түрлері:

— Кеңестер беру;

-Ұйымдастырылған оқу  іс-әрекеттерін өткізу;

Аталған мақсаттарды  жүзеге асыруда баланың шығармашылығын дамыту :

— Бейнелеу іс-әрекетіне қажетті негізгі техникалық  дағдыларды меңгерту;

— сурет салу өнеріне деген қызығушылығын ояту;

— көркемдік талғамын арттыру;

— іскерлік дағдыларын меңгерту;

Сурет іс-әрекетіне бейімдеу бағыттары:

— айналаны бақылау және қабылдауын дамыту;

— бейнелеу өнері түрлері және көркем өнер туындыларымен  таныстыру, көркемдік талғамын арттыру;

— іскерлік дағдыларды меңгерту.

Баланың бейнелеу іс-әрекетінің  негізгі  түрлері болып  саналатын сурет салу жапсыру,илеу әрекеттерімен шұғылдануы, өз кезінде, оған сан алуан түстер гаммасымен танысуға формалар, сызықтар, түрлі пішіндермен танысуға мүмкіндіктер Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұндысурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу менқылқаламды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді.

Сурет салу әдістері:

«Бастыру әдісі»: Әртүрлі заттармен бастыру  арқылы сурет салу балабақша дәстүріне айналып келеді.  Аталмыш техника  арқылы жұмыс істеу балаларда  жағымды эмоция тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет салуға қолдану мүмкіншілігін ашады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы: жапырақ, түрлі өсімдіктер, поролон, көкөністер, жүн, алақан, қарындаштың теріс бөлігі, жіп;

Дәстүрден тыс әдіспен сурет салуды үйренген бала, өз бетінше бастыру құралдарын  іздеп тауып көрсетеді. Бұл баланың өмірге шығармашылықпен қарауының, кез келген затты әр түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін дамытудың алғы шарты болып табылады.

«Көкөністер бастырмасы»: Балалар бастырма көмегімен салынған бейнеге ерекше қызығушылық танытады. Әсіресе көкөніс қалдығынан балалардың көз алдында даярланған штамптар даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты үдете түседі. Картоп, сәбіз, асқабақ қабығынан, және қызылшадан  түрлі пішіндер жасауға болады. Мысалы:шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш даярлау;картоп немесе өзге көкөніс қиығында контур жасап, артығын кесу; штампты гуашқа батыру немесе оған қылқалам көмегімен субояу жағу;қағаз немесе мата бетіне ойлаған сурет шығатындай етіп бастыру;  Штамптар көмегімен мата, кілем үлгілерінің  оюын жасауға немесе ұлттық ою-өрнектерден   сәндік композициялар құрастыруға болады. Жұмысқа ұлттық нақыш беру үшін жеке суреттермен ұжымдық жұмыстарды әшекейлеуде  ұлттық ою-өрнектерді жүйелі қолдану өте маңызды. Балалар ою-өрнекті бейнелеу арқылы кеңістікті бағдарлауға үйренедіжәне олардың аттарын атап есіне сақтайды.

«Саусақпен сурет салу әдісі»: Саусақпен сурет салу-алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі. Бұл әдіс гуашь, майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі.  Балаларға алақан немесе саусаққа  әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады, сондай-ақ таяқша, мақта, мата, поролонды қолдануға болады.

«Далаппен сурет салу»: Дәстүрден тыс әдістер жинағына ескі далаппен, лакпен, көз бояйтын теньмен сурет салуды  жатқызуға болады.Бірақ педагог өте мұқият, сақ болып, бұл заттарды  бала қолы жетпейтін орынға қою керек. Бала анасының косметика қолданғанын  бақылағанды ұнатады. Әдетте косметика қолдануға тыйым салынатындқтан, баланың өз анасының  далабымен ойнауға деген құмары арта түседі. Сондықтан косметикалық құралдармен  сурет салуды  ұйымдастыру  бала тілегінің  орындалуына  мүмкіндік тудырады  және ол пайдалы іс болып саналады.

«Нүктелер арқылы сурет салу»: Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі сурет)  дәстүрден тыс әдіске жатады. Сурет көптеген жекеленген нүктелер арқылы бейнеленсе, онда бұл сурет салу техникасы пуантилизм деп аталады. Нүктелер саусақ немесе қылқалам  ұшымен тықылдату  әдісі арқылы  түсіріледі, нүктелердің көлемдері  ір түрлі болуы мүмкін. Нүктелер арқылы  салынған сурет мозаика сияқты болады. Педагог контур нүктелерді қойып суреттің сызбасын даярлайды. Балаға нүктелерді сызықтармен қосу ұсынылады. Пайда болған бейнені аяқтауға, бояуға, сюжет ойластыруға және ат қоюға болады. Жұмысты аяқтаған соң балалар ашық түстерді немесе суық және жылы түстерді көп қолданған суреттерді топтастырады.

«Құммен сурет салу әдісі»: Балаларға құммен сурет салу өте қызықты болмақ, өйткені олар құммен ойнағанды қатты ұнататыны сөзсіз.

Тәрбиешілерге бейнелеу сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

-балаларға айнала қоршаған ортадан алған әсерлерін, қабылдағандарын   бейнелеу іс-әрекетінде бере білу дағдыларын меңгерту;

— бейнелеу өнері түрлері жайында жалпы түсініктері мен көркем өнер туындыларын ажырата білу;

— өнер туындыларынан әсер алу, сипаттап әңгімелей білу дағдысын меңгерту;

— бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары  жайында (түс, сызықтар, көлем, кеңістік, композиция) қарапайым түсініктерді меңгерту;

-сурет салуға қажетті құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің іскерліктерін игерту; — ұлттық нақыштағы бейнелеу өнері түрлерін басқа халықтар өнерімен салыстыра, ажырата білу;

— көркем өнер туындылары арқылы көркемдік талғамын, өнердің бұл түріне деген қызығушылығын арттыру;

Арнайы балабақшада тұрақты түрде диагностикалық зерттеу жүргізу балалардың жеке ерекшеліктерінің бар екенін көрсетеді. Осыған байланысты мынандай қорытындыға келдік.  Мектепке дейінгі жастағы  топтарда бейнелеу өнерінің өткізілуі   балалар  шығармашылығын дамыту үшін  оқып  үйретудің сан- алуан  әдістері және ең  алдымен  балалар дербестігін,  белсенділігін, өмір құбылысын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара, әрі таңдамалы. Оның негізіне  әсемдікке  эмоция  білдіру жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі,өнердегі  әсемдікке,адамдардың  мейірбан сезіміне  үн  қосады.  Мұның   өзіне   баланың   басынан кешкен  қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы зор деп білеміз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *