«Тазалық еліне саяхат»

 

«Тазалық еліне саяхат»

 

Мақсаты: балалардың қызығушылығын арттыру. Денсаулықтарын нығайту. Бастаған істерді аяғына дейін орындауды дағдыландыру. Жұптаса, ұжымдаса жұмыс жасауды жаттықтыру. Жолда жүру ережелерін бекіту.

 

Алдын-ала жұмыс: денсаулық туралы, тазалық туралы әңгімелесу. Мақал-мәтелдер жаттау.

 

Спорт алаңы әшекейленген. Айналада түрлі-түсті шарлар.

 

Жүргізуші: Балалар бәріміз тазалық туралы білеміз солай ғой, сөйтсек те қазір біз тазалық туралы айтайықшы. ( балалар жауабы )

–       Ал енді, балалар тазалық еліне саяхатқа шықпас бұрын, көзімізді жұмып, шуақ шашқан күннің, лебіз берген желдің, көтеріп тұрған жер Ананың, тыныс берген ауаның, бізге деген жылы шуағын, шапағатын сезінейік.

–       Енді жол болсын:

Балалар бірінің артынан бірі поезд болып жүреді. Пш-пш-пу-пу.

Бір шеңбер айналады, бағдаршамға кездеседі.

 

Бағдаршам:

Менің үш көзім бар :

Бір көзім тұр дейді.

Бір көзім жүр дейді

Бір көзім абайла дейді

Жан-жағыңа қарайла дейді.

Жол болсын, қайда кеттіңдер!

 

Жүргізуші: иә, бағдаршам біз гигиена  еліне саяхатқа шығып барамыз.

Бағдаршам: ондай болсаәлі сендерде уақыт барда мынадай ойын ойнаңдаршы.

Қимыл-қозғалысты ойын: «Түсіне қарай қимыл жаса». Жасыл түсте жүреді, қызыл түсте келіп тоқтайды, сары түсте жан-жағына қарайды. Кезек-кезек көтеріп көңіл көтереді. (көңілді әуенмен)

 

Бағдаршам: Көп рақмет, енді жол ашық.

Балалар пойызбен әрі қарай жүреді. Тазалық еліне келеді. Балаларға бетперделер (маскаларын тағу).

Су келеді:

Су: Сылдырлайды мөлдір су

Мөлдір суға қолың жу

Жуынсаң, сен әрдайым

Аппақ бетің, маңдайың,

Тазалықтың досы,

Су деген мен осы.

–        Амансыңдар ма достарым гигиена еліне хош келіпсіңдер. Ал, кіші достарым сендерге сөз берейік, өздеріңді таныстырыңдаршы!

 

Сабын: (Сабын мен ————-)

Дос бол сабын сумен сен

Жиі қолды жуғын сен

Таңертең де, кешке де

Жуғын күндіз, түсте сен.

 

Орамал:

Ақ матадай түгі бар,

Қызыл-жасыл гүлі бар.

Жұмсақтығы мамықтай

Сүртінесің жалықпай.

Тазалықтың досы –

 

Сүлгі деген осы.

 

Тарақ:

Аузы жоқ, көзі жоқ,

Тілі жоқ, сөзі жоқ,

Бірақта тісі бар –

Басыңмен ісі бар.

 

Су:

– Балалар енді бір ойын ойнайық. «Жаңбыр мен қолшатыр».

–       Ал, балалар сендер табиғат, су туралы мақалдар, жұмбақтар білесіңдер ме?

 

Даян:

Табиғатты сүю парыз

Сүю үшін қорғау парыз

Табиғатсыз күнің жоқ

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ

 

Данияр:

Табиғат төл анамыз

Танысымыз ауамыз.

 

Аяна О:

Су жерге нәр береді

Жер адамға нан береді.

 

Музыка ырғағымен кір қожалақ келеді.

 

Амандасу.

Дене шынықтыру ойындары:

«Қиындықты жеңіп шық», «Шарды кім көп жинайды?», «Кедергіден өту».

 

Жүргізуші: балалар, кір қожалаққа жұмбақ айтайықшы!

–         Еш жерге тұрақтамайды,

Ол жақта жер құрғайды. (су)

 

–         Күнде оған қарайсың,

Қарап шашыңды тарайсың (айна)

–         Ал, балалар кір қожалаққа қандай тілек айтамыз? – Балалар жауабы.

 

Ақтілек:

Жуын, жуын, жуынсаң

Қандай жақсы қуыршақ

Әйтпегенде бөпешім

Кірлеп еткен екенсің

 

Ислам:

Сабындаған кезіңде

Ашытады көзіңді

Бола білсең төзімді

Тап-таза етер өзіңді

 

Жұлдыз:

Мақсатыңды ақтап сен

Мықты болу қолыңда

Гигиена сақтап сен

Ережені орында.

 

Нұрасыл:

«Гигиена» – ол білгейсің

Оған көңіл бөлгейсің

Гигиена – тән таза

Гигиена – сау ағза

 

Әмина Ә: Денсаулықты сақтауға

Тазалықты жақтауға

Қамқор жандар білімдар

Жиналған бір ғылым бар.

 

Ән: «Кір қуыршақ».

 

Кір қожалақ: ой рахмет, мен енді таза боламын, көмектесем бәріне, кішіге де кәріге.

 

Музыка ырғағымен би қимылын жасап ойнау.

 

«Анама кір жууға көмектесем»

Жүргізуші:

Қатар-қатар тұрайық,

Қане,қане сұрайық

Кімнің болса, бойы ұзын,

Паравозы пойыздың.

Пойызбен өз бақшамызға қайтайық.

 

«Нұрсәт» бөбекжай-бақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тазалық еліне саяхат»

(сауықтыру)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешілері: Азаматова І.Қ

Әділқанова Г.А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Желтоқсан айы 2021 жыл

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *