«Жол тәртібін бiлейiк»

Сабақтың тақырыбы: « Жол тәртібін білейік!»
Мақсаты: Балаларды жол ережесімен таныстыру, көліктер туралы білімдерін жетілдіру.
Жолда жүру ережелерін есте сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу. Балаларды зейінді, епті болуға тәрбиелеу. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.

Қажетті құралдар: Бағдаршамның, жол белгілерінің, тақырыпқа байланысты суреттер.

Сабақтың барысы: Сәлематсыздар ма! балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіпті ,
ортаға шаттық шеңберіне шығып қонақтарымызбен амандасайқ.
Шаттық шеңбері: Қайырлы таң көк аспан,
Қайырлы таң жер ана.
Қайырлы таң достарым,
Қайырлы таң қонақтар.
Балалар орнымызға отырайық.Балалар бүгінгі оқу қызметін бастамас бұрын сендерге
Жұмбақтар шешемін. Жұмбақтың жауабын дұрыс тапсақ бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білетін боламыз.
Жұмбақтар шешу: 1.Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді,
«Қарап ал маңайға» дейді. (бағдаршам)

2. Көшеде жүреді кішкентай үйлер,
Сол үйлерді жүргізушілер жүргізеді. (көліктер)
Дұрыс, жарайсыңдар балалар жұмбақтың жауабын дұрыс таптыңдар. Байқадыңдарма балалар сендер Бағдаршам және көліктер болып екі топқа бөлініп отырсыңдар.

Балалар бәрімізде бағдаршамды көрсек танимыз, неше көзі, қандай түстері бар екенін білеміз бе? Біздің ауылымызда бағдаршам бар ма? Қала көшелерінде бар ма?
Бағдаршам бізге не үшін қажет? Оның көздері қандай белгіні білдіреді?(балалардың жауабы) Көліктер туралы не білеміз? Қандай көлік түрлерін білесіңдер. Олар қандай қызмет атқарады.(Автобус, жедел жәрдем, жеңіл көлік, поезд)
Жарайсыңдар балалар. Бағдаршам көшедегі қауіпсіздікті реттеуші құрал. Яғни бағдарщам арқылы өмірімізді қауіп – қатерден сақтаймыз. Сондықтан балалар біз жол ережесін білуіміз керек.
Балалар біз сабағымызды әрі қарай жалғастырайық. Бүгін біз Н.Өтетілеуұлының «Бағдршам» атты өлеңімен танысамыз
Ашса кезек үш көзін ,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта сақтан жол ашық,
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.
Көзін ашып жұмады, бағыт сілтеп тұрады.
(Балалардың өздеріне айтқызу)
Балалар бұл өлеңде не туралы айтылған? Ал балалар кім көлік туралы өлең біледі екен?
«Бип -бип, бип,»- дейді,
«Жолдан былай кет,» дейді.
Күшікті басуға, басуға
Болмайды, болмайды машина.
«Бип- бип, бип,» — дейді
Рахмет! Балалар жарайсыңдар.
Көрініс: «Жол ережесі»
(Жолда велосипед жүргізіп келе жатқан Қалқанқұлақ кездеседі)
Жол сақшысы: Қалқанқұлақ жолдан дұрыс өтпей барлық ережелерді бұздың,машина
қағып кете жаздады. Сен жол ережесін білмейсің бе?
-Балалар сенлер жол ережесін білесіңдер ме?
-Ия, білеміз.
Жол сақшысы: Қалқанқұлақ жол ережесін үйренбей мен саған велосипедіңді бермеймін.
Қалқанқұлақ : -Жарайды, балалар мен жол ережесін үйренуге дайынмын.
Тәрбиеші: Балалар мына жерде қандай жол белгісі тұр?
Балалар: «Велосипед тебуге болмайды!»- деген белгі.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,ал қалқанқұлақ болса велосипед тебуге болмайтын жол белгісі бар жерден өтіп, Жол сақшысынан ескерту алды.
(Осы кезде машиналардың дауысы естіледі)
Тәрбиеші: Мынау қандай көлік түрлері есімізге түсірейікші?
Балалар: Автобус,жедел-жәрдем, жеңіл машина.
Автобус: Менің міндетім жолаушыларды баратын жеріне уақытында жеткізу,сондықтан бірінші болып мен жүремін.
Жедел жәрдем: Науқас адамдарға тез жетіп,жедел жәрдем беру үшін мен алдымен жүруім керек.
Жеңіл машина: Мен өзімнің атыма сай жеңіл жүремін, кез келген жерден шапшаң өтемін. Құр айтысқаннан пайда жоқ сендер маған жол беріңдер.
Тәрбиеші: Алдымен қай көлікті жіберуіміз керек?
Балалар: Алдымен жедел жәрдем көлігін, одан соң автобусты, содан соң жеңіл көлікті.
Жүргізушілер: Балалар ақыл — кеңестеріңе рахмет. Сендер болмағанда көп уақытымызды жоғалтып осылай келісе алмай жол кептелісінде тұра беруші едік.

Топтық жұмыс
Ал енді балалар орнымызда отырып топтық жұмысымызды жасайық.
Бағдаршам тобы – бағдаршамды бояйды, ал көліктер тобы – бағдаршамның көздерін орналасу ретімен жапсырады.
(екі топты кезек шығарып балаларды мадақтау)

Сергіту сәті: ( Теледидер арқылы)

Рахмет балалар бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сабағымызды қорытындылау үшін ойын ойнап алайық.

«Бағдаршам» ойыны.
Ойынның шарты: Бағдаршамның «қызыл» көзі жанғанда бір адым артқа жылжып алақандарын шапалақтайды, «сары» көзі жанғанда бір адым алға жылжып аяқтарын топылдатады, «жасыл» көзі жанғанда балалар шашыраңқы жүреді.

Құрметті қонақтар!
Бүгінгі «Алтын ұя» тобының балаларының қатысуымен болып жатқан
«Жол тәртібін білейік!» атты ашық сабағымыз аяқталды.
Келіп қатысқандарыңызға көп рахмет.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.