Қыстап қалатын құстар

Білім  беру  саласы: Таным

Білім  бөлім: Жаратылыстану

Тақырыбы: Қыстап  қалатын  құстар  немен  қоректенеді?

Мақсаты: Балалардың  қыстап  қалатын  құстар  туралы  түсініктерін

кеңейту,  білімдерін  тиянақтау,  дамыту. Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы  туралы  түсініктерін  қалыптастыру. Қыстайтын  құстарға  сүйіспеншілік,  қамқорлық сезіміне  тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:  Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ — жауап, ойын.

Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты суреттер, «Қыстап қалатын құстар» тақырыбындағы сурет, жемсауыттар, жем түрлері (бидай, нан қиқымдары, өсімдіктердің дəндері, шетен), интерактивті құрал.

Кіріспе  бөлім.

Шаттық шеңбер.

Армысың,  Алтын  Күн!

Армысың, Жер Ана!

Амансың  ба,  Көк  аспан!

Сәлем  достар!

Бүгінгі  күн  қандай  керемет!

Мен  өзімді  жақсы  сезінемін.

Менің қолымна  бәрі  келеді!

Мен  күштімін!

Мен  мықтымын!

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.
— Балалар  бір жылда неше мезгіл бар?
— Балалар,  қазір  жылдың  қай  мезгілі?
— Қыс мезгілінде неше ай бар?
— Қыс мезгілінің айларын атайық?
— Қыс мезгілі туралы кім әңгімелеп береді?
Балалардың жауаптары тыңдалады.

 Өте жақсы балалар, енді «Жақсы, жаман» деген ойын ойнайық.
Мақсаты: Жаман әдеттерден аулақ болуға, жақсы-жаманды ажыратып, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу.
Қойылған сұрақтарға балалар дауыстап «жақсы», «жаман» деп жауап береді.
— Ағаштың бұтағын сындыру жақсы ма?
— Гүлдерге су құю жаман ба?
— Достарыңды ренжіткен жақсы ма?
— Үлкенге көмектесу жақсы ма?
— Құстарға ұя жасау жаман ба?
Міне тамаша, балалар, ненің жақсы, ненің жаман екенін дұрыс айттыңдар.Бүгінгі оқу  қызметінде  құстардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелесеміз.
— Балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Соны шешесіңдер ме?
Жұмбақ
Қанаты бар талмаған
Аспанда ұшып самғаған
Жауы шыбын — шіркейдей
Табиғатты ол қорғаған.
(құс)

-Балалар  сендер  қандай  құстарды  білесіңдер?

-Балалар  бізге  қарғадан   хат   келіпті . Оны  оқып  көреміз  бе?   Недеп  жазған  екен?

-Қарға  бізге  құстар  туралы  айтып  бермекші  екен. Тыңдаймыз  ба?

Қарғаның  құстар  туралы  әңгімесі  ұнады  ма?

-Құстар  қаншаға  бөлінеді  екен?

-Қандай  болып?

-Жыл  құстарына  қандай   құстар  жатады?

Аққу ,үйрек,  қаз, тырна,  шағала, қарлығаш,

-Қыстап  қалатын  құстарға  қандай  құстар  жатады?

  Шымшық,  торғай,  қарға, сауысқан,  тоқылдақ.

Олай  болса  біз  құстармен  танысайық.

-Балалар  мынау  қандай  құс?

-Сауысқан  туралы  не  білеміз? Айтайықшы?

-Сауысқанды  орыс  тілінде   сароко   деп  атаймыз. 

-Сауысқан  қандай  құс?

-Ала  қанатты  құс,  бүйріндегі  қауырсындары  қандай?

-Ала

-Құйрығы қандай?

-Ұзын.

Сауысқанның  басқа құстардан  қандай  ерекшелігі  бар?

-жылтыр  әшекейлі  бұйымдарды  жақсы  көреді.

-басқа  құстардың  жұмыртқасын  жейді.

-құрттарды  жақсы  көреді.

-Балалар  сауысқанның  тағы  бір  ерекшелігі  адамның    айтқан  сөздерін  жаттап  алады  екен. Ал  балалар  мынау  ненің  ұямы  деп  ойлайсыңдар?

-Сауысқанның.

Дұрыс  айтасыңдар.  Сауысқанның  ұясын  неден  жасайды  екен.

-Ағаш  бұтақтарынан,  балшықтан жасайды.

Ал,  балалар  мынау  қандай  құс?

-Торғайды  орыс  тілінде  воровей  деп  атаймыз.

Торғай  құсы  қалай  дыбыстайд?

-шиқ-шиқ-шиқ

Балалар  торғай  сүйір  тұмсықты  кішкентай  құс  екен.

Мынау  торғайдың  ұясы,  торғайлар  ағаш  қуыстарында , үй  жайларда  мекен  дейді.  Сондықтан  адамдар  торғайға  үйшік  жасап береді.

Ал  балалар,торғай  нені  жақсы  көреді?

-шемшкені,  өсімдіктердің  дәндерін ,  тамақ  қалдықтарын жақсы  көреді.

-Мынау  қандай  құсты  көріп  тұрмыз?

-Шымшық.

Шымшықтың  қауырсындары  қандай?

-Сары

Шымшықты  орыс  тілінде  синисин   деп  атаймыз.

-Шымшықтың  нешеге  дейін  жұмыртқалайды?

-15  ке  дейін.

-Шымшық  қайда  мекен  дейді  екен?

-Ағашта

Жұмыртқа  тәріздес  ұя  салады  екен.

-шымшық  нені жақсы  көреді  екен?

-асқабақтың  дәндерін,  ағаштардың  жапырақтарын.

Балалар   қандай  құсты  көріп  тұрсыңдар?

-Қарға

-Қарға  қалай  дыбыстайды?

-Қарқ-қарқ-қарқ

-Қарғаны  орыс  тілінде  варона  деп  атаймыз.

Мынау  қарғаның  ұясы.

-Неден  жасайды ?

-ағаш  бұтақтарынан.

-Ал балалар  қарға  нені  жақсы  көреді екен?

-етті, жәндіктерді.

Балалар  нені  көріп  тұрмыз  суреттен?

-балаларды, құстарды  көріп  тұрмыз.

-Балалар  осы  құстарға  қамқор  болуымыз  керек  екен.  Оларға  жем  шашып,  қамқорлық  жасауымыз  керек.

-Құстардың  адамдарға  қандай  пайдасы  бар?

-бау –бақшаны,  егістікті  зиянкестерден  қорғайды.

Балалар  шаршаған  боларсыңдар,  олай  болса  бойымызды  сергітіп  алайықшы.

Құстарды  құрастыру.   Құстардың  көлеңкесін  сәйкестендіру.

 

Балалар  нені көріп  отырсыңдар?

-Қарға.

Балалар  өте  білімпаз,  алғыр  балалар  екенсідер.  Әрдайым  осындай  білімпаз,  алғыр  бала  бола  біліңдер.  Мен  сендермен  қоштасамын.  Сау  болыңдар!

Қарғамен  қоштасады.

Біз  енді,  қыстап  қалатын  құстардың  ішінен  торғайды  жасап  көргілерің  келеді  ме?

-Ия

Ендеше  мен  торғайдың  жасалу  жолын  түсіндірейін.

Балалар  торғайды  жасайды.

    

 

Балалар  құстар  туралы  қандай  тақпақтар  білеміз.  Есімізге  түсірейкші.

 

 

 

 

Енді  мен  сендермен  қызықты  ойын  ойнағым  келіп  тұр. 

Мынау  балалар  лули  шеңбері  берілген.

Осы  шеңберден жыл  құстарын  ұшырып  жібереміз.

Қыстап  қалатын  құстардың   қорегін,  ұясын  сәйкестендіреміз.

Оны  біз  ноутбуктің  тышқанның  көмегімен  жасаймыз.

 

Балалар  біз  балабақша  ауласында  жүрген  құстарды  қоректендіндіргілерің  келе  ме?   Олай  болса  балалар  мына  жем  сауытқа   дәндердің  барлығын  жапсырамыз  және  алманы  бөлшектеп  береміз.

Берілген  тапсырманы  орындайды.

Сұрақ-жауап  арқылы  қорытындылау.Балалар  мен  сендерге  жұлдыздай  жарқырап  жүріңдер  деп  жұлдызшалар  беремін.

 Қоштасу
Біз қарлығаш тобымыз
Доспыз  бәріміз
Құстай қанат қағамыз
Биікке біз самғаймыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *