Тәуелсіздік

Тәуелсіздікке тарту
Тәуелсіздік тербетеді жандарды
Ата-бабам аңсаған бұл таңдарды.
Тар жол тайғақ кешуменен қиналып ,
Тарихымда жаңғырық боп зар қалды .

Елім деген еңіреген ер кетті
Шетсіз, шексіз байтақ дала , жер кетті.
Жанын қиды, қанын төкті батырлар
Қалайтыным еркін болған ел депті.

Жете алмай құрбан болған қанша адам,
Арманы бұл баяғыдан аңсаған.
Қазағымның қайтпас қайсар мінезі,
Естігенде көргендей боп тамсанам.

Бостан болдық , азат болдық бүгінде
Нұр -шуағын шашып тұрар күнім де.
Әлемменен терезесі тең болып
Егемен ел ешқашан да сүрінбе !

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Bilimger.kz Республикалық білім және ғылым порталы Республикалық білім және ғылым порталы ✅ ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі тіркелген 📋 Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718
Прокрутить вверх