Бабалар арманы -Тәуелсіздік

Бабалар арманы — Тәуелсіздік

Тәуелсіздік — еркіндіктің символы. Өз алдына жеке мемлекет болып, ешкімнің құзырына бағынбай , азат мемлекет болғанымызға, міне 30 жыл болыпты.
Жыл сайын желтоқсан айында ғана еске алатын күн.1 желтоқсан — Тұңғыш президент күні. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың , қажырлы еңбегінің арқасында осы күнге жеттік. Ал бұл азаттық , бізге қандай қиындықпен келгенін ұмытпағанымыз жөн. Қайран қазағым ашаршылықты да ,жұтты да , соғысты да көрді. Ел басына күн туған кезде де,сағы сынып кеткен жоқ. Қазақ өз қанын ,тегін ,тілін сақтау үшін, ата-бабамыз қасық қаны қалғанша күресті.
Халықтың жадында мәңгі қалатын «Желтоқсан оқиғасының» орны бөлек. Жазықсыздан жазықсыз жазаланған жастар. Қақаған қара қыстың ызғарлы күнінде аппақ қар қаншама адамның қанына боялды. Әділдікті талап еткен батыл ер-жігіттер, Әлия мен Мәншүктей өжет қыздар, Кеңестік биліктің өктемдігіне төтеп беруге тырысты. Желтоқсандағы наразылық шеруге басты себеп – Қазақстан Компартиясының жетекшісі Дінмұхамед Қонаевты қызметінен босатып, ол орынға Г.Колбинді халықпен санаспастан отырғызуы еді. Бұл шеруге қатысқандардың көбі – студенттер мен жұмысшы жастар. Қазағым,елім ,жерім дейтін нағыз патриот қыз-бозбалалар,билікке қарсы шығамыз деп , сол жолда мерт болды. Атап айтар болсам, қайтпас қайсар -Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,Ерболат Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова. Дегенмен,бәрінің көздеген асқақ арманы орындалды.
Қазағым талай қиын қыстау күнді басынан кешті. Ал бұл қаһарлы желтоқсан оқиғасы тарих беттерінен ойып тұрып орын алары сөзсіз. Қыршыңынынан қиылған жастардың қанымен қол жеткізген бейбітшілігіміздің құны, адам өмірімен тең.
Ендігі ұрпақ,Тәуелсіздігімізді барынша бағалап,келер ұрпақтың жарқын болашағы үшін , үлкендер қадамдар жасап, Қазақстанымыздың өркендеп, дамуына үлесімізді қосайық !

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *