Ғаламдық экологиялық мәселелер

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі

Сабақ  жоспары

 

Жоспардың  бөлімі:

Табиғатты пайдалану және геоэкология

Оқытушыныңатыжөні:

Сарманова Б.Қ.

Күні:«____»  ____  20___жыл Курс: _1 Топ: Элек«А»;
Пән  атауы: География
Сабақтың   тақырыбы: Ғаламдық экологиялық мәселелер
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):  

Қоршаған ортаның сапасын зерттеу (жергілікті / өңірлік компонент негізінде).

Сабақ мақсаттары: ·         Қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін жіктейді.

·         Ластанған қоршаған ортаның адам өміріне әсерін бағалайды (жергілікті/ өңірлік компонентті қосымша қамти отырып)

·         Тәжірибелік жолмен қоршаған ортаның сапасын зерттейді (жергілікті/ өңірлік компонент негізінде).

·         Қоршаған ортаның сапасын арттыру бойынша шешімдер әзірлейді (жергілікті /өңірлік компонент негізінде).

Критерийлер: ·         Әлем елдерін қоршаған орта сапасы бойынша жіктейді.

 

Тілдік мақсаттар:

 

Оқылым-айтылым: Тақырыпқа байланысты «Табиғи ортаның ластануы, озон қабатының жұқаруы мәселесін» оқып, жазбаша талдайды.

Тыңдалым-жазылым: Ғаламдық экологиялық мәселелер туралы видеоролик қарайды, оқулықтағы термин сөздерді жазады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ноосфера, жылыжай эффектісі, озон қабаты, ультракүлгін сәулелер, шөлейттену.

Құндылықтарды

дарыту:

Мәңгілік ел бағдарламасынан:Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы, адамгершілік құндылықтарды дарыту, өмір бойы оқып үйрену.
Пәнаралық

байланыстар:

Экология
Бастапқы білім:

 

Геоэкологиядығы антропогендік факторлар
Оқуәдістемелік құралжабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: К.Каймулдинова, С.Әбілмәжінова, География. 10 сынып, Алматы 2019, Мектеп.
Техникалық құралдар, материалдар: Интерактивті тақта, видеосабақ,карта
Сабақтың барысы
Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғанісәрекет

 

Сабақтың басы (5 минут)

 

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып, көңіл-күйін сұрау. Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Көрші» әдісі

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.

 

«Сұрақ қою және талқылау» 

«Қағаздағы сұрақтар» әдісі

Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап бере отырып үй тапсырмасы сұралады.

ҚБ: «Мадақтау» әдісі арқылы

 

Топқа бөлу «Асықтар» әдісі. (Асық түстеріне қарай топқа бөлінеді)

Сары түс «Озон қабаты» тобы

Қызыл түс «Жылыжай эффектісі» тобы

Жасыл түс «Қышқыл жаңбыр» тобы

Сабақтың  ортасы

 

  І.Жұптық жұмыс.

«Кинометафера» әдісі Білім алушыларға «Озон қабатының жұқаруы» тақырыбында видео көрсетілім жасалады.

(Ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға,   түйінді ойды саралауға жетелейді).

Тапсырма: Видеодағы мәліметке сүйене отырып, жаныңыздағы оқушымен бірлесіп озон қабатының жұқаруы себебі және оның қоршаған ортаға әсері туралы жазыңыздар.

Дескриптор:

1.Видеоны көреді                                                                                                                         — 2.Озон қабатының жұқаруы себебі және қоршаған ортаға әсері туралы жазады            , 3.Дәптерге жазған ойларымен бөліседі

 

ІІ.Жеке жұмыс. «Ғажайып картаға саяхат» әдісі

Тақтада ілінген картадан жасырын аймақтарды көрсетеді

Тапсырма:Берілген ресурстарды пайдаланып ғаламдық экологиялық аймақтарды анықтап, таралу аймағын  картадан көрсетіңіз.

 

Дескриптор:

1. Берілген қосымша материалдарды оқиды

2. Карта бойынша Ғаламда таралған экологиялық   аймақтарды анықтап атайды;

3. Таралу аймақтарын картадан көрсете алады;

 

ІІІ. Топтық жұмыс:  «Фишбоун» әдісі (постерде)

Жапондық профессор Исикава бойынша

Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.

(Берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді).

Тапсырма: Экологиялық мәселелерден сақтану шараларына жоба ұсыныңыз.

 

Дескриптор:

1. Ғаламдағы еліміздегі экологиялық мәселелерді атайды;

2. Себептерін түсіндіреді;

3. ҒЭМ нақты дәлелдер келтіреді;

4.Қорытынды тұжырым айтады

5. Жоба ұсынады

 

Сабақтың  соңы

( 5 минут)

«Шахмат» әдісі

Саймон Браунхилл бойынша

Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы оқушылар бос ақ ұяшықтарға өз ойларын кезекпен жазады, кейін ой бөліседі. (Маңызды ақпарат туралы ой бөлісіп, жазылым, оқылым, тыңдалым мен айтылым дағдылары қалыптасады.)

Сабақ  бойынша рефлексия Еске сақтау керек маңызды бір нәрсе

————————————————

Сіз көбірек білгіңіз келетін екі нәрсе

———————————————-

———————————————-

Сіз бұған дейін білген үш нәрсе

———————————————

———————————————

———————————————

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *