Пісіру трансформаторы

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі

Оқу сабағының жоспары

 

Жоспардың  бөлімі:

Пісіру трансформаторлары

Оқытушының аты-жөні:

Талдыбаева Гаухар Саулетжановна

Күні:  «    »              2021 жыл Курс:  ­­­­­2 Топ: Электрик А
Пән  атауы: «Өндіріс жағдайы үшін электр машиналары мен трансформаторларының сандық және сапалық жағынан таңдау»
Сабақтың   тақырыбы: «Пісіру трансформаторлары»
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары Пісіру трансформаторлары, қолдану аймағы туралы жалпы мағлұматтар беру және олардың түрлерімен таныстыра отырып, сабаққа деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың мақсаты:       Пісіру трансформаторлары, қолдану аймағы туралы жалпы мағлұматтар беру және олардың түрлерімен таныстыра отырып, сабаққа деген қызығушылығын ояту.

Оқушыларға болашақ кәсіби мамандығына пісіру трансформаторларының түр сипатын, қасиеттерін және болашақта қалай қолдануды қалыптастыру.

Оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру, таңдаған мамандығына деген құрмет пен сүйіспеншілігін арттыру, пәнге деген қызығушылық тудырту және де өз шешімдерін дұрыс таңдауға баулу.

Критерийлер: ·         Трансформаторлар құрылысын түсіндіреді.

·         Трансформатордың қызметтерінің ерекшеліктерін біледі.

·         Трансформатор түрлері мен құрылысының айырмашылықтарын ажыратады.

Тілдік мақсаттар:

 

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

transformare – латынша айналдыру, түрлендіру.

Құндылықтарды

дарыту

Өзбеттерімен ізденіп жұмыс жасау. Ынтымақтастыққа, сыйластық, бірлестік, бірлікке баулу.
Пәнаралық байланыс Жалпы электротехника, Электроника, Электрмен қамтамасыз ету.
Бастапқы білім Трансформатор құрылысы;

Трансформатор ұғымын және түрлерін, атауын біледі

 

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

 

И.Мұхити Электротехника;

В.Е.Китаев Электроника және өнеркәсіптік электроника негіздері;

Қалықов Б.Р, Өмірзақов Ш, Сылкин М.И Электр машиналары

Техникалық құралдар, материалдар 1. Интерактивті тақта

2. Таратпа материалдар (карточкалар, плакаттар, дәріс материалдары, тест сұрақтары ж.б)

3. Интернет ресурстары. Дидактикалық материалдар

4. Электронды оқулықтар (дәріс материалдары, слайдтар, презентациялары

Сабақтың барысы
Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған ісәрекет

 

Сабақтың басы

(5 минут)

Ұйымдастыру.

Амандасу, оқушыларды түгендеу.

 

Ой шақыру:«Сұраққа жетіп ал» әдісі: арқылы оқушыларға өткен материалдарға байланысты сұрақтар қоямын. Бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып аламын.

Жалпылама сұрақтар қою: /слайд арқылы/

1. Берік және сапалы тігіс алудың негізгі шартын атаныз?

Пісіру жұмысының тұрақты жүргізілуі болып табылады

2. Пісіру процесі сапалы жүргізілуі үшін қойылатын талаптар

Ток көзі, доға және пісіру ваннасы пісіру процесінде біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуі керек.Осы үшеуі біркелкі,үздіксіз, және тұрақты жұмыс істесе, пісіру процесі сапалы жүреді.

3. Тұрақты пісіру процесін жүргізу үшін ток көздеріне қойылатын талаптар

Ток көзінің бос жүріс кернеуі доғаны тез және оңай тұтата алатындай шамада болу керек, бірақ адам өміріне қауіпсіз болу шарт, бұл шама тұрақты ток көзі үшін 90В, ал айнымалы ток көзі үшін 80В екендігі есептелген

4. Ток көзінің сыртқы электрлік сипаты деп нені атайды?

Ток көзінің сыртқы электрлік сипаты деп-оның шығару құлақтарындағы кернеудің пісіру тогына тәуелділігін айтады

5. Ток көзінің сыртқы сипаты неше түрге бөлінеді? Түрлерін атаңыз?

Ток көзінің сыртқы сипаты үш түрге бөлінеді.

-күрт төмендейтін

-баяу төмендейтін

-қатаң және өспелі тәуелділікпен

6. Доғаның вольтамперлік сипаты дегеніміз не?

Доғаның вольтамперлік сипаты деп-доғадағы кернеудің пісіру тогына тәуелділігін айтамыз.

7. Пісіру доғасын электр тогымен қамтамасыз ету үшін қандай құрылғыларды пайдаланады?

Пісіру доғасын электр тогымен қамтамасыз ету үшін пісіру трансформаторын, генераторын және түзеткіштерін пайдаланады.

8.Ток көзінің салыстырмалы жұмыс істеу ұзақтығы дегеніміз не?

Ток көзінің салыстырмалы жұмыс істеу ұзақтығы деп- оның үзіліс кезінде де негізгі электр желісіне қосылу күйінде де тек қана пісіру тізбегі ажыратылып бос жүріс жасауын айтады.

9. Доғаны тұрақты токпен қамтамасыз ететін құрылғы?

Пісіру генераторы

10. Пісіру генераторлары ненің көмегімен электр тогын өндіреді?

Электрмоторлар немесе іштен жану моторларының көмегімен

 

Дескриптор:

·         Пісіру трансформаторларының қызметін  еске түсіреді

·         Сұрақтарға жауап береді

Қалыптастырушы бағалау:

Мұғалімнің бағалауы

Сабақтың  ортасы 1.    1- тапсырма

2.          Жалпы шолу жасап өту, (қысқаша бейне көрініс пісіру трансформаторы ) сабақтың жоспарын айту, пісіру трансформаторлары туралы оқушыларға мағлұматтар беру.

«Пісіру трансформаторлары»

Жоспар:

а) Пісіру трансформаторлары туралы жалпы түсінік.

б) Пісіру трансформаторының құрылысы ТСК-500 маркасы(Өтемдік конденсаторы бар күштік трансформатор)

в) Пісіру трансформаторларының жұмыс істеу принципі.

г) Пісіру трансформаторының ақауы және оларды жөндеу жолдары

а) Пісіру трансформаторлары туралы жалпы түсінік.

а) Пісіру процесін айнымалы токпен қамтамасыз ету үшін арнаулы пісіру трансформаторлары пайдаланылады. Пісіру трансформаторлары біріншіден, пісіру доғасын токпен, екіншіден, пісіру тогының шамасын реттеуді қамтамасыз етеді. Бұлар көбінесе төмендейтін сипатта болады да, оларды қол доғасымен және флюс астында автоматты түрде пісіру жұмыстарында қолданады. Негізінен трансформаторлар, трансформатор болатынан жасалған магнит өткізгіш өзектен (қаңқасынан) тұрады. Өзекте негізгі және қосалқы орамдар орналасқан. Бұдан былай магнит өткізгіш өзекті магнит өзегі деп атаймыз.

Пісіру трансформаторларын магнит ағынын өзгерту шамасына сәйкес екі топқа бөледі:

Бірінші топқа магнит ағынын жоғары дәрежеде өзгертуші (шашыратушы) трансформаторлар кіреді. Бұлардың өзі магнитпен шунтталған, жылжымалы катушкалы және тармақтарымен сатылап өзгеретін болып үш топқа бөлінеді. Бұл топтарға ТС (Күштік трансформаторы), ТД (Қол доғасымен пісіруге арналған трансформатор), ТСМ (көп мақсатта қолдануға арналған құрғақ, үш фазалы трансформатор) ТСК (Өтемдік конденсаторы бар күштік трансформатор) типтес трансформаторлар кіреді.

Екінші топқа қосымша дроссель және реактивті катушкамен жабдықталған, магнит ағынын қалыпты дәрежеде өзгертуді қамтамасыз ететін трансформаторлар жатады. Бұл топқа СТН (қуат кернеуінің трансформаторы), ТСД (қуатты қол доғалы трансформаторы) т.б типтес трансформаторлар кіреді.

б) Пісіру трансформатының құрылысы ТСК-500 маркасы

б)Пісіру трансформатының құрылысы ТСК-500 маркасы

(Өтемдік конденсаторы бар күштік трансформатор)

Бұл трансформатор жылжымалы катушкасының көмегімен магнит ағының шамасын жоғары дәрежеде өзгерте алады.

Магнит өзегінен (1) төменгі бөлігінде негізгі орам (3) орналасқан.негізгі орам екі катушкадан тұрады. Олар магнит өзегінің екі өзекшесінде жылжымайтын етіп орналасқан. Негізгі орамдар бір-бірімен параллель жалғанады. Ал қосалқы орамдар (2) өзінің екі катушкасымен магнит өзегінің өзекшесінде негізгі орамның жоғарғы жағында бөлек біршама қашықтықта орналасқан. Негізгі орам катушкалары сияқты, қосалқы орам катушкалары да

бір-бірімен параллель жалғанады. Қосалқы орам жылжымалы, ол арнаулы бұрандалы винттің (5) көмегімен магнит өзегінің бойымен жоғары-төмен қозғалады. Бұрандалы винт трансформатор қорабының жоғарғы қақпағында орналасқан сабы (6) арқылы қозғалысқа келтіріледі.

Пісіру тогының шамасын, негізгі және қосалқы орамдар арасын қашықтықтатып, немесе жақындатып өзгертуге болады. Пісіру тогын жобалап алу үшін, трансформатор қорабының жоғарғы қақпағында орналасқан шкаланы пайдаланған жөн, ал дәл анықтау үшін амперметр пайдалану керек. Пайдалану қуатының коэффициенттерін көтеру үшін, ТСК-500 (Өтемдік конденсаторы бар күштік трансформатор) трансформаторы сыйымдылығы үлкен конденсаторлармен жабдықталады. Олар негізгі орамға параллель жалғанады. Кей жағдайда пісіру тогының шамасын арттыру үшін, барлық техникалық мінездемесіне сәйкес келетін бірнеше трансформаторларды параллель жалғайды.

ТСК -500 трансформаторы (Өтемдік конденсаторы бар күштік трансформатор)

а- трансформатордың жалпы көрінісі;

б-Пісіру тогын реттеу тәртібі

в-трансформатордың электр сызбасы

1 -магнит өзегі; 2 – қосалқы орамдар; 3-негізгі орам; 4-өтемдік конденсатор-5- бұрандалы винт; 6- бұрандалы винтке бекітілген токты реттеуге арналған сап

в) Пісіру трансформаторының жұмыс істеу принципі

Трансформаторда пісіру тогы келесідей пайда болады:

Электр желісінен келген айнымалы ток негізгі орам арқылы жүріп өтіп магнит өзегінде магнит өрісін тудырады. Осы магнит өрісінің күш сызықтары, қосалқы орам тармақтарын қиып өтіп, онда айнымалы токты идукциялайды. Яғни, қосалқы орамда индукциялық ток пайда болады. Бұл индукциялық токтың кернеуі, қосалқы орамдарының тармақтарының санына тікелей тәуелді. Тармақ саны көбейсе, индукциялық токтың кернеуі көп болады, ал тармақ саны аз болса, кернеу шамасы төмендейді. Ал пісіру тогының шамасын реттеу және оның сыртқы сипатын қалыптастыру: магнит ағынының шашырау шамасын өзгерту әдісімен немесе қосымша индуктивті кедергілер қолданумен жүзеге асырылады.

Пісіру тогының шамасын, негізгі және қосалқы орамдар арасын қашықтатып немесе жақындатып өзгертуге болады. Мысалы, егер бұрандалы винттің сабын сағат тілінің бағытымен айналдырсақ, онда магнит ағынының шашырауы және индуктивті кедергі шамасы азаяды да, пісіру тогы көбейеді. Ал сапты керісінше айналдырсақ, онда орамдар бір-бірінен қашықтықтап, магнит ағынының шашырауы мен индуктивті кедергі шамасы ұлғаяды да, пісіру тогы әлсірейді. Бұл трансформатор көмегімен пісіру тогын 165-650 А шамасында өзгертуге болады. Ол үшін негізгі орам катушкаларын да, қосалқы орам катушкаларында тиісінше бір-біріне параллель жалғау керек. Ал, 40-165 А шамасындағы пісіру тогын алу керек болса, онда негізгі орам катушкаларын да, қосалқы орам катушкаларын да бір-біріне тізбектеп жалғау керек.

Дескриптор:

·         Пісіру трансформаторының ақауы және оларды жөндеу жолдары

·         Ақаулар түрлері ақаудың пайда болу себептері жөндеу жұмыстары

2- тапсырма

1. Трансформатор орамдарының қатты қызуы

1. Негізгі орам қатты қосылмаған

2. Пісіру тогы өте үлкен электр желісіне дұрыс қосылғандығын тексеру

2.Трансформатордың жалғау құлақтары қызады

1. Орам тармақтары бір-бірімен тұйықталған.

2. Бекіту болттарын қатты бұрамаған.

3. Бекіту болтына жалғанатын

1. Орамдарды қайта орауға тапсыру керек

2. Болттарды қатты тартқызу керек

3. Қимасы сәйкес келетін өткізгіш сымдардың қимасы кішірейген өткізгіштермен алмастыру керек

3.Трансформатор қатты гуілдейді

1. Магнит өзегінің қатайту болттары босаған

2. Сыртқы қорабының болттары босаған бекіту болттарын қатайтып бұрау керек

4. Пісіру тогы нашар реттеледі

1. Реттеуіш бұрамасының ақаулығы реттеуіш бұрамасын тексеру керек

5. Жұмыс істеу барысында доғаның кенеттен сөніп қалуы

1) Пісіру сымдарында үзіктің болуы немесе түйіспелерінің ажырап кетуі;

2) Бірінші реттік ораманың екінші реттік тізбекке кернеу өткізіп қоюы;

3) Сымдар арасындағы тұйықталулар Жөндеу шеберханасына тапсыру керек

Трансформатор орамдары изоляциясының зақымдануы өте қауіпті. Себебі, бұл жағдайда пісірушінің электр тогына түсуіне әкеп соқтырады. Сондықтан орамдар изоляциясын белгіленген тәртіппен тексеріп отыру керек.

3- тапсырма

Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтар қою:

1. Пісіру трансформаторы деп қандай құрылғыны атайды?

2. Пісіру трансформаторының қызметі қандай?

3. Трансформаторда пісіру тогының пайда болуы қалай сипатталады?

4. Пісіру трансформаторлары магнит ағынын өзгерту шамаларына сәйкес қалай бөлінеді?

5. Пісіру трансформаторында магнит ағынын өзгерту шамаларының бірінші тобына нені жатқызамыз?

6. Пісіру трансформаторының магнит ағынын өзгерту үшін екінші тобына нені жатқызамыз?

7. Пісіру трансформаторының ТСК-500 (Өтемдік конденсаторы бар күштік трансформатор) құрылысы қандай?

8. Пісіру тогы қай кезде көбейеді

 

Дескриптор:

·         Пісіру трансформаторының белгіленуі

·         Жалғануы

 

Сабақтың соңы

( 5 минут)

Еркін микрофон» әдісі. Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, тыңдалынады.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың

«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

 

 

 

 

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

 

 

 

 

 

«Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».

Сонымен қатар 100 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Сабақ  бойынша рефлексия
 

 

Рефлексия пирамидасы

Еске сақтау керек маңызды бір нәрсе

————————————————

Сіз көбірек білгіңіз келетін екі нәрсе

———————————————-

———————————————-

Сіз бұған дейін білген үш нәрсе

———————————————

———————————————

———————————————

 

Директордың  ОЖЖ орынбасары:                   

                                                     Оқытушы:

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *