БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯ

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯ

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі

Жингилбекова Салтанат Несіпжанқызы

 

Қазір Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесі білім саласының жаңашалануымен қатар жүреді. Яғни, білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі дамытуға, өзін толытуға және өзін-өзі биікке ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Жаңа білім бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын ғана емес, сонымен қатар оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтиды. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі — баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне еңгізу.

Осыған сәйкес білім беру жүйесін жетілдірудегі маңызды міндеттер қойылып отыр:

— педагогикалық білімнің мазмұны мен әдістерін жаңарту;

— педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауда теориялық және практикалық инновациялық бағыттарды анықтау;

— оқу-тәрбие процесіне инновациялық ақпараттық-коммуникациялық білім беру технологияларын енгізу;

— кез келген жағдайда өз бетімен оң шешім қабылдай алатын, өзіндік білім алу траекториясын құрастыра білетін және оны тиімді жүзеге асыру жолдарын анықтай алатын, оны тиімді жүзеге асыра білетін интеллектуалды тұлғаны тәрбиелеу, яғни адами капиталды қалыптастыру.

Білім саласында жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.

Білім беру қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс — тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Білім беруде оқушы өзі ізденіп, тақырыпты оқып, түсініп, тақырып аясын кеңейтсе, өз білгенін көпшілікке жеткізе алса, онда ол  ұстаз еңбегінің нәтижесі екені анық.

Педагог алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, меңгереді, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, оны дамытып, нәтижесін тексереді.

Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «өзгеріс», «жаңа әдіс», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.

«Инновация» ұғымына тоқталатын болсақ, ғалымдардың көпшілігі оған әр түрлі анықтама берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былай түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея» десе, Майлс «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» деген. «Инновация» ұғымы ең алғаш ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болған. Оны әрел әртүрлі түсінген. Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақша анықтама берген Немеребай Нұрахметов. Ол инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарын жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынған. Қазіргі инновациялық технологиялар білім саласында да қолданылып келеді.

Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:

— инновация туралы білімі;

— инновацияны жан – жақты меңгеру;

— инновациялық іс – әрекет диагностикасын меңгеру;

— инновацияны тәжірибеге енгізу жұмыстары;

— инновацияны практикада дұрыс қолдану.

Инновацияны қолдану дегеніміз, инновацияны шаблон ретінде пайдалану емес, өз тәжірибесі арқылы жаңашаландырып пайдалану деп білемін. Инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жетуі керек және өз ісінің жемісін көре алуы керек.

Қазіргі уақытта білімнің дауында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлардан көрініп отыр екен.

Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік- экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие үдерістерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде.Педагогикалық жаңалықтарды жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.

Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр.

Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолданылуға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Егер бұрынғы уақытта инновациялық қызмет негізінен жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік ала бастады.

«Адам баласын заман өсіреді, кімде – кім жаман болса, оның замандастарының бәрі кінәлі» деген екен Абай атамыз. Олай болса әр педагогтың жаңашыл технологияларды қолдануы арқылы білімді, білікті, ұтқыр ойлы ұрпақтар көбейе берсін!

 

Әдебиеттер:

О.Ж.Мыханова «Білім берудегі инновация» мақаласы

Э.Раджерс  «Инновация туралы түсінік»  Қазақстан мектебі, №4  2006

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *