Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

10 көлеміндегі сандарды қосу, азайту

Автор

Bilimger Media
2 мин оқу 2 536 оқылым

ФИО:Балхибекова Жадыра Елубаевна

Қала: Шымкент қаласы

Сабақта оқушылар 10 көлеміндегі сандармен қосу және азайту амалдарын орындап, есеп шығару дағдыларын бекітеді.

Мектеп: Шымкент қаласы білім басқармасы «Қосалқы мектеп-интернаты» комуналдық мемлекеттік мекемесі

  Қызметі: мұғалім-дефектолог

Тақырыбы: 10 көлеміндегі сандарды қосу, азайту.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың өздігінен жұмыс істей отырып, өткенді қайталау, білімін тиянақтау, қосу мен алу амалдары туралы білім мен білігін жүйелеу. Есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру және өздігінен жұмыс істеуге баулу.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, логикалық ой-өрісін, пәнге қызығушылығын және ауызша есептеу дағдысын және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Алғырлыққа, тиянақтылыққа және бір-біріне деген бауырмашылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Сандар, карточкалар және математикалық құрастырғыштар.

Сабақ түрі: Аралас.

Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, орындарына отырғызу. Оқушыларды түгелдеу.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қазір қай ай?

- Бүгін аптаның қай күні?

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

5 санының көбейту кестесін еске түсіріп, қайталату.

 III. Кіріспе.

 Жаңа сабақ:

10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту

- Балалар, бүгінгі жаңа сабақта 10 көлеміндегі сандарды қосып, алу амалдарын пайдалана отырып, есептер шығарамыз.  Ол үшін алдымен 1-ден 10-ға дейінгі сандарды және 1-ден 20-ға дейінгі сандарды тура, кері санайықшы. ( әр оқушыға деңгейіне қарай  )

Мына таңбаларды кім айтады?(   + ;  - ;   =  )

- Дұрыс айтасыңдар, қосу, азайту және тең. Осы амалдарды пайдалана отырып есептер шығарайық.

1. Тапсырма:III-топ оқушыларына арналған есептер:

( Тақтада шығару жолын көрсету )

2+7=                    15-8=                            4+7=

10-8=                            20-10=                 16-6=

4-1=                     7+5=                    8+3=

3+6=                    6+4=                    13-7=

Сандарды табуға арналған дидактикалық ойын

2.Тапсырма: IV-топ оқушыларына арналған дидактикалық ойын:                    « Жоғалған сан »

Сандардың көршісін табу ( кубиктермен ).

1-ден 10-ға дейінгі сандар бойынша ретімен  тұрады, балалар көршілерін табады.

  1. Тапсырма:IV-топ оқушыларына арналған суретті есептер:

А)

Б)

В)

Сергіту сәті:

Қостық біз, алдық біз,

Қатты шаршап кеттік біз.

Қане, тұра қалайық,

Қимылдасын қол-аяқ,

Кірпікті де қағайық, терең демді алайық,

Орнымызға отырып,

Сабаққа назар салайық.

IV.Сабақты бекіту: Математикалық жұмбақ:

А) Мықты санмын орақпын,

Ең жақсы бағамын.         (5)

Қосу амалын бекітетін ауызша есеп

Б) Оң қолымда 2 алма, сол қолымда 3 алма. Қане, бәрін  қосқанда болады екен неше алма?                            (5)

V.Сабақты қорыту: Логикалық есептер:

А) 2 қоянда неше құлақ?

Б) 2 тауықта неше аяқ?

В) 1 қойда неше аяқ бар?

VI .Сабақты бағалау: Әр оқушыны сабаққа қатысуына және  жауаптарына қарай мадақтап, марапаттап бағалау.

Ұқсас материалдар

Соңғы жаңарту: 20 қазан 2026, 00:12

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин