Ұлттық қолөнер

Ұлттық қолөнер

Қазақ халқының ұлттық қолөнері сонау ерте заманнан бері қалыптасып келеді. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне байланысты қолөнердің сан алуан түрі бар. Күнделікті пайдаланатын тұрмыстық заттардан бастап, қыздардың әшекей бұйырмадары, киім –кешектері, үйге қажетті құрал- жабдықтар , ыдыс-аяқтар , көпрешелердегі түрлі ою-өрнектер осының барлығы дерлік тұнып тұрған тарихтан сыр шеретін, қажырлы еңбекті қажет ететін халқымыздың қолөнері.

Қазақ қолөнерінде ерекше орын алатын , қолдың ебін қажет ететін әр бір бұйымға ерекшелік сыйлайтын ою-өрнектердің алатын орны зор. Әрбір оюдың өзіндік мән мағынасы бар. Ою-өрнектерді белгілі наным сенімдерге байланысты өзіндік анаулары бар. Аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер «ай», «күн», «жұлдыз», «айшық», «аймүйіз», «құс жолы», «жұлдызша», «кемпірқосақ», т.б. Заттардың атауына байланысты өрнектер «балға», «балта», «тарақ», «балдақ», «күмбез», «табақ», «қармақ», т.б. Ру таңбалары мен ел таңбаларға байланысты ою-өрнек элементтері:«тұмар», «айшық» « босаға», «тарақ», «көз», «шөміш», шылбыр», «көсеу», «ашамай», т.б.Халқымыздың бізге жеткен ою – өрнек үлгілері бай мұра, салқылмас қазына.

Ою-өрнектер қазақтың барлық қолөнерінде кеңінен қолданады . Тұрмыста кигіз басып сырмақ сырғанда үстіне әсемдеп қазақтың ұлттық нақыштағы ою-өрнектерін бейнелейді. Қыздардың әшекей бұымдарында сырғасында, шолпысында, жүзігінде, киім-кешегінде барлығында өзіндік мән мағынасы бар ою- өрнектер қолданылады. Күнделікті тұрыста пайданалатын ыдыс- аятардың сыртында да ұлттық нақыштағы ою-өрнектер кеңінен қолданылады.

Ерте заманнан келе жатқан қолөнеріміз, қазіргі уақытқа дейін өзінің құндылығын жоғалпаған. Халқымызыдың ұлттық қолөнері тарихымыздан сыр шертіп , қазақи болмысымызды одан әрмен қалыптастырады. Қолөнерімізді қазіргі уақытта брендке айналдырсақ қомақты қаражат көзін тауып қана қоймай жәнеде ұлттық өнерімзіді одан әрмен дамытуға өз үлесімізді қосқанымыз.

Малика Уалихан

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *