Қыз Жібек фильмнің қызықты мәліметтер

(Қыз Жібек) фильмінің сценарийін даярлау, фильмнің дайындық жұмыстарын жүргізу, фильмді түсіру, монтаждау кезіндегі толғаныс пен қиындыққа толы сәттерден қызық мәліметтерді ұсынамын.

 

«Қыз Жібектің» алғашқы нұсқасы «Аққу» деп аталған. Кино түсірілгенге дейін фильм сценарийі 1944 жылы, яғни 10 жыл бұрын жазылған. 1967 жылы жаңа сценарийлерді бекіту кезінде дайын сценарий ретінде еске түседі.

Фильмді түсіру үшін қазіргі күні кездеспейтін 8-10 қанатты шаңқан ақ үйлер арнайы жасалды. Түрлі түсті ши, таза ақ жүн, керегені талдан ию үшін солқылдаған жас бозталдар қолданылды.

Режиссерлік сценарий бойынша Жібектің 10 түрлі костюмі болу керек деп бекітілді («Анна Каренина» фильмінде Каренинаның 25 түрлі костюмы болған).

Жасанды, боялған материал экранда білініп қалады деп костюмдерге қажетті барқыт, мақпал, жібек, шәйі, батсайы, пүліш, көйлек-камзолды әдіптейтін құндыз, сусар, елтірі, киімді оқалайтын жақат, інжу-маржан қолданылды.

Арнайы қаулы негізінде, Ауыл шаруашылық министрлігіне фильмге керек таңдаулы 40 ат тауып беру жүктелді.

Жеке адамдардың қолынан ер-тұрман, сауыт-сайман, киіз үй жиһаздары және басқа да сатуда жоқ кілем, текемет, сырмақ секілді заттарды сатып алу үшін 10 мың сомға дейін ақша жұмсауға рұқсат етілді.

Алматыдағы «Сувенир» фабрикасы қақтаған күмістен, ақ жалтыр темірден батырлар мен қыздардың киімдеріне қажетті жүздеген әшекей жасап шығарды.

Фильм суретшісі Гүлфайрус Ысмайлова бастаған таңдаулы шеберлер қыздардың камзолдары мен көйлектеріне, жүздеген, мыңдаған моншақтарды бір-бірлеп өз қолдарымен қадаған.

«Қыз Жібек» группасындағы жүзге жуық студия қызметкерлері екі жыл бойы даярлық, әзірлік жұмыстарын орындап шықты.

Жібек рөліне 400-ге жуық үміткерден ұсыныс хат келіп түсті. Олардың ішінде 15 қыз ғана іріктеуден өтіп, тек Жібектің серіктері ретінде бекітілді.

 

Малика Уалихан

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *