Теңге қалай құнсызданды?

Қазақстанның ұлттық валютасы қолданысқа енгеннен бергі 22 жылдың ішінде АҚШ доллары 65 есе қымбаттады. 

1993 жылы елде 1$ бағамы небәрі 4,7 теңгеге бағаланды.  Алайда бұл бағам бар болғаны 1,5 айға ғана созылып, 1994 жылдың қаңтарында АҚШ валютасы 8,17 теңгеге дейін қымбаттады.  Қазақстандықтар теңгенің девальвациясы туралы алғаш рет 1999 жылы білді. Ол кезде доллар 88-ден 160 теңгеге күрт нығайды. Тамыз айында валюта бағамы 130 теңгеге дейін төмендеді. Үкімет азаматтарға девальвация жергілікті компанияларды қолдау үшін және Ұлттық банктің бағамды тұрақтандыру шығынын азайту үшін қажет болды деп түсіндірді.

Қазақстанда екінші девальвация 2009 жылы болды. Ол туралы қаңқу сөздер Ұлттық банкке Әнуар Сәйденов жетекшілік жасап тұрғанда-ақ шыққан болатын.  Әйтсе де теңгенің құнсыздануын қадағалаушы мекеменің жаңа басшысы Григорий Марченко жүзеге асырды. 2009 жылдың ақпанында доллар бағамы Қазақстанда 130-дан 170 теңгеге дейін өсті. Кейінірек бұл бағам 150 теңге деңгейіне тұрақтады.

2014 жылдың ақпанында реттеуші бұл жолы Қайрат Келімбетовтің басшылығымен  тағы да теңгені қолдаудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Ол кезде айырбас бағамы 1 $ үшін 185-теңгеге дейін өсті. Артынша Ұлттық банк жетекшісі үшінші девальвация елде артығымен жасалғанын түсіндірді.  Дегенмен бұл қор 1,5 жылға ғана жетті. 2015 жылдың 20-тамызында теңгені еркін малтуға жіберді. Дәл осы күні Қазақстан қор биржасының таңғы сауда-саттықта теңге бағамы 1 $ үшін 188-ден 255,26 дейін құлады.

Іскерлік әкімшілік ету докторы Ерлан Ибрагим доллар Ұлттық банктің қай басшысы кезінде барынша нығайғанын санап шықты.

Сонымен, Дәулет Сембай Ұлттық банкке 1994 жылдан 1996 жылға дейін жетекшілік жасады. Ол өз қызметін дағдарыстың әбден шиелініскен кезеңінде қабылдап алды. Бұл уақытта теңге 9 еседей құнсызданды.

Одан кейін бұл мансапқа Ораз Жандосов келді. Ол Ұлттық банкті 1996 жылдың қаңтарынан, 1998 жылдың ақпанына дейін 2 жыл басқарды. Бұл кезеңде теңге тұрақтылығын барынша сақтап, 1 $ үшін  66-дан 76 теңгеге  дейін 16 пайыздай ғана әлсіреді.

Қадыржан Дамитов реттеушінің төртінші басшысы болды. Оның жетекшілігі кезінде  теңге 1 $ үшін 76-дан 141 теңгеге дейін 84 % шамасында құнсызданды.

Григорий Марченко Ұлттық банкті бәрінен ұзақ басқарды. Алғаш рет маңызды қаржылық лауазымға 1999 жылдың қазанында қабылданып, Ұлттық банк жетекшісі креслосында 2004 жылға дейін отырды. 2009 жылы реттеушінің басшылығын тағы да қабылдап алды.

Әнуар Сәйденов банкті 2009 жылға дейін, 5 жылдам астам уақыт бойы  басқарды. Бұл мезгілде теңгенің нығаюы жалғасып, 139-дан 121-ге дейін 13 пайызға нығайды. Сәйденов жетекшілгінің соңында әлемдік қаржы нарығындағы ахуал өзгерді – барлық жерде қаржылық дағдарыс өршеленіп, теңге айтарлықтай қысымға түсті.

Қайрат Келімбетов маңызды банкті 2 жылдам астам басқарды.  Бұл кезеңде теңге, 1 доллар үшін 153-тен 280-ге дейін   80 пайыздан астам құнсызданды.

Данияр Ақышев – Ұлтық банктің тоғызыншы басшысы. Бір аптаның ішінде теңге 300-дік белгіден асып түсті және 13-қарашада 1 доллар 307,8 теңгеге сатылды.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *