«Қ» дыбысы мен әрпі

                                                     Байғараева Жібек Әбушакадақызы

ҚОББ ҚҚББ «Ер Төстік»

Бөбекжай-бақшасы ҚМКҚ

тәрбиеші

 

 

Дағдылар: Коммуникативті дағдыларды дамыту, Танымдық және зияткерлік дағдылары.

Ұйымдастырылған іс-әрекет: Сауат ашу негіздері, сурет салу, құрастыру.

Тақырыбы: «Қ» дыбысы мен әрпі.

Міндеті: Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынасы құралы ретінде дамыту. Әрбір сөздің мағынасы болатыны туралы түсінік қалыптастыру,сөз мағынасына қызығушылыққа баулу. Сөйлемді ауызша  талдау, жай сөйлемдерді  сөздерге бөлу, сөйлемдегі сөздің ретін, санын анықтау. Берілген сөзге сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру.

Қажетті ресурстар: Суретті пазлдар, әріпті кубиктер, түрлі-түсті қаламдар, дайын үлгісі бар қағаздар.

Барысы:

Тәрбиеші: Балалар, бүгін сендермен «Әріпті таны» ойынын ойнаймыз.

Шарты: Сендерге мен өтілген әріптерді қайталап біртіндеп айтамын, сендер  алдарыңда қағазда жазулы тұрған әріптерді түрлі-түсті стаканмен бастырып жылдам табуларың қажет. (А,Т,Н,Ғ,Р,О) Сендер дайынсыңдар ма? Тапқан әріптеріңе мен сұрақтар қоямын.

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

-Сөйлемнің қанша түрі бар?

Балалар: Ия, дайынбыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Бүгін енді  жаңадан тағы әріппен танысамыз. Ол үшін қанекей тақтаға қараймыз. (Суреттер ілінеді. Қасқыр, қоян, қарбыз,қияр)

Балаларды «Қ» дыбысы және әрпімен таныстыру.  «Қ» дыбысы мен әрпі қатаң дауыссыз дыбыс. Көк түсті текшемен белгілейміз. Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. Қанекей «Қ» дыбысынан келетін сөздер айтайықшы.  Қауын, Қарбыз, қой,   қасқыр, асқабақ, асық, тауық.

Қауын сөзін буынға бөліп көрейікші.  Қа-уын   2 буын. (Сөздерді буынға бөлу)

«Қ» дыбысы мен әрпін  ауада және тақтада жазып көрсету.

Жарайсыңдар, олай болса ойынымызды жалғастырайық.Өзіміз қалаған ойын аймақтарына барып берілген ойындарды ойнайтын боламыз.

1 –ойын: «Суретті лабиринт»

Шарты:  «Қ» дыбысы мен әрпін тауып түрлі-түсті қаламмен бояйды.

2-ойын: «Буын құра»

Шарты: Гүл дестелерінде берілген буындарды әріпті кубиктермен құрастырады.

3-ойын: «Пазлдар құрастырамыз»

Шарты:   «Қ» дыбысы бар қиылған суреттерден  бүтін бір бейне құрастырады.  (қайық, құмырсқа, қияр, құлыншақ,қарбыз,қасқыр,қанқызы)

4-ойын: «Біз көркем жазамыз»

Шарты:  Дайын үлгіні бастырып жазады.

Тіл ұстарту жаттығуы: 

Қыр-қыр-қыр,

Көкжал қасқыр.

Қу-қу-қу

Жүзеді аққу.

5-ойын: «Дәмді пицца»

Шарты: Өтілген әріптерге байланысты суреттерді топтастырады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Сендер бүгінгі ойындарды жақсы ойнадыңдар.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *