Шаршы, шеңбер, үшбұрыш

Ильяшева Лайла Берденбаевна

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
ІІ кіші «Балапан» тобы
Күні: 06.01.21.
Тәрбиешінің аты-жөні: Ильяшева Л.Б
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «Шаршы, шеңбер,үшбұрыш»
Үш тілділік : дөңгелек – круг -circle , шаршы- квадрат – square, ұшбұрыш- треугольник – triangle
Сөздік жұмыс: дөңгелек, үшбұрыш, шаршы.
Көрнекіліктер: геометриялық пішіндердің суреттері ,әр балаға картоннан қиылған шаршы, үшбұрыш және дөңгелек.
Күтілетін нәтиже:
Қайталайды: пішіндерді ажырата біледі
Түсінеді: тапсырманы кезеңімен жапсырып орындау жолдарын;
Қолданады: ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын.
Ұйымдастырлған оқу қызметінің өткізілу барысы:
1.Ұйымдастыру-қозғаушы қызметі. Түрі.
Мақсаты : Балалардың сөйлеу дағдысын, есте сақтау қабілетін дамыту;
Шаттық шеңбері :
Біздің бала бақшамыз,
Біз әдепті баламыз.
Амандсып аламыз.
Қайырлы таң!
Доброе утро!
Good morning!
2.Ұйымдастыру – іздестіру.
Мақсаты : Геометриялық пішіндер туралы білімдерін толықтыру,оларды ажыратып атай білуге,1-ден 5-ке дейін санауды үйрету.
Кіріспе .Әңгімелесу :
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Ауа райы қандай?
-Қыста аспаннан не жауады?
-Қыс айларында кар калай жауыды?
-Қардың түсі қандай?
-Балалар бүгін оқу қызметімізде геометриялық пішіндермен танысамыз.
Алдымен бәріміз тақтаға назар аударамыз.
-Мынау қандай пішін?
Түсі қандай?
-Қандай үшбұрыш пішінді заттар бар?
-Үшбұрыштын неше бұрышы бар?
-Мынау қандай пішін?
Түсі қандай?
Дұрыс айтасыңдар шаршы екен.Шаршының бұрыштарын санайықшы?
-Мынау қай пішін түрі?
Түсі қандай?
Балалар геометриялық пішіндер туралы тақпақтар айтайық?
Мен үшбұрыш,
үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар,
Мен шатырға ұқсаймын.

Мен шеңбермін бұрыштарым жоқ,
Мен күнге ұқсаймын.

Мен шаршымын төрт жағым бар,
Төрт жағым бірдей ,
Мен тереземін төрт бұрыш.
Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Шыға келді он саусақ.
Үш тілділік : дөңгелек – круг -circle , шаршы- квадрат – square, ұшбұрыш- треугольник – triangle
Сөздік жұмыс: дөңгелек, үшбұрыш, шаршы.
– Балалар геометриялық пішіндерді тағыда қайталап жіберейік.
Осы геометриялық пішіндерді ауада салып көрейік.
Балалар мына доп қандай пішінге ұқсайды?
Ал, балалар допты санайықшы?
Жарайсыңдар балалар!
Дұрыс санадыңдар.Өте жақсы.
«Қай пішін жоқ?» дидактикалық ойын.
Шарты: геометриялық пішіндердің қайсысы жоқ екенін ата.
3.Рефлексивті – түзетушілік.
Мақсаты: Пішіндерді қызығушылықтарын артыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Балалар бүгін қандай геометриялық пішіндермен таныстық?
Үшбұрыштың қанша бұрышы бар?
Шеңбердің бұрышы бар ма?
Сұрақ- жауап арқылы оқу қызметін қортындылау.
Балаларды мадақтау.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *