Қорқыт ата нақыл сөздері

Қорқыт ата нақыл сөздері

Қорқыт ата нақыл сөздерінің көпшілігі адамгершілікке негізделген.Адам өзінің адамилық қасиетін жоғалтпау керек.Адам үшін ең қауіптісі адамилықты жоғалту.Қорқыт өзінің нақыл сөздерінде адам өз өмірін сүйе білу керек өмірді сүйген адам ғана өз ұрпағын ғана жақсы тәрбиелей алады деп ұғындырды.Әр адам өз ұрпағына адамгершілік пен адалдық қасиетті ұғындыру керек.

Қорқыт ата өзінің ел-жұртына тағы мынадай өсиет айтқан: «Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Кавказ арғымағын мінгізуден келер пайда жоқ. Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп серп етпе. Жер қадірін ел біледі, ер қадірін ел біледі. Құлын құдыққа түссе құрбақа құлағында ойнайды. Көп қорқытады, терең батырады. Қыз анадан көрмейінше үлгі алмас, ұл атадан көрмейінше үгіт алмас. Ежелгі жау ел болмас, ескі мақта жіп болмас, қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөптің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды қумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы. Адам қанша қажетсінгенімен, ол өз үлесінен артық жей алмайды»

Қорқыт ата өзінің ұрпақтарының болашағын ойлаған қазақ халқының салт дәстүрін қонақжайлылығын үлкен алдында кішірейіп сөйлеу керек екенін болашақ ұрпақтары ұмыттырмау үшін бірнеше нақыл сөз өсиет қалдырып кеткен мысалға

Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас”, “Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес”, “Ата малынан не пайда, баста дәулет болмаса”. Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады”.

  • Мен мақал деп осы уақытқа дейін оқып біліп келгендерім Қорқыт ата нақыл сөздері екеніне қатты таңқалдым.Әр нақыл сөзінің астарында үлкен мән жатыр.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *